Өрлеу сайты

1 — Еуразиялық Халықаралық «Eurasian Book Fair-2016» кітап көрме-жәрмеңкесі

1 — Еуразиялық Халықаралық «Eurasian Book Fair-2016» кітап көрме-жәрмеңкесі

1 — Еуразиялық Халықаралық «Eurasian Book Fair-2016» кітап көрме-жәрмеңкесі

2016 жылдың 9-қарашасында Астана қаласының «Көрме» орталығында 1 — Еуразиялық халықаралық «Eurasian Book Fair-2016» кітап көрме-жәрмеңкесінің ресми түрде ашылу салтанаты өтті. Аталған көрмеге «Өрлеу» БАҰО АҚФ Астана қаласы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтынан «Өзін-өзі тану» РАББ тренерлері Г. К. Даулетбаева, Н.А. Клименко қатысты.

Көрмені ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің ресми қолдауымен «Фолиант» баспасы (Қазақстан, Астана), ҚР Білім және ғылым министрлігі, Астана қаласының әкімдігі, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті ұйымдастырған. Көрме бағдарламасында балалар мен жасөспірімдерге арналған кітаптардың презентациясы, авторлық кездесулер,

оқыту семинарлары, ойын-сауық бағдарламалары қарастырылған.

«Eurasian Book Fair – 2016» кітап көрме-жәрмеңкесінің негізгі мақсаты мен міндеттері:

  • мәдениет, әдебиет және Еуразиялық кеңістіктегі мемлекеттердің әр түрлі саласындағы кітап шығару жетістіктерін демонстрациялау;
  • рухани-адамгершілік ағарту, білім беру және мәдениет саласындағы халықаралық мәдени, іскерлік байланыстарды дамыту және мемлекеттік белсенді ынтымақтастық, қоғамдық және кәсіпкерлік құрылымдарды нығайту;
  • кітапты насихаттау, қолдау, дамыту және оқуды насихаттау, оқу мәдениетін қалыптастыру;
  • тиімді ақпарат алмасу бойынша оқырман сұранысын анықтау, перспективалық міндеттерді басып шығару және кітап өнімдерін тарату;
  • әлеуетті оқырмандарға және тұтынушыларға жетекші баспалардың ең үздік заманауи кітап өнімдерінің ассортиментін, кітап шығару және полиграфия саласындағы жаңа технологиялармен таныстыру;
  • баспалардың, авторлардың, мәдениет және білім беру мекемелерінің кітап сатумен айналысатын ұйымдардың және полиграфиялық компаниялардың ақпараттық, шығармашылық және іскерлік ынтымақтастығын нығайту және кеңейту;

әлемдік баспа индустриясының арасындағы тәжірибесін зерттеу, кітап баспаларының және полиграфиялық материалдар мен жабдықтарды жеткізушілермен байланыстарды орнату.