Өрлеу сайты

«Қазақстан Республикасы: тарихи даму тәжірибесі және тағлымы» атты ІІ Форум өтті

«Қазақстан Республикасы: тарихи даму тәжірибесі және тағлымы» атты ІІ Форум өтті

Астана қаласының білім беру ұйымдарының тарих, әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық және құқықтық пәндер оқытушылары мен мектеп мұғалімдері, Білім басқармасының әдіскерлері, ҚР Білім және ғылым министрлігі жанындағы Мемлекет тарихы институтының ғылыми қызметкерлері, Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері, ҚР Ұлттық музейінің қызметкерлері, Ұлттық кітапхана мен Қазақстан Республикасы Н.Ә.Назарбаев кітапханасының қызметкерлері, «Өрлеу» БАҰО» АҚФ Астана қаласы бойынша ПҚ БАИ мамандары, Астана қаласы әкімдігінің «Атамекен» Қазақстан картасы» этномемориалдық кешенінің мамандарының қатысуымен «Қазақстан Республикасы: тарихи даму тәжірибесі және тағлымы» атты ІІ Форум өтті.


Форум қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде төмендегідей бағытта жұмыс жасады:
1.Қазіргі қазақстандық қоғамның жетістіктері, мәселелері, болашақтағы даму жолы;
2.Дәстүрлі қазақ құқығынан тәуелсіз Қазақстанның Конституциясына дейін;
3.Ұлт көшбасшысының Қазақстан тәуелсіздігінің қалыптасуы мен нығаюындағы тарихи рөлі;
4.Қазақстан халықтар Ассамблеясы және бірлік, толеранттылық моделін қалыптастыру үлгісі;
5.Жоспарлы әкімшілік экономикадан Қазақстанның тәуелсіз экономикасына дейін;
6.Қазіргі қоғамдағы білім беру ұйымдарында тарих, әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық және құқықтық пәндерді оқыту ерекшеліктері мен инновациялық тәсілі;
7.Қазақстан — Еуразиялық интеграциялар орталығы;
8.Астана — бейбітшілік пен болашақ қаласы.
Аталған бағыттар бойынша- Қарасаев Ғани Мұқашұлы, т.ғ.д.,профессор, Мемлекет тарихы институтының ғылыми қызметкері, Нұрпейісов Еркеш Қалиұлы, заң ғ.д., Мусабалинова Гүлнар Төлуғазықызы тарих ғ.д., ЕҰУ профессоры, Қаудыров Төлеш Тілегенұлы заң ғ.д., ҚазГЗУ профессоры, Адилбекова Тоғжан Темірғалиқызы- ҚР Ұлттық Музейінің ғылыми қызметкері, Кушкумбаев Айболат Қайырслямұлы тарих ғ.д. профессор және «Өрлеу» БАҰО Астана қаласы бойынша ПҚ БАИ «Инновациялық дамуды әдістемелік қамтамасыз ету» бөлімінің бас маманы Дүйсебаева Мира Жолманқызы баяндама жасады.

3q2

«Мұғалімнің кәсіби дамуын педагогикалық-психологиялық қолдау » кафедрасының аға оқытушысы Клименко Наталья Александровнаның мақаласы және баяндамалар жинаққа шығарылды.
Форум аясында студенттер мен оқушылардың эссе және өлең жазу жұмыстарының сайысы өтзіліп, оған 42 эссе, 18 өлең қатысты. Ең үздік жұмыстар дипломдармен, сыйлықтармен марапатталды.