Сайт Өрлеу

ЖАҢАРТЫЛҒАН ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ – БҮГІНГІ БІЛІМНІҢ ЖАРШЫСЫ

ЖАҢАРТЫЛҒАН ОҚУ  БАҒДАРЛАМАСЫ –  БҮГІНГІ  БІЛІМНІҢ  ЖАРШЫСЫ

ЖАҢАРТЫЛҒАН ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ – БҮГІНГІ БІЛІМНІҢ ЖАРШЫСЫ

Еліміздегі білім беру саласы жаңа жүйеге көшу барысында ұлтымыздың  болашағына тірек болар азаматтардың білім деңгейі жоғары, ой өрісі дамыған, өз ойын еркін жеткізе алатын, туындаған мәселелерді шеше білетін және шынайы өмірге бейім жаңашыл ұрпақ тәрбиелеуді басты фактор ретінде қарастырып отыр. Сонымен қатар, мемлекеттік тілдің зор әлеуетін сезіну міндеттілік деп танылып, ұлтаралық келісім кепілі ретінде әрбір білім алушы оны құрметтеуі парыз.

SONY DSC

Қазақстан Республикасында білім мазмұнын жаңарту бағдарламасына сәйкес  «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Астана қаласы бойынша филиалының оқытушы-тренерлері облыс педагогтеріне үздіксіз білім беріп, білімдегі жаңалықтарды айшықтап беруде бар күш-жігерлерін салуда.

SONY DSC

Астана қаласындағы орыс мектептеріндегі қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері наурыз айынан бастап, «Қазақстан Республикасы орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында орыс сыныптарында қазақ тілін оқыту» бағдарламасы бойынша мұғалімдер біліктіліктерін арттыруда. Біз, 18.07. – 12.08.2016 ж. аралығында Карагозина Марал Ілиясқызының жетекшілігімен 1 ай көлемінде қазақ тілін жаңа мазмұнда оқыту бойынша дәріс-тренингтер тыңдап, көптеген оқу стратегияларын, тілді үйретудің әдіс-тәсілдерін, алған білімдерін  тәжірибеде қолдана білудің егжей-тегжейін үйрендік. Сонымен қатар, бұл курста  білім мазмұнын бағалаудың ерекшеліктеріне де назар аудардық…

Безымянный-1

Курстан алған әсеріміз өте көп. Біз үшін осы күндер көзді ашып-жұмғандай тез өтті. Осы ретте қазақтың «Ақылды көп жасағаннан сұрама, көп білгеннен сұра» деген жақсы бір сөзі ойыма оралып отыр.  Біздің білімге деген ықыласымызды оятып, дәріс берген тренеріміз Абзалбек Лаура Сапарқызына алғысымыз шексіз. Көңіл қойып, ой түйетін маңызды сәттер ерекше:  шиыршықты оқытудың мазмұны, жаңа бағдарлама бойынша әр сабаққа қысқа мерзімді жоспар құрастыру, аудармасыз оқытудың тәсілдері, төрт дағды бойынша (айтылым, тыңдалым, жазылым, оқылым) оқып үйренген білікті тренинг біздің педагогикалық  білімімізді  тереңдете түсті. Білім алудан еш жалықпадық. Өзге ұлттың баласы неге қазақ тілін білмейді деген сауалдың жауабын ұстазымыздың «Мұғалім өзіне де, оқушыға да талап қоя білгенде ғана білімде сапа болады», — деген пікірінен тапқандаймыз….

Курс қазақ тілі пән мұғалімдеріне не берді? Курстан күтілген нәтиже қандай? Осы сұрақтарға жауап іздесек, ұстаздардың берер жаубы: бұл курстан қазақ тілі пән мұғалімдері өздеріне қажетті мол рухани байлық ала алды, теория  түрінде де,тәжірибе түрінде де өздеріне қажетті өте мол қор жинады деп ойлаймыз. Ұстаздардың курстан күткен нәтиже осы еді. Мұндай ұстаздардың біліктіліктерін арттыру курстары жиі өткізіліп отырса, нұр үстіне нұр болар еді.

Астана қаласы № 1  МЛ мұғалімі Кулькаева Г.Б.

Астана қаласы № 36  МЛ мұғалімі Маканова Б.С.

« 1 из 2 »