2016 жылдың 1 сәуірінде «Өрлеу» БАҰО АҚФ Астана қаласы бойынша ПҚБАИ-да Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту аясында бастауыш сынып пәндері бойынша өтетін курстарға дайындық ретінде «Бастауыш білім беру мазмұнын жаңартуға жаңаша көзқарас» тақырыбында семинар өтті.
Семинар білім мазмұнындағы өзгерістер мен оқушы жетістігін бағалау әдістерін меңгеру мақсатында ұйымдастырылды.
Кафедраның аға оқытушысы Дюсембинова Бақыт Сериковна «Оқушыларды оқуға ынталандыруда ынтымақтастық атмосферасын құрудың тиімділігі» және сыни тұрғыдан ойлауды қалыптастыру тәсілдерімен таныстырды.
Карагозина Марал Ильясовна «миға шабуыл» әдісі арқылы оқыту үшін бағалау және оқуды бағалаудың айырмашылығын ашып түсіндірді.Сонымен қатар критерий арқылы бағалау жайлы да мағлұмат берді.
Тренерлер тыңдаушыларға бағалаудың қазіргі кезеңдегі оқу үрдісіндегі алатын орнын және нәтижеге жету тәсілін түсінуге көмектесті.