Өрлеу сайты

БІЛІМ ЖӘНЕ КӘСІБИ ДАЯРЛАУҒА АРНАЛҒАН ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ «WORLDDIDAC ASTANA — 2017» V ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КӨРМЕСІ

БІЛІМ ЖӘНЕ КӘСІБИ ДАЯРЛАУҒА АРНАЛҒАН ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ «WORLDDIDAC ASTANA — 2017» V ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КӨРМЕСІ

2017 жылдың 4 сәуірінде «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Астана қаласы бойынша ПҚ БАИ директоры Л. А. Саинова және институт қызметкерлері Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мен «Worlddidac» Халықаралық ассоциациясымен бірлесіп өткізілетін жыл сайынғы «WORLDDIDAC ASTANA — 2017» білім және кәсіби даярлауға арналған технологиялардың халықаралық көрмесінің ашылу салтанатына қатысты. ТМД мен Орта Азия аумағында білім беру саласындағы ең ірі көрме болып табылатын бұл шара, биыл бесінші рет өткізіліп отыр. Аталған көрме сәуірдің 4 мен 6 аралығында өтеді.

Биылғы жылы көрмеге робототехника өндіруші-компанияларының, 3D-принтерлер, виртуалды шындық және басқа да жаңа технологиялардың экспозициялары ұсынылды. Lego Education компаниясымен бірлескен робототехниканың 140-тан астам оқытушыларына арналған оқыту семинарлары жоспарланған. Сонымен қатар, көрме аясында семинарлар, пікірталастар, дөнгелек үстелдер және оқу жабдықтарын өндіруші әлемдік ірі компаниялардың тұсаукесерлері өтуде.

Институт қызметкерлері Г.Т. Дюсембаева, М.Ж. Асамбаев, А.Т. Құсаинова, З.К. Бектұрова модератор ретінде семинарлардың жоғары деңгейде өтуіне атсалысуда.

Көрме жұмысы барысында өткізілген семинарларда «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Астана қаласы бойынша ПҚ БАИ Деңгейлік бағдарламалар орталығының тренері Н. А. Клименко «Тренинг как форма интерактивного обучения» тақырыбында және Оқушылар сарайының қосымша білім беру педагогі Б. К. Бугинас «Музыкальная игра – один из ведущих видов творческой деятельности дошкольников» тақырыбында баяндама жасады.

Институт қызметкерлері әлемнің көптеген елдерінің білім беру мамандары мен жаңашыл мұғалімдердің ашық сабақтарына қатысуға, заманауи ақпараттық-білім беру ортасымен байланысты мәселелерді талқылауға және тәжірибемен алмасуға  мүмкіндік алды.

Пікір қосу