2018 жылғы 20-21 ақпанда педагогика ғылымдарының кандидаты «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Астана қаласы бойынша ПҚ БАИ ББП ППҚ кафедрасының аға оқытушысы, К.К. Ахметова Новосібір қаласында музей педагогикасы бойынша «Особенности школьного музея как социального пространства для разных категорий посетителей: детей младшего и среднего возраста, подростков, пожилых людей и пенсионеров, людей с ограниченными и особыми возможностями» тақырыбында өткен XIV халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысты. Арнайы шақырту халықаралық ынтымақтастық шеңберінде Новосібір облысы ҚКБ ДММ (қосымша кәсіптік білім беру дербес мемлекеттік мекемесі) «Новосібір біліктілікті арттыру және білім беру қызметкерлерін қайта даярлау институты» тарапынан болды. Аталмыш шараға ғалымдар, музей қызметкерлері, қосымша білім беру педагогтері, білім беру ұйымдарының басшылары қатысты.
Конференцияға қатысушылардың пленарлық баяндамаларының мазмұнында мұражай кеңістігінің әлеуметтік-мәдени аспектісі құрылып, негізгі бағыттары мен музейлік-педагогикалық жобалауды ұйымдастыру принциптері қаралған. Конференцияның екінші күні институтта орналасқан Новосібір қаласы және Новосібір облыстық Білім беруді дамыту тарихы музейінде өтті. Музей көрмесінде Новосібір өңірінің білім беру ұйымдарының музейлік жобалары көрсетілді. Новосібір қаласындағы Академиялық қалашықтың физика-математикалық мектебі музейінің экспозициялары қойылған көрме ұйымдастырылды, сондай-ақ, конференцияға қатысушылар А. С.Пушкин атындағы педагогикалық лицей мен Новосібір қаласы №3 орта мектеп мұражайларына барып, іс-тәжірибелерімен танысты.
К.К.Ахметова «Туған өлкенің мектеп тарихынан – ел тарихына дейін» тақырыбындағы өз баяндамасында Қазақстан Республикасы Астана қаласының білім беру ұйымдары музейлерінің іс-тәжірибесіне тоқталып, атап айтқанда елордалық №40 орта мектеп, №№4,17 мектеп-гимназия, Гуманитарлық, Көлік және коммуникация колледждері мұражайларының жұмыс тәжірибелері туралы баяндады. Кең көлемді баяндама мазмұнында музей ісі кеңістігінде қолға алынатын тәрбие, білім беру аспектісіне баса назар аударылып, онда адамгершілік-рухани тұлғаны дамытуда бәсекеге қабілетті азамат, нағыз патриот тәрбиелеуде жасалып жатқан жұмыстар барысы қамтылған. Ынтымақтастық байланысты орнату мақсатында қалалық білім беру ұйымдарының байланыс деректері көрсетілген визиттік сүйемелдеу баяндамаға қоса тіркелді.