Өрлеу сайты

«Жүректен жүрекке»

«Жүректен жүрекке»

«Жүректен жүрекке»

«Өрлеу» БАҰО АҚ филиалының Астана қаласы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында «Өзін өзі тану» рухани-адамгершілік бағдарламасы бойынша үш кезеңнен тұратын «Сабақтағы жалпыадамзаттық құндылықтар» тақырыбында біліктілікті арттырудың деңгейлік курсы аяқталды.

Аталған курстың «Жүректен жүрекке» үшінші кезеңін өту барысында әр тыңдаушы жалпыадамзаттық құндылықтар бойынша әңгіме-сабақ өткізді және Астана қаласының №59 мектеп-лицейінің 6, 7-сыныптарымен жалпыадамзаттық құндылықтарды біріктірудің топтық шығармашылық қызметін (сахналық қойылым) ұйымдастырды.

Тыңдаушылардың қорытынды бағалау жұмысы төмендегі критерийлер бойынша жүргізілді:

  1. «Құндылықтар практикасы» екінші кезеңінде дайындалған портфолио мазмұнының презентациялары.
  2. Біліктілік емтиханының нәтижелері.

Педагогтер қоғамдағы адамгершілік және рухани жаңғыртудың маңыздылығын ұғынып, біліктілік емтиханында асқан жауапкершілік танытты.

Пікір қосу