«Робототехника негіздері» курсының аяқталуы

«Робототехника негіздері» курсының аяқталуы

Қазақстан Республикасындағы жаңа технологиялардың шалқып өркендеуі, өнеркәсіптің жылдамдатылған индустрияландыруы кейінгі ұрпақтың жоғары білікті техникалық кадрлар дайындауын талап етеді. Осыған байланысты, «Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы АҚ филиалы  Астана қаласы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты білім беру ұйымдарының информатика, математика және физика пәндері мұғалімдеріне  арналған «Робототехника негіздері» курсын әзірледі.

Курс бағдарламасы 4 модульден тұрады:

  • Курсқа кіріспе және LEGO MINDSTORMS EV3-пен жұмыс негіздері;
  • EV3-те бағдарламалау;
  • Моторды қолдану арқылы қозғалыстар және бұрылыстар. Тетіктер және сызық бойынша қозғалыс;
  • Arduino-ға (IDE Arduino) арналған бағдарламалау ортасы және Processing бағдарламалау тілі.

Курстық оқытудың ұзақтығы 72 академиялық сағатты құрады.

Білім беру үдерісін ұйымдастыруда тыңдаушылардың білімін бағалау мен бақылау мақсатында аралық және қорытынды сынақ өткізілді. Курс соңында тыңдаушыларға сертификат табысталды.