2017 жылдың 19 қазанында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Астана қаласы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында ғылыми-әдістемелік басылымдарды сараптау бойынша Сараптама кеңесінің кезекті отырысы өтті.
Сараптама кеңесінің мүшелері 2017 жылға арналған «Өрлеу» БАҰО» АҚ әдістемелік басылымдарды әзірлеудің тақырыптық жоспарына сәйкес «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Астана қаласы бойынша ПҚ БАИ білім беру процесін психологиялық-педагогикалық қолдау кафедрасының аға оқытушылары, білім беру мазмұнын жаңарту бағдарламасы бойынша тренерлері Л.Я.Пырлик, Н.Н.Вагапова дайындаған «Краткосрочное планирование по предметам начальных классов» әдістемелік ұсыныстарын қарады.
Сараптау комиссиясының мүшелері әдістемелік басылымның құрастырушыларын, сонымен қатар «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Астана қаласы бойынша ПҚ БАИ білім беру мазмұнын жаңарту бағдарламасы бойынша сарапшы-тренер В.И.Нурмаганбетованы тыңдады.
Ұсыныстарда бастауыш мектептерде сабақты жоспарлау ерекшеліктері мен қысқа мерзімді жоспар құрылымы ашылады, белсенді оқыту стратегияларын енгізу, тапсырмаларын құрастыру және әртүрлі ресурстарды іске қосудың сараланған тәсілдері сипатталады.
Әдістеме қосымшасында рефлексия мен кері байланыс әдіс-тәсілдері, педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру курстары барысында бастауыш сынып мұғалімдері әзірлеген бастауыш мектептің пәндері бойынша қысқа мерзімді сабақ жоспарларының үлгілік нұсқалары және шағын топтарға бөлу тәсілдері ұсынылады. Бұл жұмыс мұғалімдерге, ата-аналарға және басқа да қызығушылық танытушы тұлғаларға арналады.