Сайт Өрлеу

Халық ауыз әдебиеті үлгілерін сын тұрғысынан ойлау технологиясымен үйлестіру

Халық ауыз әдебиеті үлгілерін сын тұрғысынан ойлау технологиясымен үйлестіру

М. Б.Айткенова
«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы
Қарағанды облысы бойынша
педагогикалық қызметкерлердің
біліктілігін арттыру институты
[email protected]

Семинар-тренинг
«Сын тұрғысынан ойлау арқылы балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту» тақырыбындағы қазақ тілі пәні мұғалімдеріне арналған біліктілікті арттыру курсының оқу бағдарламасы
 
1-кезең. Семинар-тренингтің басталуын ұйымдастыру.
Семинар-тренингтің ұзақтығы: 90 минут.
Мақсатын, міндеттерін анықтау.
Мақсаты: ұйымдастырылған оқу әрекетінде бүлдіршіндерге ауыз әдебиеті үлгілерін таныстыруға бағытталған тапсырмаларды сын тұрғысынан ойлау технологиясы арқылы жобалау. Білім беру мазмұны арқылы сын тұрғысынан ойлауды жүзеге асыру жолдарын қарастыру.
Міндеттері:

  • Сын тұрғысынан ойлау стратегияларымен танысу;
  • Ұйымдастырылған оқу әрекетінде сын тұрғысынан ойлауды қолданудың маңызын түсіну;
  • Тиімді қолдану жөнінде түсінік қалыптастыру.

Семинар-тренингтің тақырыбымен, мақсатымен, міндеттерімен таныстыру.
Қолданылатын түйінді құжаттар мен терминдер
Пән аясында түйінді құжаттармен танысу.

  1. «Балабақша – мектеп – колледж – жоғары оқу орны» жүйесіндегі мемлекеттік тілді деңгейлік үздіксіз оқыту стандарты. Жоба. – Астана: Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2014. – 96 б. С.С.
  2. Мирсеитова. Әрекеттегі RWCT философиясы мен әдістері / — 4-ші басыл., толық. – Қарағанды : Қазақстан оқу ассоциациясы, 2011. – 232 б.
  3. Мұғалімге арналған нұсқаулық, 3-басылым. «Назарбаев Зияткерлік мектебі» ДББҰ, 2012. – 306 б.

Сын тұрғысынан ойлау – бақылаудың, тәжірибенің, ойлау мен талқылаудың нәтижесінде алынған ақпаратты ойлауға, бағалауға, талдауға және синтездеуге бағытталған пәндік шешім.
2-кезең. Семинар. Тақырып бойынша теориялық бөлім.
«INSERT» стратегиясы
Мақсаты: тақырыпқа қатысты мәнмәтінді басшылыққа алып, түсінік деңгейін жетілдіру, салыстыра отырып сын тұрғысынан талдау.
Тыңдаушылар ақпаратпен танысу барысында кестені толтырады.
Тыңдаушылар жеке, жұппен, топпен жұмыс істеу тәртібін басшылыққа алады.
Кесте бөліктері түсіндіріледі: Мысалы,

v + ?
1-2 репликадан тұратын қарапайым тілдесімге түсе алады Белсенді сөздік қорын 50-70-ке жеткізу

V – бұрыннан білетін ақпарат, оймен келісу;
– – бұл ақпаратпен келісе алмайсыз, сіз ойлағаннан өзгеше;
+ – сіз үшін жаңа ақпарат;
? – егер айтылған ой немесе сіз үшін түсініксіз болса немесе тереңірек білгіңіз келсе…
Ұсынылатын ақпараттар
«Қазақ тілі» оқу пәнінің базалық білім мазмұнына қойылатын талаптар

  • Қарапайым деңгейде – А0 (мектепке дейінгі білім мен тәрбие беру):
  • Сөйлегенде қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айта білу;
  • Өзіне, отбасына, досына, балабақшасына қатысты «сенің атың кім?», «оның аты кім?», «ол кім?» деген сұрақтарға қатысты сөйлеудің қарапайым модельдерін игерту;
  • Заттардың сапасын «жақсы», «жаман» деген сөздермен бағалауға үйрету;
  • Қарапайым тілдесімде «иә», «жоқ» сөздерін қолданып жауап беру;
  • 1-2 репликадан тұратын қарапайым тілдесімге түсе алады;
  • Белсенді сөздік қорын 50-70-ке дейін жеткізуді қамтамасыз етуі тиіс.

***************
Төрт жасар балалар көп сұрақ қояды және «қайда?», «не?», «кім?», «неге?», «қашан?» сияқты көптеген сұрақтарды пайдаланады. Олар бес сөзден тұратын сөйлемді пайдалана алады және олардың 1500 сөзден тұратын сөздік қоры бар. Бес жасар балалар алты сөзден сөйлем құрай алады және 2000 сөз пайдаланады.
***************
Баланы жетілдіре тәрбиелеуде тәжірибелі жұмыстар көп. Соның ішінде баланы халық ауыз әдебиетіне әуестендірудің пайдасы өте зор. М. Жұмабаевтың айтуынша: «Балада қиял ерте оянады. Бірақ оның жанында суреттеулер аз болғандықтан, қиялы да бай емес. Баланың түсінуінше дүниеде мүмкін емес нәрсе жоқ, бәрі мүмкін болатындай. Бала ертегінің бәрі шын деп ұғады, бала құрғақ ақылды ұқпайды, жандандырып, суреттеп алып келсең ұғады. Қысқасы, балаға ертегі тым қымбат нәрсе», – дейді.
Бала тілін жан-жақты дамытып, қалыптастыруда қазақ халқының ауызекі шығармаларының маңызы өте зор. Халық ауызекі шығармалары әсем түрде құрылған жұмбақ, жаңылтпаш, санамақ, ойын өлеңдер, ертегі, аңыз-әңгіме, мақал-мәтелге бай. Осы бай мұраның қай түрін алсақ та балаға ана тілін меңгертіп, сөздік қорын молайту арқылы, байланыстырып сөйлеуге, тілінің грамматикалық құрылымын қалыптастыруда, дыбыстық қателіктерді жоюда, шығармашылық ойлауын дамытуда баға жетпес құралдар болып табылады.
Ата-ана бала түсінігіне лайықты мектеп жасына дейінгі балалар үшін тек қиял-ғажайып және хайуанаттар туралы ертегілер оқылатындығын ескергені жөн. Сәби балаларға (3-4 жас) ертегілерді ауызша әңгімелеп айтып беріп, ал ересек балаларға (5-6 жас) оқығанды тыңдатып және әңгімелету әдістерін жүргізуге болады. Себебі мектеп жасына дейінгі баланың жас кезеңдеріне қарай психикалық даму ерекшеліктерін ескеретін болсақ, бала үшін ұзақ уақыт оқылған ертегіні зейін қоя отырып тыңдау қиынға соғады.
Ертегіні тындату арқылы балаға жан-жақты тәрбие беріп, дамытумен бірге, оқығанды шыдамдылықпен тыңдай білуге ұстамдылыққа үйрете аламыз, әсіресе, ертегіні сюжетке қатысты түрлі-түсті суреттерді, картиналарды пайдалану арқылы әңгімелесу баланың қызығушылығы мен эстетикалық талғамын арттыра түсуде мол мүмкіндіктер береді. Бала үшін сурет арқылы ертегі мазмұнын айтып беру, шығармашылық ойлауын, ұзақ уақыт есте сақтау қабілетін де дамытады.
Ертегілердегі балаларды аса қызықтыратын тағы бір жәйт – кейіпкерлердің аса айқын, дәл суреттелетіндігінде, олардың әрекеттері, іс-қимылы, мінездері қатты әсер етіп отырады.
3-кезең. Топтық жұмыс.
«Пазл» әдісін пайдаланып, бейнелі суреттер арқылы топқа бөліну және тақырыпты анықтау
1-топ: Жыл мезгілдері
2-топ: Отбасы
3-топ: Жануарлар
4-топ: Құстар
«Ойлан. Жұптас. Бөліс» стратегиясы
Мақсаты: тәжірибе негізінде болжамдар мен ұсыныстарды қайта қарау арқылы балаларға білім берудің үдерісін түсіну.
Тапсырмалар:
1-қадам. Жеке жұмыс
Қолданып жүрген сын тұрғысынан ойлау технологиясының стратегияларын еске түсіріңіз.
2-қадам. Жұптық жұмыс
Өз пікірлеріңізбен бөлісу үшін қолданыстағы стратегияларды флипчартқа түсіріп, ортаға салып, ой бөлісіңіздер.
3-қадам. Топтық жұмыс
Топтың тақырыбына сәйкес (Жыл мезгілдері – 1-топ, Отбасы – 2-топ, Жануарлар – 3-топ, Құстар – 4-топ), ұйымдастырылған оқу әрекетінде өз тобыңыздың тақырыбы бойынша халық ауыз әдебиетінің бір түріне байланысты, мысалы, 1-топ — ертегілерді, 2-топ — санамақтарды, 3-топ — төрт-түлікке байланысты тұрмыс-салт жырларын, 4-топ — жұмбақтарды пайдаланып, 1-2 репликадан тұратын қарапайым тілдесімге түсе алатын тапсырмалар құрастырыңыздар. Сын тұрғысынан ойлауды дамытуды ескеріңіздер.
Ұсыныс (кеңес):
Сын тұрғысынан ойлаудың негізгі ерекшеліктері:

  1. Ұтқырлық (ең жақсы түсініктемені табуға ұмтылу).
  2. Сыңаржақтылықтың болмауы (болжамды көзқарастар мен мүмкіндіктерді қарастыру).
  3. Пайым (дәлелдердің деңгейі, маңызы).
  4. Тәртіп (тиянақты, нақты, жан-жақты).
  5. Өзіндік сана-сезім (эмоция мен көзқарас, сенім).

4-кезең. Талқылау.
Мақсаты: Дайындаған жұмыс түрін сын тұрғысынан ойлау технологиясы талаптарына сай сатылап дәйектеу. Сын тұрғысынан ойлау технологиясын қолданудың маңызын түсіну.
Талқылау топ арасында жүреді.
Тапсырма: 3-кезеңде дайындаған жұмыс түрін кестені негізге алып, талдаңыздар.
Ұсыныс: Топтарда қалай жұмыс істеуге болады?
Топтық жұмыстың артықшылығын барынша күшейту үшін, мұғалімдер балалармен қарым-қатынас жасаудың жеке тұлғалық ерекшеліктерін, өзінің пікірін білдіру және басқаларға қолдау көрсету дағдыларын біліп, оларды дамыта алғандары маңызды (Қарым-қатынас: жазбаша және ауызша әңгімелесу, тыңдау, ым мен қимылды пайдалану; Өзін-өзі таныту: үстемдік танытпай, топтағы жұмысқа белсенді қатысу үшін өзіне-өзі сенімді болу; Басқаларды қолдау: топтың қызметіне үстемдік жүргізбей, топ жұмысына белсенді қатысу үшін күрделі  жағдайларды шешу; Басқаларды бақылау және басқалар туралы хабардар болу. Топтың басқа мүшелеріне қатысты елгезектік).
Талқылау кестесі таратылады. Талқылау кестесі:

Мазмұны Мақсат(тар)ы :
Балалардың қандай дағдылары мен іскерліктерінің қалыптасқанын қалайсыз?
Мінез-құлық көрсеткіштері:
Тапсырма кезінде қандай мінез-құлық болады? (балалардың тапсырма кезінде бақыланатын мінез-құлқы)
Мүмкіндіктер тізімі: Қандай түсініктерді игереді?
Материалдар:
Іс-шаралар кестесі: Баладан нені орындауды/шешуді/зерттеуді сұрайсыз?
Осы тапсырмалар балаларды қалай қызықтырады?
Қателесулер/ Қиындықтар:
Балалардың қандай қателесулері
кездеседі? Қандай қиындықтарды күтесіз?
Стратегиялар: Жұмыс/тапсырма
кезінде қандай стратегияларды
қолданасыз? Сондай-ақ, қателесулер
мен мәселелерді шешу үшін
стратегияларды қарастырыңыз.
Сауалдар: Балаларға қандай сауалдарды қоясыз және оларды қашан қоясыз?
Бағалау: Балалар мен оқытудың
табысын қалай бағалай аласыз?

5-кезең. Рефлексия.
Осы сабақта қарастырылған мәселелер бойынша қосымша талқылауды қажет ететін сұрақтарды анықтау, сұрақтарға жауап беру.
Топтық жұмыс. «Автобус аялдамасы» әдісі арқылы жүзеге асыру.
Мақсаты: қорытынды жасауды, тұжырымдарды қалыптастыруды дамыту.
1-аялдама
Сын тұрғысынан ойлауды қалай түсінесіз?
2-аялдама
Сын тұрғысынан ойлаудың мақсаты қандай?
3-аялдама
Сын тұрғысынан ойлауды ұйымдастыруда мұғалімнің рөлі қандай?
4-аялдама
Сын тұрғысынан ойлаудың маңыздылығы неде?
Жеке жұмыс. «Өзі үшін жазу» стратегиясы (Бұл әрекетте адамның өзін бағалауы көрініс береді).
Сұрақ: Бүгінгі семинар-тренингтің ең пайдалы бөлігі қандай?
Үйренгеніңіздің нәтижесі ретінде Сіз оны қалай қолданасыз?
Әдебиеттер:

  1. «Балабақша – мектеп – колледж – жоғары оқу орны» жүйесіндегі мемлекеттік тілді деңгейлік үздіксіз оқыту стандарты. Жоба. – Астана: Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2014. – 96 б.
  2. С.С. Мирсеитова. Әрекеттегі RWCT философиясы мен әдістері / — 4- басыл., толық. – Қарағанды : Қазақстан оқу ассоциациясы, 2011. – 232 б.
  3. Мұғалімге арналған нұсқаулық, 3-басылым. «Назарбаев Зияткерлік мектебі» ДББҰ, 2012. – 306 б.

16 комментариве к “Халық ауыз әдебиеті үлгілерін сын тұрғысынан ойлау технологиясымен үйлестіру

  1. Рымкуль

    Тренинг тақырыбы өзекті, тыңдаушыларды мектепке дейінгі жастағы балалардың сын тұрғысынан ойлау қабілеттерін дамытуға жетелейді

  2. Асемгуль

    Ұсынылған тренинг материалы өте өзекті. Сын тұрғысынан ойлау технологиясы жаңартылған білім беру бағдарламасының негізі бағыты болып табылады. Сондықтан осы бағытта әзірленген тапсырмалар мұғалімдердің жұмыс жасауына тиімді.Көп рахмет!

  3. Алтынгуль

    Тренинг балалардың бойында XXI ғасырда қажетті дағдылардың бірі сыни ойлауды дамыту үшін тәрбиешілерге қажетті ақпараттар мен тиімді әдістерді ұсына алады.

  4. Бахыт

    Тренинг помогает понять,как правильно использовать стратегии развития критического мышления.С какой целью,какие трудности могут возникнуть,,как их избежать . Анализируя задания и отвечая на эти вопросы, учителя понимают важность правильного подбора той или иной стратегии.

  5. Жанна

    Осы аталмыш тренинг қазіргі кезде оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауға баулиды. Нақты осы биылғы ел басының жолдауында сын тұрғыдан ойлауға аса мəн беріліп отыр, сондықтан маңызды болып отыр.

  6. Алмагүл

    Аталмыш семинар-тренигтің əр қадамы ұтымды. Халық ауыз əдебиеті бойынша ұсынылған тапсырмалар тиімді қолданылған. Жеке,жұптық,топтық жəне болжау,талқылау сияқты əдістері халық ауыз əдебиетін меңгеруге, балалардың ойлау қабілеттерін арта түсуге мүмкіндік береді. Жалпы Мөлдір Болатқызының өткізген семинар-тренингтері тиімді,сəтті өтуде. Алдағы уақытта сізге шығармашылық табыс тілеймін.

    1. Галия

      Тренинг оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауға мүмкіндік береді. Мұғалімдерге көп көмегі бар. Сондықтан мұғалімдерге көмекші құрал ретінде пайдалануға болады. Алдағы уақытта шығармашылық табыс тілеймін рахмет

  7. Айгүл

    Бұл тренинг өзекті тақырып, қазіргі ақпараттық қоғамда сыни ойлау технологиясы табыстылықтың кілті. Заманауи өмір ойлау дағдыларын тұрақты жетілдіруді талап етеді. Сондықтан бұл бізге маңызды. Рахмет

  8. Жумагуль

    Ұсынылған тренинг жазбасы жеке тұлғаны оқу мен жазу арқылы сыни тұрғыдан ойлауға үйретуде маңызды орын алатындығымен маңыздылығын арттырып отыр. Өзіндік ой-тұжырым жасауға негіз болатын əдіс-тəсілдер де тиімді іріктелген. Мұғалім тəжірибесін жетілдіруге ықпалы зор болатындығымен құнды деп бағалаймын.

  9. Бану

    Өте ауқымды мәселелер айтылған. Қазіргі таңда оқушылардың сыни тұрғыдан ойлап, өз еріктерімен ойларын айта алуға, сенімділкке үйрету үшін тиімді әдістер қолданған. Тақырыбы өзекті. Құнды. Тиімді. Өз іс тәжірибеме қолданысқа ескеремін. Раxмет. Керемет ұнады.

  10. Гульмира

    Мектеп мугалимдери ушин тимди жане пайдалы тренинг. СТО адис тасилдерин жаксы жоспарлаган. Озекти такырып. Рахмет.

  11. Əйгерім

    Баланы жетілдіре тəрбиелеуде халық ауыз əдебиетінің пайдасы семинар-тренингте ескерілген. Сын тұрғысынан ойлаудың ерекшеліктері нақты көрсетілген. Əсіресе топтың қызметіге үстемдік жүргізбеу мəселесінің аңғарылғаны ұнады. Функционалдық сауаттылықты арттырудың бірден-бір көзі деп білемін.

  12. Ақмарал

    Семинар -тренингте оқу әрекетінде бүлдіршіндерге ауыз әдебиеті үлгілерін таныстыруға бағытталған тапсырмаларды сын тұрғысынан ойлау технологиясы арқылы жобалау ұсынылған. Тренингте берілген тапсырмалар оқушылардың тынымсыз ізденімпаздыққа баулып қана қоймай, сын тұрғысынан ойлауды үйрету арқылы оқушылардың танымдық қабілеттерін арттыруға жол ашатын бірде бір дұрыс жол болмақ. Осы әдіс-тәсілдерді болашақта өз жұмысымда басшылыққа ала отырып, практикада қолданбақпын. Рақмет!

  13. Эльмира

    Бұл тренинг тақырыбы өзекті. Сын тұрғысынан ойлау мектепке дейінгі балалардың тілін жан-жақты дамытып, қалыптастыруға жетелейді.Бұл тренинг мұғалімдер үшін өте пайдалы дүние.

  14. Асем

    Ұстаздар қауымы үшін өте құнды дүние. Мұғалімдер өз қажетіне жарататыны сөзсіз. Осындай еңбегіңіз үшін алғысым шексіз. Сыни тұрғыдан ойлай білетін шəкірттеріміздің саны арта берсін!