2017 жылдың 17 наурызында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалының Астана қаласы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында «Өзін-өзі тану» пәні мұғалімінің кәсіби дамуындағы жаңа амалдар» тақырыбында Республикалық форсайт-сессия өтті.
Сессия жұмысы үш бағытта өткізілді.
«Өзін-өзі тану мұғалімнің кәсіби құзыреттілігін дамыту жолдары» бағыты бойынша:
«Өзін-өзі тану» пәні мұғалімінің адамгершілік-рухани білім берудегі рөлі» тақырыбында №22 МГ «Өзін-өзі тану» АРББ және тәрбие жұмысы жөніндегі директордың орынбасары Столярова Татьяна Михайловна, «Өзін-өзі тану» пәні мұғалімдерінің кәсіби дамуы» тақырыбында №59 МЛ «Өзін-өзі тану» АРББ және тәрбие жұмысы жөніндегі директордың орынбасары Барменова Анар Зеиновна, «Біліктілікті арттыру жүйесі жағдайында педагогтің кәсіби дамуын ғылыми-әдістемелік қолдау» тақырыбында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалының Жамбыл облысы бойынша ПҚ БАИ «Өзін-өзі тану» АРББ тренерлері Кулен Фарида Жумабекқызы мен Абдикеримова Назира Жорабекқызы сөз алды.
«Мұғалім, рух сұлулығына жол көрсет!» Сидорова Елена Николаевна, Солтүстік Қазақстан облысы, Айыртау ауданы, №2 Саумалкөл мектеп-гимназиясының «Өзін-өзі тану» пәні мұғалімі, «Өзін-өзі тану» мұғалімінің кәсіби құзыреттілігін қалыптастырудағы жаңа бағыттар» тақырыбында Абдраимова Асем Бауржановна, «Өрлеу» БАҰО» АҚ Ақмола облысы бойынша филиалы ПҚ БАИ АРББ тренері, «Өзін-өзі тану оқытушының кәсіби траекториясы студент жастардың құндылық бағдарлары қалыптастыру факторы ретінде» тақырыбында Астана қаласы, Гуманитарлық колледждің педагогика және психология кафедрасының оқытушысы Таукен Жанар Елюбаевна сөз сөйледі.
«Өзін-өзі тану мұғалімінің кәсіби дамуын бағалаудың заманауи тәсілдері» екінші бағыт бойынша: «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалының Астана қаласы бойынша ПҚ БАИ директорының орынбасары Чокушева Әлия Иагалиқызы сөз алып, «Біліктілікті арттыру жүйесіндегі өзін-өзі тану мұғалімінің кәсіби дамуының мониторингі» тақырыбында баяндады.
«Бөбек» ҰҒПББСО адамның үйлесімді дамуы институтының директоры Калачева Ирина Владимировна, «Өзін-өзі тану сабағының сапасы — мұғалімдердің кәсіби деңгейінің көрсеткіші» тақырыбын ұсынды.
«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалының Маңғыстау облысы бойынша ПҚ БАИ АРББ тренері «Біліктілікті арттыру курстарының педагогтің кәсіби дамуындағы рөлі» тақырыбында Караева Ботагоз Мухамбетовна баяндады.
«Біліктілікті арттыру жүйесі жағдайында педагогтің кәсіби дамуын ғылыми-әдістемелік сүйемелдеу» үшінші бағыт бойынша:
«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалының Павлодар облысы бойынша ПҚ БАИ «Өзін-өзі тану» АРББ тренері, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Ашимбетова Роза Дуйсеновна «Өзін-өзі тану мұғалімнің кәсіби дамуы туралы ой толғау» тақырыбында сөз алған болса, «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалының Қарағанды облысы бойынша ПҚ БАИ «Өзін-өзі тану» АРББ тренері Кантарбаева Жанар Ерденовна «Өзін-өзі тану» АРББ бағдарламасы бойынша мұғалімдердің үздіксіз кәсіби дамуы әдістемелік десант құралы ретінде» тақырыбында баяндады.
Форсайт-сессия нәтижелері бойынша ұсынымдар әзірленді.