Сайт Өрлеу

Жаңартылған білім беру мазмұны контексінде бастауыш сынып оқушыларының коммуникативті дағдыларын қалыптастыру

Жаңартылған білім беру мазмұны контексінде бастауыш сынып оқушыларының коммуникативті дағдыларын қалыптастыру

Ильясова Ақмарал Шатиковна
«Мектепке дейінгі тәрбие және бастауыш
білім беру» кафедрасының аға оқытушысы
АО «НЦПК» «Өрлеу»  ИПК ПР по СКО

Тәжірибелік семинар- workshop тақырыбы: Жаңартылған білім беру мазмұны контексінде бастауыш сынып оқушыларының коммуникативті  дағдыларын қалыптастыру (4 сағ).
Тыңдаушылар санаты: бастауыш сынып мұғалімдері
Мақсаты:
Коммуникативті дағдыларды қалыптастырудағы бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби құзіреттіліктерінің деңгейін арттыру
Міндеттері:

  • бастауыш сынып оқушыларының коммуникативті дағдыларын қалыптастырудың теориялық негіздерін еске түсіру («Айналмалы бекеттер» әдісі арқылы)
  • коммуникативті дағдылардың түрлері мен ерекшеліктерін қарастыру (4 энерджайзер-жаттығу арқылы) , сын тұрғысынан ойлау технологиясы мен мнемотехниканың тілдік дағдыларды дамытудағы маңызын қарастыру;
  • коммуникативті дағдыларды қалыптастырудағы тиімді интербелсенді әдістерді меңгеру, саралап оқыту технологиясының тілдік дағдыларды дамытудағы маңызын қарастыру;
  • оқылым дағдысын қалыптастырудағы мәтінмен жұмыстың түрлері мен жолдарын меңгерту.

Кілттік ұғымдар:  коммуникативті (тілдік) дағдылар, коммуникация, сөйлеу əрекетінің түрлері, тұжырымдамалық негіздер, энерджайзер-жаттығулар, технология, ширату жаттығулары.
Жоспар:

  1. «Циклоп» тренингі арқылы ой-толғау «Тілдесу не үшін қажет», «Тілдік дағдыларды қалыптастырудың маңызы?»
  2. Коммуникативті дағдылардың ерекшеліктері мен түрлері
  3. Тілдік құзіреттілікті қалыптастырудағы интербелсенді әдістердің тиімділігі
  4. Оқылым дағдысын қалыптастыру (мәтінмен жұмыстың тиімді формалары)

 Мәселе: білім алушылардың тілдік дағдыларды меңгермейінше басқа танымдылық білімі шектеулі болатындығы бастауыш сынып мұғалімдерінің  «Тіл және әдебиет» білім  саласында пәндерді оқытудың тұжырымдамалық негіздеріін тиісті деңгейде қабылдауына және оқушылардың тілдік дағдыларды қалыптастырып, дамытуда тиімді стратегияларды пайдалануға байланысты болады.
Күтілетін нәтиже:

  1. Коммуникативтік дағдылардың түрлері мен ерекшеліктерін, оны қалыптастыру жолдарын біледі;
  2. Коммуникативті құзіреттілікті қалыптастырудағы тиімді интербелсенді әдістерді қарастырып, меңгереді;
  3. Мәтінмен жұмыстың тиімді жолдарын тәжірибеде қолданады.

Қысқаша мазмұны :
1.Оқытудың белсенді әдістері – оқу материалын игеру үдерісінде оқушыларды белсенді ойлау және практикалық әрекетке итермелейтін әдістер. Белсенді оқыту мұғалімнің дайын білімдерді баяндауына, оларды есте сақтауы мен қайта жаңғыртуына емес, оқушылардың белсенді ойлау және практикалық әрекет үдерісінде өз бетінше білімдер мен біліктерді меңгеруіне бағытталған әдістер жүйесін пайдалануды білдіреді. Белсенді оқыту әдістерінің ерекшеліктері олардың негізінде практикалық және ойлау әрекетіне талпындыру жатыр. Онсыз білімдерді игеруде алға жылжу болмайды. Оқытудың белсенді әдістерінің пайда болуы және дамуы оқытудың алдына оқушыларға білім ғана беріп қоймай, танымдық қызығушылықтар мен қабілеттердің, шығармашылық ойлаудың, өз бетінше ақыл-ой еңбегінің қалыптасуы мен дамуын қамтамасыз ету т.б. жаңа міндеттер қойылуымен байланысты

«Циклоп» тренингі. Мақсаты: ынтымақтастық атмосфера орнату, «Тілдесу не үшін қажет», «Тілдік дағдыларды қалыптастырудың маңызы қандай?» сұрақтар аясында ой қозғау (қатысушылар шеңбер құрып тұрады, әр қатысушының міндеті:қарсы тұрған қатысушымен бірде бір сөз айтпай көзінің көмегімен т.б. байланыс орнату, орындарын ауыстыру.  Жүргізуші сыртқы, ішкі шеңберге бөліп, қатысушыларға бейвербальды (ым-ишара, дене мүшелерінің көмегімен, т.б.) тапсырмалар беріп, ынтымақтастық атмосфера орнатады, семинар тақырыбына қатысты сұрақтар қояды.

2.1. Тәжірибелік жұмыс №1.
«Айналмалы бекеттер» әдісі арқылы коммуникация, тілдік құзіреттілік, коммуникативті құзіреттіліктің түрлері, т.б. ақпарат еске түсіріледі (Қосымша №1).
2.2. Тәжірибелік жұмыс №2.
4 тілдік дағдының маңыздылығын ашу мақсатында энерджайзер-жаттығулар ұсынылады:

  1. метафориялық карталар (Тыңдалым-айтылым дағдыларын қалыптастыру мақсатында)

Жұппен жұмыс. «Дауысты-дауыссыздар болып екіге бөлінеді, бір-біріне қарама-қарсы арқа тірестіріп отырып, дауыстылар карточкаларда не бейнеленгенін айтады, дауыссыздар қағаз бетіне түсіреді.

  1. «Дауыстап оқу» диктанты немесе ширату жаттығу «Тізбектелген ойлармен жазылған хат» (жазылым дағдысын қалыптастыру мақсатында).
  2. «Әткіншек» әдісі арқылы мәтін бойынша проблемалық сұрақтарға жауап береді (оқылым дағдысын қалыптастыру мақсатында).

3.Тілдік  құзіреттілікті қалыптастырудағы интербелсенді әдістердің тиімділігі
Сын тұрғысынан ойлау – оқу мен жазуды дамыту бағдарламасы. Оқушыны мұғаліммен, сыныптастарымен еркін сөйлесуге, пікір таластыруға, бір-бірінің ойын тыңдауға, құрметтеуге, өзекті мәселені шешу жолдарын іздей отырып, қиындықты жеңуге баулитын бағдарлама. Мақсаты барлық жастағы оқушыларға кез-келген мазмұнға сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға саналы шешім қабылдауға сабақтарда үйрету.

 3.1.  Тыңдалым, айтылым, оқылым дағдыларын дамытуға қатысты тапсырмалар (Топпен жұмыс):

Тәжірибелік жұмыс №1.

  • Бірінші топ:

«Тыңдап отырған үштік» әдісін қолдану (интернет желісінен кез-келген мақала)

Тәжірибелік жұмыс №2.

  • Екінші топ

«Оқиға картасы» әдісін қолдану. (кез-келген ертегіге құрастыру)

Тәжірибелік жұмыс №3.

  • Үшінші топ

«Менталды карта» (коммуникативтік құзіреттілік мәселесіне қатысты)

Тәжірибелік жұмыс №4.

  • Төртінші топ

«Алмаздың тоғыз қыры» әдісі арқылы коммуникативті дағдалырдың дамуына әсер ететін факторларды маңыздылығына байланысты орналастыр

Рефлексия «Шаршы» әдісі

  1. Оқылым дағдысын қалыптастыру (мәтінмен жұмыстың тиімді стратегиялары)

Саралап оқыту әдісі. Саралап оқытуды жүзеге асыру мақсатында кіріктірілген қазақ тілі мен әдебиеті пәні сабақтарында деңгейлік тапсырмалар жүйесін қолдануға болады. Өзге тілдегі мектеп оқушыларын қазақ тілінде сөйлету немесе үйретуде саралап оқытуды қолданудың екі бағытын атап көрсетуге болады. Біріншіден, оқушылардың қазақ тілі мен әдебиетін білу деңгейлерінің түрлі болып келуін ескеру. Екіншіден, тіл мен әдебиеттен берілетін тапсырмалар жүйесіне саралау тұрғысынан қарауды білдіреді.
 
Тәжірибелік жұмыс №1.
“Топтық тергеу ” әдісі (саралап оқыту технологиясы (оқушыларды қабілеті, мүмкіндігі, ерекшелігіне қарай оқыту)
Мәтінді өз беттерімен оқытуға арналған «Топтық  тергеу» әдісі
1- топ. Баяндап берушілер. Олардың тапсырмасы: әңгімені оқып, мазмұнын өз көзқарастарын қосып баяндау немесе сахналау.
2-топ. Зерттеушілер. Әңгіме кейіпкерлеріне мінездеме беру, мәтіннен антоним, синоним сөздерді табу немесе кез-келген грамматикалық тапсырма.
3- топ. Сұрақ құрастырушылар. Әңгімені оқып, жоғары деңгейлі сұрақтар дайындайды («Блум түймедағы» бойынша құрастыруға болады).
4- топ. Бейнелеуші- суретшілер. Әңгіме мазмұны бойынша сурет салады.
5- топ. Сілтеме табушылар. Әңгіме мазмұнына сәйке мақал- мәтелдер, афоризмдер, қанатты сөздер тауып сәйкестігін  дәлелдейді.
6- топ. Дәнекершілер. Әңгіме оқиғасын бүгінгі өмірмен байланыстырады.
Осы жұмысты орындауға 15- 20 минут уақыт беріледі.

Тәжірибелік жұмыс №2.
1-топ:Оқу бағдарламасы бойынша 1 мәтін негізінде  оқушының танымдық әрекетін дамытуға арналған тапсырма дайындау.
2-4 топ: Бастауыш сынып оқушыларының тілдік дағдыларын дамытуда СТО, саралап оқыту, интербелсенді оқыту стратегияларын зерделей отыра, тапсырмалар құрастыру.

Кері байланыс
«Өрмекші» әдісі (курс барысы бойынша) немесе  «551» әдісі (уақытты үнемдеу мақсатында курс материалдары бойынша 5 сөйлем, 5 кілт сөз, 1 қорытынды сөз)
Қорытынды: тілдік құзыреттіліктерін дамытуда жазбаша сауаттылығы жəне ауызша сөйлеу дағдыларын сабақтастыра қалыптастыру жолдарын негіздеуге назар аудару. Тілдік дағдыларды қалыптастырып, дамытуда ұсынылған интербелсенді әдістердің, саралап оқыту мен СТО стратегияларының, тиімділігіне, жекеше орындаған жұмыстардың мейлінше төмендеу орындалған себептерін анықтап, нелерді алдын-ала болжамдау қажет екендігіне назар аудару болып табылатынына курс тыңдаушылардың пікірін  тыңдау.

Әдебиет:
1.«Тіл және әдебиет» пәнінің оқу бағдарламасы. Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы.Астана, 2016
2.Об особенностях организации образовательного процесса в общеобразовательных школах Республики Казахстан в 2017-2018 учебном году: Инструктивно-методическое письмо. – Астана: Национальная академия образования им. И. Алтынсарина, 2017.
3.«Қазақ тілі және әдебиеті (Т2)» «Орыс тілі және әдебиеті (Я2)», «Көркем еңбек» кіріктірілген пәндерді оқыту бойынша әдістемелік құрал. Әдістемелік құрал. — Астана:Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2016. – 135
4.Бұзаубақова Қ.Ж. Мұғалімнің инновациялық даярлығын қалыптастыру. Алматы.Жазушы, 2006.
5.Бұзаубақова Қ.Ж. Педагогикалық тренинг жеке тұлғаны дамыту құралы ретінде. Алматы.Жазушы, 2006.
6.Жұмаділлаева Н.Б. «Сапалы білім берудегі инновациялық тәсілдерді қолдана оқытудың тиімділігі» Педагогика мәселелері  №1. 2013.
7.Қабдешова Ә. Сын тұрғысынан ойлау // Қазақ тілі мен әдебиеті.- №10.35-45б
8.Мирсеитова С.С. Оқыту ізденіс ретінде және ізденіс оқыту ретінде. Оқушылардың сыни тұрғысынан ойлауын дамыту нысандары мен әдістері.-Қ.,2011ж
9.Мұхамбетжанова С.Т., Мелдебекова М.Т. Педагогтердің ақпараттық –коммуникациялық технологияларды қолдану бойынша құзырлылықтарын қалыптастыру әдістемесі. Алматы: ЖШС «Дайыр Баспа», 2010 ж.
10.Мыңбаева.А.К, Садвакасова.З.М. «Оқытудың инновациялық әдістері», Алматы, 2010.
11.Обучение тренеров в рамках Программы повышения квалификации педагогических кадров по методам развития функциональной грамотности учащихся в рамках проведения международного исследования PISA. Рабочая тетрадь участника // NIS- PEARSON.
12.Өстеміров К., Қазіргі педагогикалық технологиялар мен оқыту құралдары.- Алматы, 2007.
14. Рауандина А.К. Қазақ тілін оқытуда оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру әдістемесі. Алматы, 2012.