Сыныпта оқушылардың оқу мотивациясын анықтауда MALS сауалнамасын қалай пайдалануға болады?

Сыныпта оқушылардың оқу мотивациясын анықтауда MALS сауалнамасын қалай пайдалануға болады?

Жубауова Жанар Рзабекқызы
«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы
Қызылорда облысы бойынша ПҚ БАИ,
Қызылорда қаласы

Қазіргі таңда оқушының оқу мотивациясын анықтау, оның диагностикасын жүргізу аса маңызды болып табылады. Оны әр оқушының жеке оқуға деген қабілеттілігін ескере отырып жүргізген жөн.
Оқушының оқу мотивациясын анықтау не үшін қажет?

  • Әр оқушының оқуда табысты болуына қолдау көрсету;
  • Оқушының тапсырманы орындаудағы ынтасын арттыру;
  • Жеке оқушының қажеттілігін ескеру;
  • Оқушының жоғарғы ойлауын дамыту;
  • Оқушыға қауіпсіз қолайлы оқу ортасын құру.

Сонымен қатар мен тренер ретінде деңгейлік біліктілік арттыру курсына келген мұғалімдердің мектеп тәжірибесін өткізудегі іс-әрекеттері жүйелі, жоспарлы, рефлексиялық тұрғыда ұйымдастырылғанын мақсат етемін. Осы орайда тізбектелген  сабақтар топтамасында мұғалімдердің Lesson study негізінде бақылауға  және зерттеуге алынған А, В, С деңгейіндегі оқушыларды қалай таңдауға болатынын үйретудемін.
Сол тренерлік тәжірибемді тренерлер мен мектеп мұғалімдеріне конструктивті теорияға негізделген  коучинг  жоспарын ұсынамын.
Коучинг жоспары

Тақырыбы Сыныпта оқушылардың оқу мотивациясын анықтауда MALS сауалнамасын қалай пайдалануға болады?
Жалпы мақсаттары MALS сауалнамасымен танысу;
MALS сауалнамасын пайдалануды үйрену.
Күтілетін нәтижелер MALS сауалнамасының мазмұнын, сұрақтарын білетін болады;
MALS сауалнамасын алыну, қорытынды, талдау жолдарын үйренеді.
Басты идеясы Бақылауға алынатын А,В,С деңгейіндегі оқушылардың оқу мотивациясын анықтайды. Сабақ барысында оқушылардың білім игеру деңгейлеріне қарай тапсырмалар мен оқыту формаларын ұйымдастыруға сауалнама қорытындысы негіз бола алады.
Құрал-жабдықтар Флипчарттар, маркерлер, стикерлер, тапсырма орындауға арналған парақтар
Уақыты Барысы Коуч әрекеті Қатысушылар әрекеті
2 мин Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру ? –синонимы,
,        ,,
Қатысушылар ребус шешеді, тақырыпты өз беттерінше анықтайды.
5 мин «Миға шабуыл» 1.Сауалнаманың қандай түрлерін білесіз?
2.Оқушылардың оқу  мотивациясын анықтауға қандай сауалнаманы қолданар едіңіз?
3. Винсент Шолиерді естігеніңіз бар ма?
4. MALS сауалнамасын білесіз бе?
Сұрақтарға жауап береді.
15 мин Сауалнама мазмұнымен танысу Ресурспен таныстыру Танысады, талдайды, талқылайды.
10 мин MALS сауалнамасымен жұмыс жүргізу Таратпа материалдар беріледі Сауалнама толтырады.
5 мин MALS сауалнамасының қорытындысын шығаруды үйрену MALS шкаласының кілтін тарату MALS шкаласы бойынша қорытынды шағарады
5 мин Кері байланыс 1.Коучинг сабағы ұнады ма/ұнамады несімен?
2.MALS шкаласын тәжірибеңізде қолдану қаншалықты қолайлы деп ойлайсыз?
Кері байланыс парағын толтырады
3 мин Бағалау 2 жұлдыз, 1 ұсыныс Стикерлерге жазып іледі
  1. Ресурс

Біріншіден, Myself-As-Learning  (MALS) шкаласы (оқытудың қабілет шкаласы) бірнеше жыл ішінде құрылды (Бурден, 1988). Бурден 389 студенттен, бір мектептегі 7 және 8-сыныптардан таңдау үшін MALS сауалнамасын қолданды. Шындығында, MALS сауалнамасына оқушылардың бес жауаптың бірін белгілеуін талап ететін (толығымен келісемін және толығымен келіспеймін) және әрбір жауап бір балдан бес балға дейін бағаланады, жалпы сома 100 құрайды. Оны зерттеу MALS бағалары мен есептеу мен сауаттылықтағы негізгі жетістіктер арасында күшті корреляция анықталды. Басқаша айтқанда, баға жоғары болған сайын студент өзін оқуға қатысты оң сезіне бастайды.
Екіншіден, оқуға қатысты белгіленген ойлану мен даму туралы зерттеулер Стэнфорд университетінің профессоры Двек (Dweck) анықтаған сала болып табылады. Өз интелектісі мен жеке қасиеттерін икемді, көнгіш (ойланудың өсуі) деп есептейтін студенттер үшін бұл жағдайда оқытуда оң қарым-қатынасқа қол жеткізіледі деп есептейді. Кері шындық өздерінің интеллектісі мен жеке қасиеттері бекітілген деп есептейін оқушылар үшін. Ойлауы дамығандығын көрсете білген оушылардың сабақ үлгерімі де жоғарлағанын зерттеу көрсетті. (Blackwell және басқалар, 2007). Осы тапсырма үшін ойлануды бағалауға қатысты, студенттерге интеллектіге және жеке қасиеттерге байланысты сұрақтар беріледі. (Винсент Шолиер, Оқыту үдерісінде қабылдау дағдысын жақсарту. Эссекстегі Академия базасында зерттеу.)

  1. Сауалнама сұрақтары:
А Аты:
Жынысы: ер/әйел
Жасы:
Сынып:
1 Мен тестілерді жақсы орындай аламын 5 4 3 2 1
2 Маған мәселелерді шешкен ұнайды 5 4 3 2 1
3 Маған жаңа жұмыс берген кезде, мен әдетте оны орындай алатындығыма сенімді боламын 5 4 3 2 1
4 Жұмыс туралы мұқият ойлау оны жақсы орындауға көмектеседі 5 4 3 2 1
5 Мен жақсы талқылай аламын 5 4 3 2 1
6 Мен өзімнің жұмысымда біршама көмекке мұқтажбын 1 2 3 4 5
7 Маған қиын жұмысты орындау ұнайды 5 4 3 2 1
8 Мен жаңа жұмысты орындауға тиіс кезде менде мазасыздық пайда болады 1 2 3 4 5
9 Проблемалық жағдайларды шешу қызықты деп ойлаймын 5 4 3 2 1
10 Мен жұмысты орындау қиын болған кезде маған ары қарай не істеу керектігін шеше аламын 5 4 3 2 1
11 Оқу жеңіл 5 4 3 2 1
12 Мен тесттерді жақсы орындай алмаймын 1 2 3 4 5
13 Мен көптеген сөздердің мағынасын білемін 5 4 3 2 1
14 Мен орындауға тиісті тапсырмаларды мұқият ойлаймын 5 4 3 2 1
15 Мен проблемаларды қалай шешу керектігін білемін 5 4 3 2 1
16 Мен мектепте көптеген тапсырмаларды қиын деп табамын 1 2 3 4 5
17 Мен ақылдымын 5 4 3 2 1
18 Қалай жақсы оқушы болатынын білемін 5 4 3 2 1
19 Маған өз ақылымды қолдану ұнайды 5 4 3 2 1
20 Оқу қиын 1 2 3 4 5
Жалпы балл

6, 8, 12, 16, 20 сұрақтар үшін
5- толық келісемін                                1-толық келісемін
4-шамалы келісемін                              2-шамалы келісемін
3-сенімді болмау                                   3-сенімді болмау
2-шамалы келіспеймін                          4-шамалы келіспеймін
1-мүлде келіспеймін                             5-мүлде келіспеймін
Ескерту: сауалнаманы сыныптағы барлық оқушы жеке толтырады. Әр оқушының толтырған сауалнамасына таладау жасалынады.
Нәтижелерді сұрыптау
Түсіндірме: кестедегі сұрақтардың реттік санына сәйкес  сауалнамадағы әр сұрақтың ұпайы жазылады (астына). Төрт өлшем (Тапсырмаларды орындау ынтасы  (T), Адамның өзіне сенімділігі (E), Тапсырманы орындаудан қашқақтауы (WA), Жұмыстан тыс қалған, мотивациясы төмен (A) ) бойынша жалпы қосындысы шығарылады. Жалпы қосынды бойынша «Нәтижелерді пайымдау» кестесіне сүйене отырып, оқушының оқуға деген мотивациясы анықталады.

жалпы
1 Тапсырмаларды орындау ынтасы (T) 2 5 9 13 14 19
5
2 Адамның өзіне сенімділігі (E) 3 6 12 16 20
3 Тапсырманы орындаудан қашқақтауы (WA) 1 7 8 11 17 18
4 Жұмыстан тыс қалған, мотивациясы төмен (A) 4 10 15

Нәтижелерді пайымдау
Жалпы қосынды тиісті шкаламен салыстырылады, нәтиже жуық шамамен алынады және көлденең орналасқан екі сәйкестік болса ғана оқушының оқу мотивациясы анықталады. (мысалы: Т=25, Е= 14,  WA =19,  A=11 болса, кестедегі шкаламен салыстыратын болсақ алғашқы екі өлшем бірінші жазылған сандарға жуық. Демек, бұл оқушы «Көмек қажет етеді». Сондықтан сабақ барысында бұл оқушыға қолдау, бағыт-бағдар, мадақтау аса қажет болып табылады.

T E WA A
26 13.7 15.5 3.9 Көмек қажет етеді
27.4 20.1 14.7 3.6 Баға үшін жүр
26.2 21.1 20.6 5.0 Оңай жолмен баға алғысы келеді
26.2 22.7 25.2 8.7 Позитивті оқушы
18.0 15.0 21.7 10.8 Аса тапсырмаға құштар емес
22.1 17 20.9 6.8 Төмен мотивация
  1. Кері байланыс парағы

А) нұсқасы
Коучинг сабағы ұнады /ұнамады несімен?
____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
MALS сауалнамасын тәжірибеңізде қолдану қаншалықты қолайлы деп ойлайсыз?
____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
В) нұсқасы
Сіз осы үдерістен өзіңізге қажетті қандай идея алдыңыз?
____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Бұл үдерісте не тиімді болды? Не тиімсіз болды деп ойлайсыз?
___________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Осы берілген тақырыпты ашу үшін тағы қандай стратегияны ұсынар едіңіз?
____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Мұғалімге арналған нұсқаулық, Екінші (негізгі) деңгей: Үшінші басылым, 2012 ж.,www.cpm.kz

2.Тренерлерге арналған нұсқаулық, Екінші(негізгі) деңгей: Үшінші басылым, 2012 ж., www.cpm.kz

  1. Үлестірме материалдары (1-2 апта) Екінші(негізгі)деңгей: Үшінші басылым, 2012 ж., www.cpm.kz
  2. Винсент Шолиер, Оқыту үдерісінде қабылдау дағдысын жақсарту. Эссекстегі Академия базасында зерттеу.