Өрлеу сайты

«АҚПАРАТТЫ САҚТАУ» тақырыбында филиал қызметкерлеріне арналған семинар

«АҚПАРАТТЫ САҚТАУ» тақырыбында филиал қызметкерлеріне арналған семинар

2016 жылдың 21 сәуірінде «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалының Астана қаласы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты АТ бөлімі ұйымдастыруымен филиал қызметкерлеріне арналған семинар өткізілді.

Алғысөз бен семинардың ашылуын «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Астана қаласы бойынша ПҚ БАИ директорының оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасары, (PhD) философия докторы — Чокушева Алия Иагалиевна бастады.

Ақпараттық технологиялар бөлімінің жетекші маманы Г.Б. Малдыбаева семинар қатысушыларын ақпараттық қауіпсіздік негіздерімен таныстырды. Гульнара Балтабаевна тыңдаушыларға ақпараттық қауіпсіздік ұғымының мәнін түсіндірді. Бүгінгі әлемде жалған ақпаратты таратып, тұлғалық айла-шарғы жасайтын, дәстүрлі рухани құндылықтарды жоятын және бөтен рухани құндылықтарды күштеп таңатын, сондай-ақ халықтың тарихи жадын бұрмалайтын «ақпараттық соғыс» термині бар. Атап айтқанда, оған осы уақытта лаңкестік акцияларда компьютерлік және ақпараттық технологиялар саласында ғылым мен техниканың соңғы жетістіктері қолданылатын, лаңкестік технологиялық нысандары деп аталатын кибертерроризмді жатқызуға болатынын атап өтті.

Семинардың негізгі тақырыбы орындауға жіберілетін немесе желіде басқа компьютерлерге қасақана зиян келтіретін, компьютерлік вирустар тұжырымдамасы болды.

Ақпараттық технологиялар бөлімінің бастығы Майкибаев Садвакас Курметович «Зоркий глаз», «Total Commander» және «Winrar» вирусқа қарсы жүйелерді қолдану арқылы USB-қорғаушыларда құжаттарды вирустан қорғау жолдарын, сонымен қатар әр түрлі плагин және БЖ көмегімен интернет ресурстарды қауіпсіз пайдалануды тәжірибелік шебер сыныпта көрсетті.

Пікір қосу