Сайт Өрлеу

«Мәңгілік Ел» идеясы –болашаққа серпінді қадам

«Мәңгілік Ел» идеясы –болашаққа серпінді қадам

«Мәңгілік ел» идеясы — халықтың тұрмыс-тіршілігін жақсартып, бірлікке жетелейтін, Қазақ елін дамудың жаңа биігіне көтеретін серпінді қадам. Мәңгілік елге айналу үшін тәуелсіздікті сақтап, елдігімізді нығайту басты мақсат болып табылады. Қазақстанды жарқын болашаққа жетелейтін жастарымыз бабаларымыз аңсап өткен тәуелсіздіктің туын жықпай, желбірете білулері тиіс. Өйткені, бабаларымыздың ұланбайтақ жерін қалай қорғағанын, бостандықты қалай аңсап-қадірлегенін білеміз. Жастар сондай текті бабалардың ұрпағы екендіктерін сезініп, осы «тәуелсіздік», «мәңгілік ел» ұғымдарын саналарына сіңіріп, қастерлеуге міндетті. Тәуелсіздіктің тұрақтылығы мен мәңгілігі қазіргі ұрпақтың оны түйсініп, түсінуінде жатыр. Осындай қасиетті ұғымның мәнін жете ұғынып, бағасын біліп, зердесіне сіңіру қазіргі ұрпаққа жүктелер үлкен міндет болып табылады.

Жаңарудың, өміршеңдіктің негізі жастарда. Бұл үшін жастар тәлім-тәрбие мен ғылымға баса мән беріп, біліммен мықтап қарулануы қажет. Елдің экономикалық, рухани жағдайының дамып, өркендеуі, ұлттың бәсекеге қабілеттілігін арттыру елдің білім деңгейімен де тығыз байланысты. «Мәңгілік ел» идеясын жүзеге асырып, одан әрі дамытатын жастар болғандықтан олар ең алдымен білімді, ұлттық құндылықтар мен заманауи игіліктерді өз бойына біріктіріп, ұштастыра білген, өз елінің нағыз жанашыр азаматтары ретінде қалыптасуға талпынуы керек. Осы бағытта өскелең ұрпақты тәрбиелеп, сапалы білім берумен қатар «Мәңілік Ел» идеясын ұрпақ санасына сіңіріп, оның құндылығын дәріптеу бойынша білім беру ұйымдарында елеулі жұмыстар жүргізілуде. Осыған орай «Өрлеу» БАҰО АҚ ПҚ БАИ жанынан шығатын «Білімдегі жаңалықтар» журналы да педагогтар қауымымен тығыз жұмыс істей отырып, журнал беттерінде «Мәңгілік Ел» тақырыбына қалам тартқан педагог қызметкерлердің мақалаларын үзбей жариялап тұрады. Бұл қазіргі таңда қалың педагогтар қауымына «Мәңгілік Ел» идеясының құндылығын жеткізудегі «Білімдегі жаңалықтар» журналының басты міндеттерінің бірі.

Бегалина О.А.,

«Өрлеу» БАҰО АҚ Астана қаласы

 бойынша ПҚ БАИ

Добавить комментарий