Өрлеу сайты

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналған «Ұлы дала тарихы» тақырыбындағы бейнелеу өнері бойынша ІІ қалалық олимпиада

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналған «Ұлы дала тарихы» тақырыбындағы бейнелеу өнері бойынша ІІ қалалық олимпиада

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналған «Ұлы дала тарихы» тақырыбындағы бейнелеу өнері бойынша ІІ қалалық олимпиада

2016 жылдың 2 қарашасында «Өрлеу» БАҰО АҚФ Астана қаласы бойынша ПҚ БАИ Астана қаласы Білім басқармасының қолдауымен Балалар көркемсурет мектебі – ЮНЕСКО клубы базасында елорданың жалпы білім беретін өнер мектептері, гимназия және лицейлерінің бейнелеу өнері мұғалімдері арасында ІІ қалалық олимпиада өткізді.

«Өрлеу» БАҰО АҚФ Астана қаласы бойынша ПҚ БАИ директоры Л.А.Саинова қатысушыларға арнаған құттықтау сөзінде осындай кәсіби шеберлік байқаулары ең үздіктердің қатарына адал күреспен кіру құқығы болып табылатынын атап өтті және үлкен шығармашылық табыстар тіледі.

Еліміздің бас мейрамы қарсаңында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығына орай өткізілген олимпиадаға қатысушыларға қазақ халқының тарихын, мәдениетін, салт-дәстүрлерін шығармашылық арқылы көрсетуге, сондай-ақ біліктілік деңгейін арттыруға, тәжірибе алмасуға және бейнелеу өнері саласында оқытудың жаңа технологияларын үйренуге мүмкіндік берді.

Шығармашылық тапсырма орындағаннан кейін сәндік-қолданбалы өнері бойынша шебер-сынып өткізіліп, сертификаттар табысталды.

Олимпиадаға қатысушылардың шығармашылық жұмыстарын қазылар алқасы атынан Халықаралық педагогтер Одағының мүшесі, суретші — А. Ш. Өтепова және ҚР суретшілер Одағының мүшелері — А. К. Чунчалинов, Т.Т. Кужанбаевтар бағалады.

Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі 2016 жылдың 3 қарашасында өтті. Қазылар алқасының шешімімен жүлделі орындар төмендегідей бөлінді:

Бас жүлде  – Қазымбек Абай Қуанышбайұлы.

І дәрежелі Диплом — Плахотник Марина Владимировна.

II дәрежелі Диплом — Тусипжанов Бауыржан Алкенович.

III дәрежелі Диплом – Иманқұл Оралбек Мақсатбекұлы.

Қатысушылардың жұмыстары көрменің экспозициясына орналастырылады және ұйымдастырушылардың сайтында жарияланады.