Өрлеу сайты

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

АҚПАРАТТЫҚ  ХАТ

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

Құрметті әріптестер!
 

«Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының филиалы Астана қаласы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты «Мәңгілік Ел» Ұлттық идеясы негізінде қоғамдық-гуманитарлық білім беру мазмұнын жаңарту мәселелері» тақырыбында 2016 жылдың 30 мамыр күні республикалық ғылыми-тәжірибелік on-linе семинарын өткізеді.
Семинардың мақсаты: «Мәңгілік Ел» Ұлттық идеясы негізінде қоғамдық-гуманитарлық білім беру мазмұнын жаңарту және «Мәңгілік Ел» Ұлттық идеясын оқу-тәрбие процесінде жүзеге асыру мәселелері бойынша педагог ғалымдар мен тәжірибелі мұғалімдердің пікір алмасуына жағдай жасау.
Семинар жұмысының бағыттары:

  1. «Мәңгілік Ел» Ұлттық идеясы: мән-мағынасы мен негізгі ұғымдар.
  2. Орта білім беру мазмұнын жаңарту бағыттары мен принциптері.
  3. Қоғамдық-гуманитарлық білім беру мазмұнын жаңартуда «Мәңгілік Ел» Ұлттық идеясының көрініс табуы.
  4. «Мәңгілік Ел» Ұлттық идеясын қоғамдық-гуманитарлық пәндерді оқыту үдерісінде жүзеге асыру барысы, проблемалары, шешу жолдары.

Семинар жұмысына педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институттарының қоғамдық-гуманитарлық пәндерді оқытушылар мен бөлім қызметкерлері, облыстық және Астана, Алматы қалалары Білім басқарамаларының қоғамдық-гуманитарлық пәндерді оқытуға жетекшілік жасайтын әдіскерлері, әдістемелік бірлестік жетекшілері, мектеп мұғалімдері мен колледж оқытушылары шақырылады.
Семинардың өтілу мерзімі: 2016 жылғы 30 мамыр, сағат 11.00 (Астана уақытымен),  http://orleuastana.kz/ сайты, online.ripkso.kz/astana бөлмесінде.
Семинар қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі.
Семинарға қатысу үшін 2016 жылдың 27 мамырға дейін өтініш пен баяндама тезистерін жіберу сұралады.
Семинар материалдарын электронды жинақ түрінде шығару көзделеді.
Семинар материалдары http://orleuastana.kz/  сайтында жарияланады.
Семинар жұмысына қатысушылардың барлығына сертификат жіберіледі.
 
Материалдарды рәсімдеуге қойылатын талаптар
Материалдар электронды түрде қабылданады: баяндама мәтіні 5 беттен аспауы тиіс; мәтін редакторы MS WORD; А4 форматы, негізгі шрифт Times New Roman; кегль – 14, жоларалық интервал – 1; стиль – қалыпты; мәтінді ені бойынша түзету; жаңа жол шегінісі – 1,0 см; барлық жиектері – 2 см. Баяндама тақырыбы алғашқы беттің жоғарғы жағының ортасынан – тасымалсыз, жартылай қалың жазба әріптерімен; одан әрі бір жолдан кейін ортасынан – автордың аты-жөні (бір баяндамада үш автордан көп болмауы тиіс), ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы (студенттер, магистранттар, докторанттар үшін көрсету міндетті); одан әрі бір жолдан кейін қызметі, қызмет орны, қаласы, автордың е-mail; одан әрі бір жолдан кейін – мақала мәтіні. Әдебиетке сілтемелер тік жақшаға алынады. Пайдаланылған әдебиеттер тізімінің болуы міндетті. Беттер нөмірленбейді.
Семинарға қатысу үшін ұйымдастыру комитетінің мекен-жайына төмендегі материалдарды жіберу керек:

  1. Семинарға қатысу өтінімі.
  2. Баяндама мәтіні (электронды нұсқада).

Өтінімнің үлгісі:
 

1 Аты-жөні (толық)
2 Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы
3 Қызмет орны
4 Баяндама тақырыбы
5 Семинар жұмысының бағыты
6 Семинарға қатысу түрі (тікелей, сырттай)
7 Байланыс телефондары
8 Электрондық поштасы (e-mail)

 

Ұйымдастыру комитетінің мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Орынбор көшесі, 18-үй.
Жауапты тұлғалар: Инновациялық дамуды әдістемелік қамтамасыз ету бөлімі:
Сайлыбаев Әкімжан Әбдіхалықұлы, Дүйсебаева Мира Жолманқызы.
Байланыс телефондары: (8-7172) 49-77-23, 8-707-310-01-96, 8-701-658-77-03.
Материалдар электрондық пошта арқылы жіберіледі: [email protected] (мемлекеттік тілде)
n.zhansulu@mail.ru (орыс тілінде).