2016 жылдың 19 сәуірінде Қазақ гуманитарлық-заң университетінің гуманитарлық-заң колледжінде білім беру қызметкерлерінің II Республикалық педагогикалық оқуларының қалалық кезеңінің аясында «Техникалық және кәсіптік білім беру» мен «Жоғары білім беру» басым бағыттары бойынша ұсынылған жұмыстардың тұсаукесері және сараптамасы өтті.
Техникалық және кәсіптік білім беру бойынша баяндамалар мен жобалар тұсаукесерлері «Экономиканың индустриалдық-инновациялық дамуы жағдайында техникалық және кәсіби білім беру жүйесін жетілдіру» тақырыбында болды. Бұл бағыт бойынша Астана қаласының 7 техникалық және кәсіптік білім беру ұйымынан 17 педагог қатысып өз шеберліктерін көрсетті.
II Республикалық педагогикалық оқуларының аяқталуы
- Жазылым дағдыларын дамыту
- Обновление содержания среднего образования РК: начальные классы