Өрлеу сайты

«Білімдегі жаңалықтар» ақпараттық-әдістемелік журналы

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАНДАР!

«Білімдегі жаңалықтар» ақпараттық-әдістемелік журналы «Өрлеу» БАҰО  АҚ филиалы Астана қаласы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының арнайы шығарылымы болып табылады. Журналдың тоқсанына бір рет шығарылады.

Баспаның негізгі мақсаты – ҚР білім беру жүйесінің өзекті мәселелерін айқындайтын ақпараттық-әдістемелік, ғылыми мақалаларды, педагогикалық ұжымның және оқу орындары қызметкерлерінің жұмыс тәжірибесі, бәсекеге қабілетті мамандарды дайындау бойынша әлеуметтік серіктестіктермен бірге жұмыс туралы, әлем мемлекеттеріндегі білім беру жүйесінің даму жағдайы туралы материалдар жариялау. Журнал беттерінде ҚР Білім және ғылым министрлігі бекіткен нормативті-құқықтық құжаттар және басқа да білім беру мекемелерінде  өңделген оқу-әдістемелік, ақпараттық-аналитикалық материалдар, шетелде білім беру жүйесін дамыту туралы жұмыстар жарияланады.

Ақпараттық-әдістемелік журналдың Қосымшасында қаланың барлық мекемелері педагогтарының сабақ жоспарлары және сабақтан тыс іс-шаралары ай сайын жарияланады.

«Білімдегі жаңалықтар» журналы мен журнал Қосымшасына қазіргі уақытта 2016 жылға жазылым жүріп жатқандығын хабарлаймыз. Журнал Қосымшасында сабақ үлгілері, сыныптан тыс іс-шаралар, балабақшада өткізілетін оқу іс-әрекеттері жарияланады. Педагог қызметкерлер қазіргі озық үлгідегі білім берудің әдіс-тәсілдерін, жаңа технологияларды өз тәжірибелерінде қолданып, оның нәтижелігін, икемділігін, өз ойларын басылымдар арқылы жариялап, жаңашылдыққа ұмтылулары құптарлық іс.

«Білімдегі жаңалықтар» журналы тоқсанына 1 рет шығады, жазылым индексі: 75584.

Журнал Қосымшасы айына 1 рет шығады, жазылым индексі: 74804

Мақала немесе сабақ үлгісі автордың «Білімдегі жаңалықтар» журналына және қосымшасына жылдық, жартыжылдық жазылым жөніндегі түбіртегімен қоса берілген жағдайда қабылданады. Материалдар мен жазылым жөніндегі сканерленген түбіртек [email protected] эл. поштасына жіберілсін.

Жазылым «Қазпошта» АҚ бөлімшелері арқылы жүргізілуде.

Редакция мекен-жайы: Астана қаласы

Орынбор көшесі, 18

Телефон: 8 (7172) 487685