2014 жылдың 8-10 сәуір аралығында Астана қаласында «Көрме» орталығында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мен «Worlddidac» Халықаралық Ассоциациясымен бірелесіп, жыл сайын өткізіліп отырған “WORLDDIDAC ASTANA 2014” білім беру және кәсіби даярлау саласына арналған 3 — Халықаралық технологиялар көрмесі ашылды. «WORLDDIDAC ASTANA» білім беру және кәсіби даярлау саласына арналған технологиялардың халықаралық көрмесі ТМД мен Орта Азия аумағындағы ірі көрмелердің бірі болып есептеледі.
«Worlddidac» Ассоциациясы – оқытудың барлық деңгейлері үшін білім беру мен кәсіби даярлауға жабдықтар жасайтын компаниялардың халықаралық ассоциациясы.
Елімізде өткізіліп отырған «WORLDDIDAC ASTANA» халықаралық көрмесі, технология саласындағы жаңашылдығымен көпшілік назарын өзіне аударып отыр. Биылғы көрмеге әлемнің 15 елінен, атап айтқанда АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Германия, Ресей, Корея елдерінен шамамен 60-қа жуық компания білім беру саласына арналған өнімдері мен жаңа технологияларын ұсынып отыр. Соның ішінде «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамы ұсынған көрме павильонында, «Өрлеу»біліктілікті арттыру ұлттық орталығының бүгінгі жеткен жетістіктері жайындағы таныстыру ақпараттары берілген брошюралар, педагог қызметкерлерге арналған баспа өнімдері көрсетілді.
Көрме шеңберінде семинарлар, пікірталастар, дөңгелек үстелдер мен оқу жабдығының ірі әлемдік өндірушілерінің таныстырулары өткізіледі. Семинар алаңдары жоспарланып, онда мұғалімдер мен педагог қызметкерлер өзара әңгімелесіп, мәселелерді талқылап, жаңашыл-мұғалімдер мен әлемнің көптеген елдерінен келген білім беру мамандарының шебер-сыныптарына қатыса алады.
Көрме жұмысының бірінші күнінде «Өрлеу» БАҰО АҚФ Астана қаласы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтынан «Мұғалімнің кәсіби дамуын психологиялық-педагогикалық дамыту» кафедрасының аға оқытушысы, коуч-тәжірибеші, психолог Е.А.Бухачева өзінің «Тұлғалық өсу тренингтерінде коучинг әдістерін қолдану» тақырыбы бойыншашебер-сынып өткізді.
Сонымен қатар институттан «Инновациялық технологиялар және жаратылыс ғылымы пәндерін оқыту әдістемесі» кафедрасының аға оқытушысы, «Intel» бағдарламасының тренері В.И.Нурмаганбетова мен Ақпараттық технологиялар бөлімінің бастығыГ.Б. Малдыбаева қатысып, «Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды демонстрациялық химиялық экспериментте қолдану» тақырыбында шебер-сынып өткізді.
Қазақстанның әр өңірінен келген көрмеге қатысушы педагог қызметкерлер шебер-сыныптардан алған ақпараттарға риза екендіктерін айта отырып, көрме залдарында орналасқан павильондардағы түрлі технология өнімдерімен танысудан алған әсерлерін жасыра алған жоқ.