2018 жылдың 27 ақпанында Астана қ. «№ 47 балабақша-мектеп-гимназиясы» кешенінде білім беру мазмұнын жаңарту аясында оқу процесін жоспарлау мәселелері бойынша мұғалімдердің әдістемелік құзыреттілігін жетілдіру мақсатында Астана қаласының мектеп мұғалімдері мен техникалық және кәсіби білім беру оқытушыларына арналған «Сабақты тиімді жоспарлау — мұғалім мен оқушы жетістігінің кілті» тақырыбында тәжірибелік семинары өтті.
Семинарда білім беру мазмұнын жаңартудың өзекті мәселелері талқыланды:
- орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы жоспарлаудың ерекшеліктері: мәселелері, шешу жолдары;
- тиімді жоспарлаудың бағалау өлшемдері мен жоспарлау талаптары;
- сабақ кезеңдерін тиімді жоспарлау мәселелері бойынша мұғалімдердің тәжірибелері.
Семинар жұмысына білім беру ұйымдарының 60 педагогі қатысты. «Оқушылардың жеке траекториясын, сабақтың дамушы ортасын жобалау және психологиялық-педагогикалық қолдау әдістемесі» мәселесі бойынша ИДӘҚЕ бөлімінің бастығы А.Т.Кусаинова сөз сөйледі.
Астана қ. Халықаралық мектептің мұғалімі Г.И.Логунова «Халықаралық стандарттарды ескере отырып, оқу процесін жоспарлаудың жаңа тәсілдері» мәселесін ашты.
Семинар барысында 4 алаң жұмыс жасады:
№1 алаң. «Сабақтың мотивациялық-мақсаттық кезеңін жоспарлау, тәсілдер, шешу жолдары», № 3 МГ, № 2 МГ бастауыш сынып мұғалімдері Т.Е.Курмашева, А.С.Лещев.
№ 2 алаң. «Оқытудың тиімді әдісі ретінде зерттеуді оқыту, ұйымдастыру және жоспарлау», Астана қ. Халықаралық мектептің мұғалімі Г.И.Логунова.
№ 3 алаң. «Қойылған мақсаттарға жету дидактикалық құралдарын анықтау ретінде ұйымдастырылған формалары және белсенді оқыту әдістері» № 3 МГ бастауыш сынып мұғалімі Ж.К.Жағапарова.
№ 4 алаң. «Алаң. Сабақтың рефлексиялық-бағалау кезеңі», № 47 МГ бастауыш сынып мұғалімдері С.А.Майжак, Н.В.Глущенко.
ББП ППҚ кафедрасының аға оқытушысы Л.Я.Пырлик «Білім беру процесін жоспарлау мен ұйымдастырудың жаңа тәсілдері: белсенді формалары, зерттеудің әдістері мен құралдары» тақырыбының мазмұнын толық ашып берді. ББП ППҚ кафедрасының аға оқытушылары Л.Я.Пырлик пен Н.Н.Вагапова әзірлеген «Бастауыш сынып пәндері бойынша қысқа мерзімді жоспарлау» жинағының тұсаукесері өтті.
Семинар барысында қала педагогтері білім беру мазмұнын жаңарту аясында білім беру процесін жоспарлау және ұйымдастыру мәселелері бойынша тәжірибелерімен бөлісті.