Бүгінгі жаңа оқу бағдарламасы – ертеңгі жарқын болашақ

Бүгінгі жаңа оқу бағдарламасы – ертеңгі жарқын болашақ

Тұралбаева Алмаш Тұрғанбайқызы
«Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы
Алматы облысы бойынша ПҚБАИ
«Басқару және білім сапасы»
кафедрасынының менгерушісі,
философия докторы
Фазлыева Кульжаухар Кәкішқызы
«Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы
Алматы облысы бойынша ПҚБАИ
«Басқару және білім сапасы»
кафедрасының аға оқытушысы

Адамзат тарихында іс-әрекетті жүзеге асыру құралдарды ғана дамып қоймай, осы құралдарды, қоғамдық тәжірибені жасайтын адамның дамуы басты мәселе ретінде қарастырылады. Адам даму индексі (АДИ) олардың өмірінің ұзақтығы, білім алу, денсаулық сақтауға арналған мүмкіншіліктері, табыс табу мен жұмыс жағдайлары сияқты факторларды есепке алу арқылы мемлекеттерді салыстыратын көрсеткіш. Олар негізінде халықаралық салыстырулар жасалып, мемлекеттердің бұл саладағы жетістіктері айқындалады.
Заман талабымен сай білім беру жүйесі жаңартылып келеді. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев білімді ұрпақ тәрбиелеу, мемлекетімізді биік шыңдардан көрсету, дамыған 30 елдің қатарына қосылу мақсатында ұлы қадам бастады. Болашақ ұрпақ білімді болсын десек, сол ұрпаққа өмірде адаспай өз орындарын табуға бағыттайтын ұлағатты ұстаздардың біліктілігін арттырудан бастағанымыз өте орынды деп білемін. Осы бағытта жүзеге асырылған игі шаралардың бірі – еліміздің білім сапасын әлемдік деңгейге жеткізетін мұғалімдер қауымын қайта даярлау курстарының қарқынды жұмысы көңілге қонымды. Бастауыш сыныпқа арналған білім беру бағдарламасы оқушыларға XXI ғасырдағы қарқынды дамып келе жатқан зияткерлік және техникалық ортада табысты болу үшін қажетті дағдыларды меңгертуге бағытталған. Олар оқушыларды сын тұрғысынан ойлау, бірлесіп жұмыс істеу, ақпаратты өңдеу, мәселелерді шешу сияқты анағұрлым жоғары деңгейдегі көптеген дағдыларды өз бетінше меңгеруге және зерделеуге дайындайды, ынталандырады. Бастауыш сыныптың білім беру бағдарламасы спираль тәріздес құрылымға негізделген. Олар бастауыш сыныпта оқу бағдарламасы аясында игерілетін негізгі дағдыларға мезгіл-мезгіл қайта оралып отырады. Мысалы, оқу бағдарламасындағы кейбір оқу мақсаттары оқушылардың шынайы өмірде кездесетін мәселелерді анықтап, оларды зерттеуін талап етеді. Оқушы сыныптан сыныпқа ауысқан сайын бұл мәселелер күрделене түседі. Мәселелерді шешу тәсілі негізінен, дүниетану мен жаратылыстану пәндерінде қамтылған және математика бойынша оқу бағдарламасының негізгі тәсілдерінің бірі болып табылады.
Білім беру үдерісіне енген жоғарыда аталған жаңалықтар,   жаңартылған білім беру бағдарламасы, бүгінгі күнгі  талабына сай, келешек ұрпақтың сұранысын қанағаттандыратын тың бағдарлама демекпіз. Аталған міндеттерді жүзеге асыру барысында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы АОБПҚБАИ облыс  мұғалімдеріне арнайы курстар өткізіп келеді. Курстың мақсаты: «Кең ауқымдағы білімдерді меңгерген оқушы тұлғасын, үйлесімді ортасына қолайлы қалыптасқан білім беру» оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін енгізу арқылы, ұлттық білім беру жүйесіне арналған орта білім мазмұнын жаңарту бағдарламасымен таныстыру болып табылады. Жаңартылған білім беру мазмұнын ендіру бойынша курстарда оқыту «Назарбаев Зияткерлік мектебі» ДББҰ-ы Педагогикалық шеберлік орталығы мен  «Өрлеу» БАҰО» АҚ ұйымдастыруымен арнайы жасалған біліктілікті арттыру бағдарламаларымен жүзеге асырылып отыр. Атап айтсақ,  2016 жылдан бастап облыстың барлық аудандарында көшпелі біліктілікті арттыру курсын  өткізуде.
                Жаңартылған бағдарламаның басты ерекшелігі: білімді, шығармашыл, бәсекелік қабілеті тұлға тәрбиелеу; білім беру процесін тұлғаға бағдарлау; бала өміріндегі білімнің жеке тұлғалық мәні;  өзіндік дербес оқу қызметі, өмірлік тәжірибесі;  педагогикалық қолдау мен қамқарлық көрсету және мұғалім мен оқушының ынтымақтастығы;   оқушының жалпы жеке тұлғалық өсуі, дамуы және өзін-өзі дамытуы қамтылған. Жаңартылған бағдарламаның қолданыстағы бағдарламадан ерешеліктері баланың жан-жақты дамуына, өз пікірі мен ойын ашық жеткізуіне, әр адамға табиғатынан берілген, шығармашылық әлеуетін толық іске асыруына ықпал етеді.
Біз білімді  оқушыға  тыңдау, түсіну, ойлау, пайымдау, тұжырымдау, пікірлесу сияқты тілдік коммуникативтік біліктіліктерді оқушының өмірлік қажеттілігіне айналдыру үшін  маңызы зор екеніне көз жеткіземіз.
Осы курстан алған ақпараттарды пайдалана отырып, АОПҚБАИ-ның жоспарына сәйкес бастауыш сынып мұғалімдеріне курс өткізу барысында төмендегі мақсаттарды басшылыққа алдым:

  • Бастауыш білім беру сатысында пәндерді оқыту барысында қолдандатын тиімді жаңаша әдіс-тәсілдерді менгерту.
  • Мұғалімдердің іскерлігін, ізденісін туғызып, шығармашылықпен жұмыс істеуіне жол ашу.
  • Критериалды бағалау жүйесін еңгізу тұрғысынан мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін жетілдіру
  • Жаңа әдіс тәсілдерді пайдалана отырып оқушылардың білім сапасын арттыру.
  • Оқушының білім алу үдерісіне белсене қатысуын қалыптастыру.

          Білім беру үдерісін ұйымдастырудың басты ерекшелігі білім беру мен тәрбиенің бірлігі болып табылады. Курстың 1-4-күндері  жаңартылған білім беру бағдарламасына және оның құрылымына қысқаша шолу, оны тиімді іске асыру үшін қажетті педагогикалық тәсілдер және критериалды бағалау жүйесі тренинг арқылы мұғалімінің іс әрекеті ұйымдастырылды. 5-15-күндері білім беру бағдарламасының пәндік аспектілері (белсенді және тәжірибелік), ықшам сабақтар, өзіндік рефлексия және метатанымдық тапсырмаларды тиімді әдістерді пайдалана отырып   мұғалімдер өздерінің іс-тәжірибесімен бөлісті.Курсты өткізу барысында  мұғалімдер электронды және  баспадан шығарылған барлық әдістемелік құралдармен қамтамасыз етіліп, интерактивті әдістер, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар кеңінен қолданылды. Оқу бағдарламасы мен сабақ жоспарларын егжей-тегжейлі талдауға, ортақ ой шығаруға іс-тәжірибе алмасуға, әр сабақтың соңында тренер мұғалімдерге жаңартылған білім беру бағдарламасын түсіну жәйлы өзін-өзі бағамдау нысанын тотырылып,  кері байланыс жүргізеді. Мұғалімнің өзін-өзі бағамдау нысаны тренер мүғалімдерге   бүгінгі сабата  не ұнады?   Үйренгенің  ішінен өзінің  тəжірибеңізде нені қолданады,   сабақта түсінбеген мəселелер болды ма? Оны қалай пысықтағысы келеді?  үйренгендердің ішінен  не айтарлықтай құнды деген сұрақтарға жауап бере отырып   мұғалімдерге қосымша    әдістемелік көмек көрсетуге мүмкіндік береді. Әр тренер мұғалімдердің теория мен  тәжірибені ұштастыруға, мұғалімінің өз әрекеттерін жоспарлай және ұйымдастыра білуге, мұғалім оқу материалдарын оқушыға дайын күйінде  бермей, оқушымен бірлесіп, сабақ үрдісін ұйымдастырушы, бағыттаушы ретінде болуы, ал оқушы үшін білімді өздігінен жан-жақты ізденуі, мәселені анықтай алуы, өзіндік тұжырым жасай алуы, өзінің іс -әрекетіне баға беруге дағдылануы, сыни ақпараттарды өз бетімен тауып, талдап, дәлелдей алуына, белгілі бір деңгейде пікірталасты жүргізе білу қабілеттерін дамытуға аса назар аударылды.Бастауыш сыныптан оқушысын өмірге дайындау, яғни көшбасшыллықа тәрбиелеу мүмкіндіктері қарастырылды.       Қазақстан Республикасының Президенті  Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде бір болашақ» атты өзінің Қазақстан халқына Жолдауында: «ХХI ғасырдағы дамыған ел дегеніміз – белсенді, білімді және денсаулығы  мықты азаматтар. Ұлттық да бізді ауқымды жұмыс күтіп тұр» — деген. Білім берудің сапасын жақсарту әрине бастауыш сатыдан басталады. Бастауыш білім үздіксіз білім берудің алғашқы басқышы қиын да, жауапты жұмыс. Бұл сатыда білім берудің сапасы, мұғалімнің кәсіби құзыреттілік деңгейіне байланысты. Әрине қазіргі заманда оқушыға сапалы білім беру үшін,  мұғалімнің өзінің педагогикалық білімі, іс-тәжірибесі жоғары деңгейде болу керек.
Оқу бағдарламасын оқып-үйренуде табысқа жету және оқытудағы тиімді ұйымдастыру үшін кәсіби қызметтің дайындығы  педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының ұйымдастырылуы сол өзгерістердің ең бастысы және дәлелі екені анық. Қоғам өзгеруімен бірге сол қоғамда өмір сүріп жатқан адамдар да өзгереді. Сондықтан біздің балаларымыз білім алып, тәрбиеленіп жатқан мектеп болашағы — ұстаздардың әрқашан ізденісте болуына байланысты. Қорыта айтқанда, бағдарламаның мәні, баланың функционалды сауаттылығын қалыптастыру. Оқушы өзінің мектеп қабырғасында алған білімін өмірінде қажетке асыра білуі керек. Жаңартылған бағдарламаның негізі «Өмірмен байланыс» ұғымына құрылған. Ал мұғалім жаңашылдықтың жаршысы. Мектеп қабырғасында оқушыларды біліммен сусындататын әрбір педагог,  Генри Фордтың  «Бұған дейін жасалғандардың бәрін одан да жақсырақ етіп жасауға болады» деген ілімін негізге ала отырып, бір нәрсемен ғана шектелмей өз білімін, шығармашылығын дамытып отыру керек деген ойдамыз.