Сайт Өрлеу

Оқушылардың функционалдық оқу сауаттылығын зерттеу дағдылары арқылы ұйымдастырудың жолдары

Оқушылардың функционалдық оқу сауаттылығын зерттеу дағдылары арқылы ұйымдастырудың жолдары

Сейлхан Айгүл Қауатайқызы
«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Шығыс Қазақстан облысы бойынша
педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының
аға оқытушысы,филология ғылымдарының кандидаты, тренер

Тақырыбы: Оқушылардың функционалдық оқу сауаттылығын зерттеу дағдылары арқылы ұйымдастырудың жолдары (мұражай педагогикасы технологиясы негізінде)
Жоспарланған уақыт — 30 мин
Мақсатты топ – қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері
Ұсынылатын әдістеме: мұражай педагогикасы технологиясы
Тақырыптың өзектілігі: Жас ұрпақтың санасына ұлттық құндылылықтар туралы ақпаратты зерделеп, оның маңызын шығармашылық – зерттеушілік қабілеттері арқылы дамыту ұстаз үшін көп ізденуді талап етеді. Ұсынылатын мұражай педагогикасы технологиясының осы мүддеден шығуда маңызы ерекше.  Бұл білім берудің жаңа философиясы мен интеграциялық білім беруге сәйкес оқытуда сирек  қолданылып жүрген технология.
Елімізде мемлекет тарапынан жүзеге асып жатқан «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында мұражай педагогикасы технологиясы арқылы оқыту заманауи білім беруде  өзектілігін дәлелдеп отырған басым бағыттағы тәсілдердің бірі.
Шеберлік сабағының мақсаты  – оқушылардың оқу сауаттылығын  дамытуда мұражай педагогикасы  технологиясының тиімділігін зерттеу әрекеттері арқылы жаңартылған білім мазмұны аясында  көрсету, тәжірибе алмасу.
Міндеттері

  • мұражай педагогикасы технологиясы туралы білім алу;
  • технологияның жүзеге асуына көз жеткізу;
  • зерттеу әрекеттеріне арналған тапсырмаларды орындау;
  • кері байланыс, қолдау көрсету.

ШЕБЕРЛІК САБАҒЫНЫҢ ЖОСПАРЫ

Реті Жоспарланған әрекеттер қадамы Ұсынылатын
әдіс-тәсілдер
Орын-
дау уақыты
Ресурс-тар
1 Әріптестердің бір-бірімен танысуы Көршімізбен танысайық ойыны 3 мин ұялы телефон
Теориялық бөлім  
2 Мұражай педагогикасы технологиясы туралы не білеміз? Шағын диалог 3 мин бейнема териал
3               Проблема қою:

Оқушылардың зерттеу дағдыларын дамытуды мұражай педагогикасы технологиясымен қалай байланыстырамыз?

Сұрақ-жауап 1 мин таныстырылым
4 Батырлар жырынан сюжеттер ұсыну.
Талдау жолдарын көрсету, дәлелдеу
Саралау тәсілі: диалог және қолдау 3 мин мәтін, графикалық органаи
зер
Тәжірибелік бөлім  
5 Тапсырма: Қазына іздеу жолында  (бейнесұрақтарға жауап іздеу) Шағын топтармен жұмыс 5 мин бейнема
териал
6 Зерттеу жолдарын ұсыну, түсіндіру
модельдеу
Топтық жұмыс 10 мин флип
чарт, маркер
7 Кері байланыс
Қорытынды
Жеке жұмыс
«11 сөзбен жеделхат» әдісі
5 мин қима қағаз
дар