Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Дін істері комитеті Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің дінтану кафедрасымен бірлесіп, 2016 жылдың 25 сәуірінде Астана қаласында «Қазақстандағы дінтану білімі мен ғылымының даму үдерісі және өзекті мәселелері» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция өткізді.
«Өрлеу» БАҰО АҚФ Астана қаласы бойынша ПҚ БАИ атынан конференция жұмысына ИДӘҚ бөлімінің бастығы, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Сайлыбаев А.А., ИДӘҚ бөлімінің бас маманы Дүйсебаева М.Ж. және «Өзін-өзі тану» РАББ бағдарламасының жаттықтырушысы Клименко Н.А. қатысты.
Конференцияда ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Дін істері комитетінің төрағасы Шойкин Г.Н., Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті «Дінтану» кафедрасының меңгерушісі тарих ғылымының докторы, профессор Муминов А.К., ҚР БҒМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институты «Дінтану» бөлімінің меңгерушісі Сатершинов Б.М., «Нұр-Мүбарак» Египет мәдениетінің Ислам университеті «Дінтану» кафедрасының меңгерушісі теология ғылымының докторы, профессор Ержан К.С. тағы басқа да ғалымдар баяндама жасады. Сонымен бірге конференцияға Дін істері басқармасының өкілдері, Астана қаласы жоғары оқу орындарының оқытушылары, орта мектептерінің «Зайырлылық және дінтану негіздері» пәнінің мұғалімдері, БАҚ өкілдері қатысты.
Жарыссөзде сөйлеген «Өрлеу» БАҰО АҚФ Астана қаласы бойынша ПҚ БАИ ИДӘҚ бөлімінің бастығы педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Сайлыбаев А.А. орта мектептің «Зайырлылық және дінтану негіздері» пәнін мамандармен қамтамасыз ету және мектепте сол пәнді жүргізіп жүрген мұғалімдердің біліктілігін арттыру мәселелерін қозғады. Мектепке кеңейтілген бағытта «Тарих және Дінтану» пәні мұғалімдерін даярлау, мұғалімдердің біліктілігін арттыруды кафедраның ОПҚ мен дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығы мамандарымен бірлесіп атқару туралы ұсыныс жасады.
Конференция жұмысы барысында дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығы жүргізген зерттеулер нәтижесінде анықталған мәселелер талқыланды.
Конференцияға қатысушылар Қазақстандағы дінтану білімінің мазмұнын жүйелеу және сапасын жақсарту мәселелерін, оқу-әдістемелік материалдарды дайындау, кәсіп бойынша мамандандыру, оқытушылардың біліктілігін арттыру мәселелерін талқылады.
Конференция жұмысының қорытындысы бойынша білім беру жүйесі мен мемлекеттік органдар қызметтеріне арналған дінтану білімі мен ғылымын жетілдіру мақсатында ұсынымдар қабылданды.
Қазақстандағы дінтану білімі мен ғылымының даму үдерісі және өзекті мәселелері
- Графикалық органайзерлермен таныстыру
- Планирование уроков русского языка
Пікір қосу
Пікір қалдыру үшін авторизция керек.