Өрлеу сайты

ПРОФЕССОР-ОҚЫТУШЫЛАР ҚҰРАМЫНЫҢ КӘСІПТІК ДАМУЫН ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҚОЛДАУ

ПРОФЕССОР-ОҚЫТУШЫЛАР ҚҰРАМЫНЫҢ КӘСІПТІК ДАМУЫН ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҚОЛДАУ

ПРОФЕССОР-ОҚЫТУШЫЛАР ҚҰРАМЫНЫҢ КӘСІПТІК ДАМУЫН ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҚОЛДАУ

«Өрлеу» БАҰО АҚФ Астана қаласы бойынша ПҚ БАИ ақпараттық технологиялар бөлімі 2015 жылдың 12 ақпанында институттың профессор-оқытушылар құрамының кәсіптік дамуын инновациялық қолдау мақсатында «Основы создания презентации в программе PREZI» атты тәжірибелік семинар өткізді. Тренингтің негізгі міндеті – Prezi сервисін қолдану арқылы әртүрлі мультимедиалық құжаттар құру.

g1

Тренинг модераторлары Малдыбаева Г.Б. мен Женесбаева К.К. бұлтты технологиялар қағидасы бойынша салынған, он-лайн сервисінде презентацияны құру мен редакциялау үшін бағдарламаның негізгі ұғымы мен мүмкіндіктерін таныстырды.

Семинарға қатысушылар www.prezi.com сайтына тіркеліп, Үлгіні пайдаланып жоба презентациясын құрды. Сонымен қатар, «Prezi-де презентацияны қалай құру керек» атты prezi.ехе форматында жасалған үлестірмелі материалын электрондық нұсқада алды.

Презентацияны жасау барысында оқытушылар тәжірибелік жұмыста өз педагогикалық шеберліктері мен ақпараттық құзіреттіліктерін жоғары деңгейде көрсетті.