Өрлеу сайты

Ғалымдар мұғалімдерге!

Ғалымдар мұғалімдерге!

Ғалымдар мұғалімдерге!

Алатау ауылында 2016 жылдың 24-25 наурызында ядорлық физика Институты аясында физика пәні мұғалімдеріне арналған «Перспективы мирного использования атомной энергии в РК» атты тақырыпта республикалық семинар өткізілді.

Семинар «Өрлеу» Астана қаласы бойынша ПҚ БАИ біліктілікті арттыру жүйесі оқытушылары мен физика-ядорлық қару шығарушылар ынтымақтастығының нәтижесі болды.

1

Семинар мақсаттары:

  • физика пәні мұғалімдерінің біліктілігін арттыру үшін жаңа білім беретін, ғылыми-зерттеу және ақпараттық орта құру;
  • атомдық энергияны бейбіт ортада қолдануда физика пәні мұғалімдерін жаңа мағлұматтар және алдыңғы қатарлы технологиялармен таныстыру;
  • мектепте физика пәнін оқыту үдерісінде атомдық энергияны бейбіт ортада қолдануда жаңа мағлұматтарды қоса отырып өзекті сұрақтардың шешімін бірге іздестіру;
  • ҚР-да ядорлық-энергетика саласында болашақ мамандарды кәсіби даярлауға дейінгі инновациялық шарттар мақсатында ядорлық физика Институтының мұғалімдер біліктілігін арттыру жүйесі ұйымдарымен ынтымақтастық келешегі мен шарттарын талқылау.

2

Семинар қатысушыларын  ЯФИ бас директоры Сахиев С.К. қарсы алды.

3

4

Институт лабораторияларының меңгерушілері, жетекші ғалымдары Максимкин О.П., Чакрова Е.Т.,  Глущенко В.Н., Жаканбаев Е.А.. Керимкулов Ж.К, Накипов Д.А., Орешкин П.А., Бексултанов Ж.И., Полешко А.Н. іскерлік және игілікті жағдайда физика пәні мұғалімдерін ЯФИ-ның негізгі қондырғылары және ғылыми-техникалық бағдарламаларымен таныстырды.

6

Семинарда Астана, Алматы, Қарағанды, Павлодар, Теміртау қалаларының физиктері және Астана мен Алматы қалаларының физика пәні мұғалімдерінің біліктілігін арттыруда жетекшілік ететін «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалдарының өкілдері қатысты.

Семинар қатысушыларына ЯФИ бас директоры Сахиев С.К. сертификат табыстады.

Семинар материалдарын физика пәні мұғалімдерін және оқушыларды оқытуда қолдануға болады.