Өрлеу сайты

«Рухани жаңғыру: тұлғаны адамгершілікке тәрбиелеу – заман талабы» тақырыбында кластер бойынша семинар

«Рухани жаңғыру: тұлғаны адамгершілікке тәрбиелеу – заман талабы» тақырыбында кластер бойынша семинар

2018 жылдың 24 қаңтарында «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бойынша пилоттық ұйым №29 «Аққайың» балабақшасында «Рухани жаңғыру: тұлғаны адамгершілікке тәрбиелеу – заман талабы» тақырыбы бойыншакластерлік семинар өтті.

Семинар жұмысына «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Астана қаласы бойынша ПҚ БАИ «Өзін-өзі тану» РАББ тренерлері Н.А.Клименко, Г.К.Даулетбаева, Халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі С.Г.Хожамуратова, МД бөлімнің әдіскері Ә.Әділбайқызы, сонымен қатар қала балабақшалырының меңгерушілері мен әдіскерлері қатысты.

Балабақша меңгерушісі Л.М.Рахимжанова семинарға қатысушыларды аталған тақырып бойынша педагогикалық ұжым жұмысымен таныстырды. С.Г.Хожамуратова рухани жаңғырудың негізгі бағыттарына түсініктеме бере отырып, жалпыадамзаттық құндылықтарымен ұштастыра білді. Г.К.Даулетбаева өз баяндамасында рухани — азаматтық тәрбиенің өлшемдік көрсеткіштерін атап өтті. Семинар «Біз Отанымыздың ұланымыз» флешмобымен аяқталды.