Өрлеу сайты

«Инновациялар және білім берудегі тәжірибелер: уақыт талаптары» ҚР білім беру қызметкерлерінің II Республикалық педагогикалық оқулары Астана қалалық кезеңінің қорытындысы

«Инновациялар және білім берудегі тәжірибелер: уақыт талаптары» ҚР білім беру қызметкерлерінің II Республикалық педагогикалық оқулары Астана қалалық кезеңінің қорытындысы

«Инновациялар және білім берудегі тәжірибелер: уақыт талаптары» ҚР білім беру қызметкерлерінің II Республикалық педагогикалық оқулары Астана қалалық кезеңінің қорытындысы

2016 жылдың сәуір айының 15-19 аралығында ҚР білім беру қызметкерлерінің II Педагогикалық оқулары Астана қалалық кезеңінде 7 басым бағыт бойынша келіп түскен 134 баяндамамен 155 педагог қатысты.

Оның ішінде мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бағытында 28 баяндамамен 34 педагог, бастауыш білім беру мәселелері бойынша 25 баяндамамен 30 педагог, орта білім беру ұйымдарынан 42 баяндамамен 46 педагог, кәсіптік және техникалық білім берудің өзекті мәселелері бойынша 16 баяндамамен 17 педагог, жоғары білім беру бағытында 8 баяндамамен 13 педагог, білім берудегі менеджмент мәселелерімен 6 жұмыспен 6 басшы, оқушыларға қосымша білім беру саласы бойынша 10 жұмыспен 10 педагог.

II Педагогикалық оқуларының 7 басым бағыт бойынша «Авторлық бағдарлама», «Инновациялық жоба», «Білім беру ұйымын дамыту бағдарламасы» номинациялары бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтау жұмысымен «Өрлеу» БАҰО» АҚ педагогтары, Астана қ. Білім басқармасы қызметкерлері, Л.Гумилев атындағы ЕҰУ ғалымдары, Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының мамандарынан құрылған Сараптамалық кеңес атқарды. Олар: педагогика ғылымдарының докторы, профессор Ғ.М.Кертаева, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Ф.Н.Жұмабекова (ЕҰУ), Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының аға ғылыми қызметкерлері Б.К.Смағұлова, Г.Ж.Сисенғалиева, Б.М.Мұқатаева, З.А.Қарабалиева, А.Қ.Тастанова бар.

Үздік жұмыстардың қатарында №25 б/б әдіскері Е.С.Баранованың «Взаимодействие детского сада и школы – залог успешного обучения ребенка», №46 б/б педагогы Г.К.Алиеваның «Мектеп жасына дейінгі балалардың дүниетанымын мультимедиялық ойындар арқылы қалыптастыру», «Ақбұлақ-1 Астана» б/б педагогы Р.Х.Матковскаяның «Инновационные технологии на занятиях по физической культуре в детском саду», №5 гимназиясының мұғалімі Г.Ә. Қылышбаеваның «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы тұрғысынан жеке тұлғаның тәрбиесі мен әлеуметтенуі», «Центральная» экономикалық мектебінің мұғалімі Н.А.Зырянованың «Информационные предметные блоги как средство развития познавательной активности», Астана әкімдігіне қарасты «Оқушылар сарайы» қызметкері Б.К. Бугинастың «Содержание музыкальной деятельности дошкольников», әдіскер С.К. Шарыповтың «Формирование гражданской активности, патриотизма и лидерских качеств как основа воспитания и социализации личности через деятельность военно-патриотических и спортивных клубов», №40 орта мектебінің директоры Е.І.Іргебайдың «Әлкей Марғуланның өмірі мен шығармалары арқылы рухани дамыған толерантты тұлғаны қалыптастыру», №30 мектеп-гимназияның директоры С.М.Азимханованың «Командообразование: пути и решения», ҚазГЗУ ГЗ колледжі оқытушылары Н.С.Байбусинов пен Ж.Т.Мылтықбаеваның «Юридическая клиника», «Туран-профи» қала шаруашылығы колледжінің оқытушысы Б.А.Сейдахметованың «Тиімді әдіс — тиімді білім — ТжКББ жаңғыртудың негізі» жұмыстарын жатқызуға болады.

Сараптамалық кеңестің қорытындысымен әрбір басым бағыт және жеке номинациялар бойынша ҚР білім беру қызметкерлерінің II Педагогикалық оқулары Астана қалалық кезеңінің жеңімпаздары анықталды:

« 1 of 2 »

Пікір қосу