Ағымдағы жылдың 5-желтоқсанында Астана қаласы М.Өтемісов атындағы Оқушылар сарайында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалының Астана қаласы бойынша Педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының ұйымдастыруымен «Қазақстан Республикасында балаларға қосымша білім беру жүйесін дамыту» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті.
Конференцияның мақсаты: біліктілікті арттыру мәнмәтінінде ҚР қосымша білім беру жүйесінің заманауи жағдайын талдау, келешек даму үрдісін анықтау.
Конференция жұмысына Қазақстан, Ресей қосымша білім беру жүйесінің ғалымдары, мемлекеттік білім беру ұйымдарының өкілдері, педагогтардың біліктілігін арттыру жүйесінің басшылары, 200-ге жуық білім беру саласының қызметкерлері соның ішінде қосымша білім беру республикалық оқу—әдістемелік орталығының мамандары мен ҚР қосымша білім беру жүйесінің педагог қызметкерлері қатысты.
Конференцияның пленарлық мәжіліс отырысын «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалының Астана қаласы бойынша Педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты директорының міндетін атқарушы Л.А.Саинова ашып, «Современные подходы повышения квалификации педагогов дополнительного образования Республики Казахстан» тақырыбына баяндама оқыды.
Конференция аясындағы үш секция жұмысында: ҚР қосымша білім беру жүйесінің нормативтік-құқықтық қамтамасыз етілуі; біліктілікті арттыру мәнмәтініндегі қосымша білім беру дамуының инновациялық стратегиясы; қосымша білім беру педагогының кәсіби құзыреттілігін дамыту; қосымша білім берудің оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытудағы рөлі; ҚР білім беруді жаңғырту жағдайындағы қосымша білім беру педагогтарының біліктіліктерін арттырудың заманауи амалдары; оқушыларға қосымша білім беру жүйесіндегі инновациялық білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру; біліктілікті арттыру мәнмәтінінде балаларға қосымша білім беру жүйесін жаңғыртудың тәрбиелік аспектісі; балаларға қосымша білім беру жүйесінің оқушы тұлғасын әлеуметтендірудегі мәні; балаларға қосымша білім беру жүйесінде адамгершілік пен отаншылдықты қалыптастыру бағытындағы тақырыптар қызу талқыланды.
Конференция жұмысының қорытындысы бойынша Ұсыным жобасы дайындалды.