Өрлеу сайты

«Педагогтің білім беру мазмұнын жаңарту жағдайындағы кәсіби дамуы» Халықаралық on-line семинары

«Педагогтің білім беру мазмұнын жаңарту жағдайындағы кәсіби дамуы» Халықаралық on-line семинары

«Педагогтің білім беру мазмұнын жаңарту жағдайындағы кәсіби дамуы» Халықаралық on-line семинары

31.03.2022 онлайн семинарының материалдар жинағы — 1 том

31.03.2022 онлайн семинарының материалдар жинағы — 2 том

«Өрлеу» БАҰО АҚ және филиалы Астана қаласы бойынша ПҚ БАИ іс-шаралар жоспарына сәйкес 2016 жылы 31 наурызда  «Педагогтің білім беру мазмұнын жаңарту жағдайындағы кәсіби дамуы» тақырыбында Халықаралық on-line семинары өткізілді.

3

Семинардың пленарлық бөлімінде біліктілікті арттыру жүйесінде педагогтердің кәсіби білімін жетілдірудің өзекті мәселелерін талқылауға Ресей Федерациясы, Беларусь Республикасы, Донецк Халық Республикасының ғалымдары, біліктілік арттыру институттарының оқытушылары мен мамандары қатысты.

«Өрлеу» БАҰО АҚФ  Астана қаласы бойынша ПҚ БАИ директорының міндетін атқарушы Л.А.Саинова «Педагогтің білім беру мазмұнын жаңарту жағдайындағы кәсіби дамуы» тақырыбындағы баяндамасында Қазақстанда педагог кадрлардың біліктілігін арттыру жұмыстары ойдағыдай жүргізіліп жатқанын, мұғалімдердің курстық даярлықтарын ұйымдастырудың жаңа бағыттары, жолдары мен бірізділікпен  басқару бірыңғай  құрылымдық саясатпен жүргізіліп жатқанына тоқталды. 12 жылдық білім беруге көшу жағдайында жаңарған мазмұн стандарттарына сай пәндік курстардың өткізіліп жатқанын айтып өтті.

Беларусь республикасының кәсіптік білім беру институтының жалпы және кәсіптік педагогика кафедрасының профессоры, педагогика ғылымдарының докторы В.Н.Наумчик  «Біліктілікті арттыру педагогтің басты ресурсы ретінде: диагностика проблемалары» тақырыбындағы баяндамасында педагогтің кәсіби сапасын арттыруды қамтамасыз етудің  идеяларымен бөлісті. Зерттеуші ғалымдарға кәсіби жетістіктерді диагностикалаудың тиімді әдіс-тәсілдерін ұсынып, өзі құрастырған тест-картаның  қолайлы жақтарын ашып көрсетті.

Новосибирск педагогтердің біліктілігін жетілдіру және қайта даярлау институты гуманитарлық білім беру кафедрасының меңгерушісі, философия ғылымдарының докторы Н.Е.Буланкина (Ресей) «Қосымша білім беру жүйесінде гуманитарлық пәндер мұғалімдерінің кәсіби өсуі» тақырыбында баяндама жасады. Өз сөзінде ғалым педагогтің жеке тұлғасы, оның мәртебесі мен әдістемелік мәдениеті қазіргі заманғы білім берудің басты факторы ретінде білім алушыларға рухани-адамгершілік тәрбие берудің негізін құрайтындығына баса назар аударды.  Сонымен қатар, жаңа білім беру жағдайында гуманитарлық пәндер саласында педагогтерді кәсіби жұмысқа  дайындау үшін мемлекеттік стандарттарға сәйкес келетін  жаңа Федералдық бағдарламалар жасалғанын айтты.

Донецк Халық Республикасы республикалық қосымша білім беру институтының қашықтан оқыту орталығының меңгерушісі С.А.Сидельник  «Донецк  Республикалық қосымша білім беру институтының ақпараттық қоғамда үздіксіз білім беру тұжырымдамасын жүзеге асыру» тақырыбында баяндама жасап, онда  біртұтас ақпараттық кеңістік  арқылы үздіксіз білім берудің ашық жүйесін құрудағы тәжірибесімен бөлісті. Біліктілік арттырудың тұтас жүйесі ретінде электрондық ресурстарды пайдалану мүмкіндігін алға тартты. Ақпараттық ресурстар — вебинар, мультимедиялық ақпараттар түрінде педагогтердің озық іс-тәжірибесінен жинақталады.

«Өрлеу» БАҰО АҚФ Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ПҚ БАИ директоры, педагогика ғылымдарының докторы А.Ж. Мурзалинова тыңдаушылардың «Өзіндік жұмыстары —  педагогтің кәсіби біліктілігін арттыру құралы ретінде» тақырыбындағы баяндамасында  курс барысында тыңдаушылардың өзіндік жұмыстарын белсенді ұйымдастыру оларды білім беру қызметіне ынталандырып, кәсіби өсуге деген құлшынысын арттыратынына тоқталды.

«Өрлеу» БАҰО АҚФ Ақмола облысы бойынша ПҚ БАИ директоры  Е.Т.Исимбаев  «Педагогтің кәсіби дамуы —  білім мазмұнын жаңартудың маңызды элементі» атты баяндамасында өзі басқаратын филиалда білім беру мазмұнын  жаңарту жағдайында мұғалімдерді дайындау, кәсіби құзыреттілігін жетілдіруде әдістемелік қамтамасыз ету, пилоттық мектептерде бастауыш мектептің жаңа стандарттарын тәжірибеден өткізу жайында келелі әңгіме қозғады.

Халықаралық деңгейде ұйымдастырылған семинарда қатысушылардың ой-пікірлері бір арнада тоғысып, білім беру саласында әріптестік байланысты одан әрі жалғастыру қажеттілігі анықталды.

Секция жұмысын Астана қаласы бойынша филиал директорының орынбасары Ә.И.Чокушева «Педагогтің заманауи өзгерістер аясындағы кәсіби дамуы» тақырыбындағы баяндамасымен ашты.

Сондай-ақ, семинардың секция жұмысында біліктілік арттырудың отандык тәжірибелері  ортаға салынды. «Өрлеу» БАҰО АҚФ  ПҚ БА институттарынан

Маңғыстау облысы А.С.Төлеуғалиев

Жамбыл облысы Ибраимова Г. А., Танатарова П. Б.

Солтүстік Қазақстан облысы Мурзабаева А. С.,  Деревянкин А. В.

Ақмола облысы  Муканова Р. А.

Астана қаласының колледждерінің оқытушылары Сейдахметова Б. А., Садуакасова А. М., Шекербаева А. Н., Бакбергенова К. А., мектептерден Ерментаева Ә. С., Абдихаева М. К. қатысты.

Халықаралық семинар қорытындысы бойынша  сертификаттар табысталып, ұсынымдар қабылданды.

Пікір қосу