Қалай оқу керектігін үйрену дегеніміз не? Мұғалімнің оқушылардың қалай оқу керектігін үйрену қабілеттерін дамыту жөніндегі әрекеттері

Қалай оқу керектігін үйрену дегеніміз не? Мұғалімнің оқушылардың қалай оқу керектігін үйрену қабілеттерін дамыту жөніндегі әрекеттері

Кабденова Алима Казбековна,
«Өрлеу» БАҰО» АҚФ «Солтүстік Қазақстан облысы бойынша
педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты»,
Деңгейлік бағдарламалар орталығы

Тақырыбы:   Қалай оқу керектігін үйрену дегеніміз не? Мұғалімнің оқушылардың қалай оқу керектігін үйрену қабілеттерін дамыту жөніндегі әрекеттері
Мақсаты Оқу нәтижелері Түйінді идеялар Жаттығулар Қосымша оқу
Балалар өз оқуы туралы білетін және өзінің эмоцияларын, ынтасы мен әлеуметтік қарым-қатынасын басқару үшін көбірек мүмкіндік алатын, өзін-өзі реттейтін оқушы ретінде қалай дамитынын зерттеу ·    Мұғалімдер танымдық дамуға арналған дәлелдемелерді анықтауды үйренеді және өзін-өзі реттеуге көмектесу үшін өздерінің жағдайларында инновацияларды зерделейді:

• Өзін-өзі реттейтін оқудың мәні мен сипатын түсіну;

• Өзін-өзі реттейтін оқуды көрсететін мінез-құлықты бақылау мен бағалауды

қамтамасыз ету;

• Өзін-өзі реттейтін оқуға ықпалын тигізетін кәсіби тәжірибе түрлерін дамыту

Тіпті кішкентай балалардың өздері, тиісті мүмкіндіктерін жасаған жағдайда, өздерінің оқуы үшін үлкен жауапкершілік алуға қабілетті. Балалар ерте жастан бастап оқу үдерісін түйсіне бастайды, оқу тапсырмаларын орындағанда өз тәсілдерін қолдана біледі, сондай-ақ өздерін жақсы оқушы ретінде ұсына алады. Өзін-өзі реттеу мен метатанымдық қабілеттерді дамыту баланың алғыр оқушы болу
ықтималдығының негізгі көрсеткіші болып табылатынын көрсетті. Мұғалімдер жоғары сапалы педагогикалық тәжірибенің көмегімен осы салаға барынша мол үлес қоса алады
3–5 жастағы баланы тексеру парағы.
Ресурс: 3–5 жастағы балалардың өздігінен білім алуын тексеру парағы.
Өзін-өзі реттеудің дәлелдері.
Бейнежазбаларды талдау.
Ресурс:
Өз бетінше оқуды дамытуды бақылау парағы
Өзін-өзі реттеу дәлелдерінің үлгісі
1-ші сессия                                   9.00-10.30
Бөлінетін уақыт Тренердің іс-әрекеті Мұғалімнің іс-әрекеті Ресурстар
10 минут 1.Жаттығу: «Өзіндік таныстырылым»

Мақсаты: адаптивті механизмдерді іске қосу, кәсіби бейімделу үрдісіне әсер ететін эмоциялық дағдыларын өңдеу.

Өзі жайында үш тұрғыда айтады:
— таңқалу;
— қызығушылық;
— қуаныш.

Топқа бөлу: «Аудан қашықтығы» тәсілі

Мұғалімдер өзіндік таныстырылымның қорытындысы бойынша сұхбаттасады (қажет болған жағдайда)
Мұғалімдер аудан бойынша топқа бөлінеді
Интерактивті тақта

Музыкалық сүйемелдеу

5 минут Түйіндеу сәті:

Бұл жұмыс қандай ой салды?

Сұрақ төңірегінде ойланады, өз ойларын тұжырымдайды
10 минут 2. «Жылжымалы шеңбер» әдісін қолдану

Мақсаты — өткен тақырып бойынша теориялық түсініктерін анықтау, негіздеу

Мазмұны: «Оқудағы кедергілер анықтау. Жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту мен оқу» тақырыбы бойынша Үй жұмысы бойынша сұрақтар легін ұйымдастыру

Мұғалімдер дайындап келген сұрақтары бойынша өзара ой бөліседі. Сұрақтардың деңгейлеріне қарай сараптайды Мұғалімге арналған сұрақтар парағы
20 минут 3.«Мен неге үйрендім?» жаттығуы

Бұл жаттығу ағымдағы білім алу үрдісінің жағдайы туралы ақпаратты алуға және одан әрі жетілдіру жолдарын белгілеуге  жетелейді.

Жаттығу соңында осы жаттығу арқылы не өзіне түйгенін сұрау (ауызша,жазбаша).

Әр адам жеке кейін жұппен орындайды.

-Мен неге үйрендім?
-Мен … …. білдім?
-Менің байқағаным …
-Мен үшін маңызды болғаны …
-Алдағы әрекетім …
-Мен әріптесіме нені қалай үйрете аламын ?
-Мен нені жасауым қажет?

 
20 минут «Төрт бұрыш, төрт таңдау» әдісін қолдану арқылы белсенді жұмысты ұйымдастыру

Мақсаты: өзінің таңдауын түсінідіріп, көзқарасын дәлелдей алуды жетілдіру

Мұғалімдер келесі пікірлер бойынша өз таңдауларын береді, негіздейді:
1.Геометриялық пішіндер – шаршы, дөңгелек, тіктөртбұрыш, үшбұрыш
2. Өзін-өзі реттеу — кез келген адам өзін-өзі реттеуге қабілетті; өзін-өзі реттеу ересек жастан басталуы тиіс; өзін-өзі реттеу іске асыру – мұғалімнің  басты міндеті; өзін-өзі реттеу бойынша жұмыс жасайтын педагогтерді  арнайы дайындау керек.3. Қай балалармен жұмыс жасау қиын: қиқар, қыңыр, тұйық, белсенді

4. Адамның бойында келесі қасиеттер болу маңызды: харизма, ақыл, ар-ұят, менменшілдік

Маркерлер, А4 парағы
20 минут

5 минут

5.Өз бетімен оқуды дамытуды тексеру ресурс парағы бойынша жұмыс

6.Өзіндік және өзара бағалауды ұйымдастыру. Кері байланыс (сұрақ-жауап)

Мұғалімдер алдымен жеке, кейін топта  өз бетімен оқуды дамыту бойынша ой бөліседі.

 

Мұғалімдер өзін және өзара бағалауын сұрақ-жауап ретінде жүргізеді

Ресурс парағы
10.30-11.00
11.00-12.30

15 минут

7.«Маржанды тіз» әдісін (топтық жұмыс)

Бұл жаттығу мұғалімдердің түсінігін сипаттап айта білу, мәселенің ең маңыздысын белгілеп көрсете білу біліктерінің дамуына бағыттайды

Өзін – өзі реттеуді қалай түсінемін?

«Кім?», «Не?», «Қашан?», «Қалай?», «Неліктен?», «Не үшін?»

Мұғалімдер осы сұрақ төңірегінде ой бөліседі. Түйінін жасайды. Оқушылардың өзін-өзі реттеуіне қаншалықты мүмкіндік жасайтындарын анықтау және өзін-өзі реттеуді жетілдіру белгілеу
40 минут Саралап оқыту тәсілі

1-топ — «Талантты мұғалімнен – табысты оқушыға» тақырыбында білімдік газет
2-топ жоспар құру – Өзін-өзі реттеуді ұйымдастыру және жүзеге асыру жұмыстарының жоспарын құру
3-топ – Өзін-өзі реттеуге арналған тапсырмалар, іс-шаралар (пән бойынша)

Жұмыстар орындалған соң, талқыланып, қорытынды жасалуды ұйымдастыру

Әр топ берілген тапсырманы орындайды (газеттің рубрикасы):

1.Өзін-өзі реттеуге қатысты ақпарат, оқиға, мақалалар, эссе
2. Есіңізде болсын! (өзін-өзі реттеуде нені назарға алу керек)
3. Бұл өте қызықты …
4. ? (мұғалімдер келесі рубриканы өздері таңдайды)

15 минут 9.«Сұрағым бар?» әдісін өткізу.

Өздігінен оқуды дамытуда өз тәжірибесімен байланыстыра отыра өзара ой бөлісуге мүмкіндік беру

Пікірлердегі кез келген айырмашылықты талқылай отырып, топтар арасында орындалған тапсырманың нәтижесін салыстырады және орналасу ретін дәлелдейді Өздігінен оқуды зерттеу парағы (толтыру)
 
5 минут 11.Кері байланыс. Мен үшін не оңай, не қиын болды?

Мақсаты – игерілетін білімді түсінуде кездескен кедергілерді, оның себептерін анықтай алуы, жетістіктерін негіздей білуі

Мұғалімдер өз ойларын жазбаша және ауызша білдіреді
12.30-14.00     Үзіліс            3-ші сессия
14.00-15.30

10 минут

12.«Менің қозғалысым» жаттығуы
— Сенімді
— Ұялшақ
— Ренішті
— Агрессивті
— Қуанышты
— Жаттығудың мәні сыртқы көзқарас, әрекет арқылы эмоциялық жағдайын реттеуге үйренуТалқылау: неге назар аудару керек, қатысушылардың психологиялық жағдайы қалай өзгерді?

13. Топқа бөлу: «Менің бойымдағы қасиеттер» тәсілі

Мұғалімдер шеңбер бойымен жүре көрсетеді.

Карточкаларда берілген қасиеттер бойынша топқа бөлінеді

Тақта

Түрлі түсті маркер

35 минут 14. 4-жаттығу. Бейнероликтерді талдау (4)

Мұғалімдердің топтық жұмысын ұйымдастыру.

Негізгі идеясы — мінез-құлықтың төрт санаты бойынша өз идеясы туралы жазу, өзінің түсініктерін және бақлауларын ұсыну

Әр топқа 3-5 жастағы балалар ТОД ішінен бір оқиғаны таңдап, олардың қатынасын бақылау тізіміндегі 22 үлгіні салыстыра отыра талқылайды.

Бір топ эксперт топ болады. Барлық бейнероликке талдау жасап, топтардың талқылауы бойынша өз ойларын білдіреді.

Бейнематериал:

-Костюм кию (TrHW2_D4_video1)
-Балмұздақ жасау (TrHW2_D4_video2)
-Планшет  (TrHW2_D4_video3)
-Кеңседе (TrHW2_D4_video4)

10 минут 15. Сұрақ – жауап

Жалпы мінез-құлықты айқындау үшін қандай үлгілер қарастырылды? Қандай мінез-құлық өте аз кездеседі?

Мақсаты – өз түсініктерін негіздей білу

Бейнематериалдың мазмұны бойынша өзара талқылау. Ой бөлісу, ауызша талқылайды
20 минут 16.Мектеп жасына дейінгі балалардың өзіндік реттелуі: Зерттеудің алғышарттары

Түйіні — зерттеулер нәтижесінде алынған дәлелдер: баланың дербес болып қалыптасуы немесе осы қасиеттерге ие өзіндік реттелген оқушы  болып қалыптасу деңгейі, баланың оқушы ретінде қаншалықты табысты болатындығын  анықтайтын негізгі элемент

Таныстырылым мазмұны бойынша жұмыс

-Выготскийдің ЖАДА туралы идеясы бойынша түсінігін негіздейді
-Флейвеллдің метатану үлгісі бойынша өз түсінігін білдіру

-М.Бронсонның салалары бойынша қорытынды ойлар

Таныстырылым
15 минут 17.«Ой толғау»

Бүгінгі тақырып …

Мақсаты – теориялық білім бойынша түсінігін анықтау

Мұғалімдер өз түсінігін, түйінді ойларының жазбасын жасайды Парақтар
15.30-15.45   4-ші сессия
15.45-17.15

40 минут

18.«Саны. Сапасы. Идея» әдісі

Келесі технология бойынша  жұмыс жасау:
1.Саны. Мәселені шешу үшін максималды идеялар ұсыну
2.Сапа. Мазмұнды, сапалы сарапталған идеялар  таңдалады
3.Идея. Шындыққа негізделген, ерекше, сапалы сарапталған идеяны таңдау

Жұмыс топпен орындалады. Өз түсініктерін негіздейді, негізгі таңдалған идеяларды атап айтады, өз түйіндерін жасайды Түрлі-түсті маркер
15 минут 19.Өздерінің жасаған өнімдерін қорғау

Мақсаты – өз жұмысының түйінін жасау білу біліктілігін дамыту

Өз тәжірибесімен бөліседі. Өзара ұсыныс, пікірлерін білдіреді
10 минут 20.Қашықтықтан оқу кезеңінде мектепте орындауға арналған тапсырмалар

Түйін: мұғалімдердің өзін-өзі реттеудегі негізгі түсініктер бағытында ойларын жинақтауға мүмкіндік беру

Портфолио құру

5-апта 1-тапсырма (1 және 2-бөлімдермен байланысты) танысады. Сұрақтар қояды.

15 минут 21.Теориялық сәт

«Қалай оқу керектігін үйрену», «Метатаным»
Мақсаты — өзін-өзі реттейтін оқудың мәні мен сипатын теориялық тұрғыда түсінуін дамыту, АКТ құралымен жұмыс жасау біліктілігін жетілдіру

Тақырып бойынша әр топ өз таныстырылым мазмұнын құрады Мұғалімге арналған нұсқаулық

Ноутбук

10 минут 22.Күн қорытындысы. Кері байланыс

Мақсаты — танымдық біліктерін дамыту, өз түйінін  жасауға жетелеу, тақырып бойынша түсініктерін байқау

Еркін микрофонды қолдана отыра ауызша түсініктеме беріп, өз түсінігін негіздей

Жоспарға түсініктеме. Мұғалімдер оқушылар тарапынан туындайтын мәселелерге: оқуға қызығушылықтың болмауы,әлеуметтік ортадағы мінез-құлықтарының әлсіздігіне  басымдылық танытады. Сондықтан  тақырыпты мұғалімдердің назарын өзін-өзі реттеуге қатысты кездесетін кедергілерді сипаттайтын жағдайларды қарастыруға, шешу жолдарын, тәсілдерін анықтау, танымдық,эмоционалдық, әлеуметтік, ынталандырушылық салалардың маңыздылығын түсіну мақсатында таңдадым. Нәтижесінде кедергілер себебін, өзін-өзі реттеудің мәнін  түсінеді,  өзін-өзі реттеудің тәсілдерін анықтайды.

Өткен тақырыпты пысықтау мақсатында сұрақтар легін ұйымдастыруды жоспарладым. Мұғалімдерді топқа аудан бойынша бөлемін. Бұл әр аудан мұғалімдерінің тақырыпқа қатысты ортақ мәселелерін, бастапқы түсініктерін анықтауға көмектеседі деп ойлаймын. Күннің екінші жартысында шабыттандыру, ынталандыру мақсатында «Менің бойымдағы қасиеттер» жаттығуы бойынша  бөлемін. Мұғалімдердің құрдастық оқыту, мұғалім тарапынан қолдау, бағыт берудегі қажеттіліктерін, сұраныстарын ескеремін. «Маржанды тіз»,«Сұрағым бар» әдістерін топтық жұмыста қолданамын. «Газет» әдісін тақырыптың мазмұнын түсіну, түйіндеу үшін қолданамын.

Іс-әрекетті басқару, реттеуде «Өзіндік таныстырылым»,«Менің қозғалысым» жаттығуларын жоспарладым. Нәтижесінде өзіндік бақылауға, бағалауға мүмкіндік алады, өзін-өзі реттеуге көмектесетін жағдайларды сараптайды деп ойлаймын.

ПШО-да  ұсынылған ресурстар мазмұны мұғалімнің  өзін-өзі реттеуде теориялық білімдерін толықтырып,  мазмұнын зерделеп, сараптау арқылы танымдық, ынталандырушылық, әлеуметтік саладағы біліктерін дамытады.

Кейбір мұғалімдер ашық сұрақтарды құруда, жауаптар беруде біршама қиналатындықтан  төменгі, жоғары деңгейдегі сұрақтарды қоюды қарастырамын. Мұғалімдер түсінігін ауызша, кейбіреуі жазбаша жеткізуге бейім болғандықтан, өзін,өзара бағалауды, кері байланысты ауызша түсіндірме түрінде, жазбаша  жүргізуді жоспарладым. Меніңше, мұғалімдерді тақырып төңірегінде танымдық біліктерін дамытуға,бағалауға, түйінін  жасауға жетелейді.

Мұғалімдердің өзін-өзі реттеу бойынша  ойлануына мүмкіндік беруді ескеріп,   «Ой толғаныс», өз өмірінде нені үйренгені, не үшін үйренгенін сараптау, қалай оқу керектігін үйренудің мазмұнын ашу  мақсатында  «Мен неге үйрендім?»  әдісін қолданамын.

Өзін-өзі реттеуге қатысты бейнематериал  бойынша топтық жұмысты ұйымдастырамын.  Негізгі ойларды келтіре білулері үшін  бақылаушылар тобын құруды көздедім.

Сессия соңында тақырыпқа қатысты түсінікті жетілдіру мақсатында «теориялық сәт» кезеңін жоспарладым. Кері байланысты  еркін микрофон арқылы ауызша жүргіземін.

5 комментариве к “Қалай оқу керектігін үйрену дегеніміз не? Мұғалімнің оқушылардың қалай оқу керектігін үйрену қабілеттерін дамыту жөніндегі әрекеттері

  1. Сауле

    Тренинг жоспары нақты. Мектеп тренері ретінде тәжірибеме қолдануға құнды нұсқаулық. Тренинг авторына алғыс, еңбегіңіз жемісті болсын.

    1. Марал

      Тренинг жоспары мазмұнды, сондай-ақ жоспарланған жұмыста нақты мақсаты мен бүгінгі күннің тиімді әдіс-тәсілдері қолданылған. Берілген тәсілдерді Өз практикамда пайдаланума жаксы. Оқытушының еңбегі бар. Сәттілік тілеймін.

  2. Айгерим

    Отличный план тренинга!Алима,спасибо вам за такой материал

  3. Әсия

    Тренинг жоспары өте мазмұнды, іс-әрекет құрылымы жан-жақты қарастырылған, әдіс-тәсілдер тиімді қолданылған. Жоспарда берілген тәсілдерді өз тәжірибемде болашақта қолданамын. Автордың мол тәжірибесі жұмыс жоспарынан байқалады.

  4. Марал Маратовна

    Тақырып өзекті. Жоспары жан-жақты әрі түсінікті жазылған. Мектеп тренерлеріне дайын жұмыс ретінде қолдануға болады. Оқушыларға да, мұғалімге де көп ақпарат алуға, өзін өзі реттеуге тиімді жұмыс деп бағалаймын