Сыни тұрғыдан ойлау дегеніміз не? Оқытуда сыни тұрғыдан ойлауды пайдалану

Сыни тұрғыдан ойлау дегеніміз не? Оқытуда сыни тұрғыдан ойлауды пайдалану

 «Сыни тұрғыдан ойлау дегеніміз не? Оқытуда сыни тұрғыдан ойлауды пайдалану» тақырыбындағы

ШЕБЕРЛІК СЫНЫБЫНЫҢ ЖОСПАРЫ  ( 3-апта. 5-күн. )

Өткізген: Деңгейлік бағдарламалар орталығының тренері Жубаева Ж.О.

1-қадам. Педагогикалық тәжірибе – ізденіс пен шеберлікте

  1. Қатысушы мұғалімдердің сипаттамасы: Деңгейлік бағдарламалар курсының тыңдаушылары, оның ішінде пән мұғалімдері: тарих-5, ағылшын-6, математика -3, бастауыш-8, география-1, қазақ тілі және әдебиеті -1, орыс тілі -1, биология- 1, химия- 1, өзін-өзі тану-1.

Мұғалімдердің дамуын болжамдау: Визуалды және ауызша дереккөздерді пайдаланып бірлесіп жұмыс істеу мен талқылау сыни тұрғыдан ойлауға мүмкіндік береді; Диалог негізінде сыни ойлауға жетелейтін сұрақтар әзірлеу болашақта сабақтарында дұрыс сұрақ қоюға бағытталады. Тәжірибеде жасап көргені естерінде ұзақ сақталады да, есептеу стратегиясын талқылау сыни тұрғыдан ойлауға көмектеседі.
2. Түйінді идеялар:

  • Визуалды және ауызша түрдегі негізгі ақпарат балалардың тәуелсіз ойлауына және олардың ой қорыту, өзіндік түсініктеме беру қабілетіне ықпалын тигізеді.
  • Сындарлы және ашық диалогке қатысу балалардың өз идеясын сенімді түрде білдіруіне, түрлі көзқарастарға көңіл бөлуге және оларды бағалауға мүмкіндік береді.
  • Балалардың жауабын бақылау, жазып алу мен талқылау сауатты оқытуға ықпал етеді.
  • Есептеулер стратегиясы туралы сыни тұрғыдан ойлау салыстырмалылықты түсінуді дамытуға көмектеседі.
  • Математикадағы мәселені шешу сыни назар аударуды талап етеді.

3. Оқыту нәтижесі:

Мұғалімдерге:

  • қатарластары арасында бірлесіп жұмыс істеу мен талқылау үшін визуалды және ауызша дереккөздерді пайдалануға;
  • тарих пен география пәні бойынша балалардың жауаптарын тыңдауға және ойлануға;
  • жас ерекшелігін ескеріп, балалардың уақыт пен кеңістік туралы сыни тұрғыдан ойлауын дамыту бойынша одан әрі қабылданатын іс-әрекеттерді жоспарлауға;
  • сыныпта оқытуды жақсартуға қажетті диалогтің сипаты туралы сыни тұрғыдан ойлауға;
  • оқу жоспарындағы әлеуметтік ғылымның мақсаты мен құндылықтары туралы сыни тұрғыдан ойлауға;
  • салыстырмалылық ұғымын дамыту үшін есептеу стратегиясын оқытуға;
  • есептеу стратегиясын оқыту туралы сыни тұрғыдан ойлауға көмектеседі.

4. Шеберлік сыныптағы сыни ойлылық шығармашылыққа жетелейді:

  • Көліктер  бойынша  сұрыптау.
  • Жұмыстарын   презентациялау.
  • «Тікұшақ құрастыру» тапсырмасы сыни тұрғыда ойлауға мүмкіндік берді.
  • Сыни ойланып көрейік!
  • ТВ шоу.
  • Математикадан сыни ойлау, есептеу тапсырмалары.
  • Ашық микрофон.

4. Тақырып бойынша мұғалім жұмысының мәселелері мен дамуын анықтау:

  • Визуалды және ауызша дереккөздерді пайдаланып, сыни тұрғыдан ойлауға тапсырмалар іріктеу;
  • Сыни ойлауға жетелейтін сұрақтар әзірлей алу;
  • Сабақтарында талқылау әдістерін қолдану;
  • Есептеу стратегиясы негізінде математика сабақтарына сыни ойлауға мүмкіндік беру.

2-қадам. Сабақ жүйесі:

    • Тәжірибе бойынша сабақ жүйесінің сипаттамасы: Бұл тақырып мұғалім мен оқушылар арасында диалогтік өзара әрекеттестік арқылы сыни тұрғыдан ойлауды дамытуға арналған. Мұғалімнің сыни тұрғыдан ойлауы түрлі жастағы топтарда қадағаланатын балалардың жауаптары мен оқыту үдерісі туралы ойлануы арқылы дамиды. Балалардың сыни тұрғыдан ойлауын дамыту жолдары оларды мәселеге көңіл аударуға және саяхаттар мен көліктер туралы мәліметтерді талдауға шақыру нәтижесінде қарастырылатын және бағаланатын болады. Балалар өз құрбыларымен және мұғаліммен сұхбаттасуда өз көзқарасын айтады әрі қорғай алады. Оқытудың анағұрлым ауқымды мәселелері әлеуметтік ғылым мен оқытудың байланысында және оқу жоспарындағы тарих пен географияның рөлін зерделеуде қарастырылған. Сондай-ақ, осы сабақта біз математикадағы сыни тұрғыдан ойлаудың кейбір аспектілерін қарастырамыз.
    • Негізгі әдістер мен тапсырмалар реті:
  1. Визуалды және ауызша көрсеткіштерді талдау бойынша топтық жұмысты қорғау.
  2. Бағдаршам көздерімен өзара бағалау.
  3. «Миға шабуыл». Көлікке қатысты «сұрақтар» ресурсын пайдаланып, сұрақтар әзірлеу
  4. Интерактивті тақтадан «Піл мен адамдар әрекеті» суреті көрсетіліп, сыни ойлауға сұрақтар қою, жауаптар алу.
  5. Рефлексия. Сұрақ қоюдың маңыздылығы.
  6. Тікұшақ құрастыру.
  7. Көлік тренингі
  8. «Пельманизм» әдісімен жұптарға бөлу.
  9. Қағаз-өте құнды.
  10. «Крестиктер мен нөлдіктер» шығармашылық тапсырмасы
  11. «Фантазия әлемінде» бейнекөрсетілімі
  12. «Сыни тұрғыдан ойлау: Математика пәнінен сыни ойлату. РР таныстырылымы.
  13. «ТВ шоу» негізінде талқылап, қорытындылау
  14. «Ашық микрофон» әдісімен кері байланыс жасау.
  15. «Мен өзімді бүгінгі сабақ бойынша …. көлікке теңеймін. Себебі … »

Ресурстар:

Визуалды айғақтар
Ауызша түрде алынған ақпараттар туралы сыни тұрғыдан ойлау
Миға шабуыл
Сұрақтар
Салыстыру, жинақтау және қолдану.
«Сыни тұрғыдан ойлау: Математика: 2-тапсырма».

3-қадам. Тиімді әдістер арқылы бірлескен топтық жұмыс:

1-тапсырма. Визуалды және ауызша көрсеткіштерді талдау бойынша топтық жұмысты қорғау. Алдыңғы сабақта саяхат және көлік тақырыбына назар аудара отырып, тарих және география пәндері бойынша айғақтар көзі ретінде фотосуреттермен жұмыс жасалды. Шағын топтардағы қатысушылар іріктелген фотосуреттер мен суреттерді қарастырып,талқылады. Тарихи немесе географиялық санаттардың сәйкес суреттер сұрыпталды. Сол тапсырманың қорытындысы ретінде таратылған әр түрлі көліктерді сұрыптап, өз ойларынан туындатқан әңгіме желісінде бес топ өздерінің сыни ойлана отырып дайындаған постерлерін қорғайды.

Бағдаршам көздерімен өзара топтық бағалау жасалады.  Топтар бағдаршам көздеріне қарай «өте жақсы», «жақсы», «нашар» деген белгілерді көтереді. Неліктен олай белгілегенін түсіндіреді.

2-тапсырма. Көлікке қатысты «сұрақтар» ресурсын пайдаланып, сұрақтар әзірлеу. Шағын топтағы қатысушылар бір, екі немесе үш қарама-қарсы сурет таңдайды. Әрбір сурет үлкен қағаз парағына орналастырылады.Сурет бойынша «миға шабуыл» әдісі арқылы ықтимал сұрақтар қойылып, суреттің айналасына жазылады: Бұл фотоны түсірген немесе суретті салған кім? Ол қашан жасалған/салынған? Бұл қай жерде жасалған? Ол қашан түсірілді/салынды? Бұл қай жерде жасалған? Бұл фото немесе  сурет қандай себеппен жасалған? Содан соң әр топ өздері 1 көлікті таңдап алып, соған қатысты 6 сұрақ (қадағалау сұрақтары, шешім қабылдауға арналған сұрақтар, аналитикалық сұрақтар, ерекшеленетін сұрақтар, Фантастикалық (теориялық) сұрақтар, жорамал жасау бойынша сұрақтар) әзірлейді. Басқа топтар оларға жауап береді. Ең жақсы жауап бергендерге қызыл, сары жетондар беріледі.

Интерактивті тақтадан «Піл мен адамдар әрекеті»  суреті көрсетіліп, суретте  қандай әрекет көрсетілгенін топшылап, өз ойлау деңгейлеріне қарай әртүрлі жауаптар беріледі.

Рефлексия. Сұрақ қоюдың маңыздылығы. Доктор Кристианна Алгер дұрыс қойылған сұрақтар сыныптың сыни ойлауын қалыптастыра алады деп пайымдайды. Сұрақтың нақты қойылмауынан, болмаса дұрыс емес сұрақ қойылып, оған дұрыс жауап күткен жағдайларда оқушының жауап бере алмай басын төмен түсіріп тұрғанын көп рет көрдіңіз. Сондықтан сұрақ қоюдағы айқындық, нақтылық, тереңдік, байланыстылық, әділдік ұғымдарына қатысты өз ойларын ортаға салады. «Ойдың басы – сұрақ» деп Ә.Нұршайықов айтпақшы, қандай мақсатта, қай тұрғыда сұрақ қоямыз, соған негізделген жауап аламыз. Демек, дұрыс сұрақ қоюа машықтанғанымыз жөн.

3-тапсырма. Тікұшақ құрастыру. Берілген үлгіні дамытып, өз ойларымен тікұшақ құрастырады. Әр топ тікұшақтарын таныстырып, жасалу жолын түсіндіреді.

«Көлік құрастыру» жаттығуы. Барлық мұғалімдер көліктің бір бөлшегі ретінде жинақталып, көлікті құрастырады. Мұндағы мақсат: бір бөлшегі жұмыс жасамаса көлік жүрмейді. Әрқайсыңыз топ үшін, өмірде де қажетсіздер. Сіздердің белсенділігіңіз бен пікіріңіз болмаса даму болмайды. Сол себепті бірігіп жұмыс жасайық.

«Пельманизм» әдісімен  жұптарға бөлу. Берілген карта бойынша сыни ойлана жұптасады, түсіндіреді.

4-тапсырма. Қағаз-өте құнды. Бірақ екі адамда —  біреу. Сіздердің мақсаттарыңыз — сұрақтар мен әдістерді қолданып, қағазды  өздеріңізге алу.

5-тапсырма. «Крестиктер мен нөлдіктер» шығармашылық тапсырмасы.  Өз ойларынан бейне құрастырады.

«Фантазия әлемінде» бейнекөрсетілімі.  Мұғалімдер бейнекөрсетілімдегі нәтижелермен өз жұмыстарын салыстырады, қорытынды шығарады.

6-тапсырма. «Сыни тұрғыдан ойлау: Математика пәнінен сыни ойлату» РРТ бойынша берілген есептерді шығарады, есептеулерді түрлі тәсілмен шығарады. Математиканы оқытуда қолданылатын әдіс, мүмкіндігінше біздің нені математика деп санайтындығымызға байланысты болады. Ричард Скемп математиканы құрал-жабдық арқылы түсіну немесе салыстырмалы түсінудің айырмашылығын тамаша көрсеткен. Құрал-жабдықтық түсінік дегеніміз   математиканы белгілі бір математикалық тапсырмаларды  орындау бойынша рәсімдердің  қатарынан тұратын,    бір — бірімен байланыспайтын ережелердің тізбектері ретінде түсінуді білдіреді. Қатыстылық  түсінік  кез-келген белгілі бір математикалық мәселелерге қатысты мағынаны құру үшін бір-бірімен өзара байланысқан  тұжырымдамалық  құрылымдар желісін қолдану  мүмкіндігін  білдіреді.

Проблема: Қанша баға қою керек? Мұғалімнің сыныбында 25 оқушы бар. Әр оқушы үй тапсырмасының шеңберінде  математиканың 16 тапсырмасын орындады. Мұғалім қанша тапсырмаға баға қоюы керек?

Ойша 3 х 14 есептеу тапсырмасын орындау.

4-қадам. Модельдеу:

7-тапсырма. «ТВ шоу» негізінде талқылап, қорытындылау. Әр топтан бір мұғалімнен шығып, «Білім» арнасындағы «Бастау» бағдарламасын жүргізуші және бағдарламаға қатысушы  4 мұғалім ТВ шоуға қатысады. Өзара рольдермен бөліседі. Көрермендер сұрақтар қойып, өзара талқылау жүргізеді.

5-қадам. Рефлексия:

«Ашық микрофон»  әдісімен кері байланыс жасау.

Бағалау. «Мен өзімді бүгінгі сабақ бойынша …. көлікке теңеймін. Себебі … »

Қорытынды сөз: Сыни тұрғыдан ойлау «ойлау туралы ойлану» деп сипатталады. Ол маңызды мәселелерді талқылау және тәжірибені ой елегінен өткізуді қамтиды. Мұғалімдер өзіндік педагогикалық білімі бар және өз біліктіліктерін үздіксіз арттырып  отыратындықтан бұл дағдылар дамыған және іс-тәжірибеде қолданылады деп ойлаймыз. Мұғалімдердің көпшілігі білімдері мен кәсіби дайындықтарына сәйкес, өздерінің жұмыстары туралы толғаныста болатындығы шындық. Дегенмен бұл жердегі мақсат – үдерісті жарқын бейнелі, жүйелі және басқа адаммен ортақ ету. «Рефлексивтік практик» деген ұғым философ, психолог және оқу реформаторы Джон Дьюи мен философ, индустриялық және технологиялық зерттеуші Дональд Шонның еңбектерінде қарастырылған. Осыған сәйкес рефлексивтік практик «іс барысында» және «іс-әрекеттен кейінгі» толғаныста жүреді, өз тәжірибесіне қатысты бірқатар ойлар мен сұрақтарды анықтап, жаңа іс-әрекет туындату үшін өзгерістер әкеледі. Конфуций айтқандай, «Білімге үш жол алып барады: ойлау, оқу жолы – бұл ең парасатты жол; еліктеу, ұқсау жолы – бұл ең оңай жол; басың тасқа  тиіп, тағдырдан сабақ алу, тәжірибе жинау жолы – бұл ең ащы жол». Теориялық білімді тәжірибемен ұштастыру көп ізденіс пен шеберлікті талап етеді.