Өрлеу сайты

«Білім беру саласындағы өзгерістер аясын кеңейту: апробация мен тарату» VIII Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы

«Білім беру саласындағы өзгерістер аясын кеңейту: апробация мен тарату» VIII Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы

2016 жылдың 27-28 қазанында «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Астана қаласы бойынша ПҚ БАИ қызметкерлері Астана қаласы Халықаралық мектебінің базасында өткізілген Назарбаев зияткерлік мектептерінің VIII Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысты.
«Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығынан қатысқан делегация мүшелері желілік бағыттар бойынша ұйымдастырылған панелдік пікірталастар мен секциялық отырыстарға белсене қатысты. Пленарлық және секциялық отырыстарда мектептегі білім беру саласы бойынша білім мазмұнын жаңарту және жүйелі білім берудегі инновацияларға баса назар аударылды. Конференция жұмысы барысында шетелдік қонақтар мен Қазақстанның әр өңірінен келген педагогтар арасында конструктивті диалог өткізілді.
Ісшара соңында конференцияға қатысқан «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Астана қаласы бойынша ПҚ БАИ өкілдеріне сертификаттар берілді.

Пікір қосу