Сайт Өрлеу

Білім беру жүйесін модернизациялау жағдайындағы педагогикалық инновация

Білім беру жүйесін модернизациялау жағдайындағы педагогикалық инновация

Жуманбаева А.О., Ахметова О. Б.
Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы
«Ақмола облысы бойынша  ПҚ БАИ,
инновациялық технологиялар және
жаратылыстану-ғылыми (гуманитарлы)
пәндерді оқыту әдістемесі кафедрасының
аға оқытушылары
[email protected], [email protected]

Abstract
The article deals with the importance of pedagogical technologies in the context of modernization of the education system, with an understanding of the concept of innovation.
Aннотация
В статье рассматривается важность педагогических технологий в контексте модернизации системы образования с пониманием концепции инноваций.

Білім беру саласы қызметкерлерінің алдына қойылып отырған міндеттердің бірі – оқытудың әдіс тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды меңгеру. Қазіргі таңда оқытушылар инновациялық және интерактивтік әдістемелерін сабақ барысында пайдалана отырып сабақтың сапалы әрі қызықты өтуіне ықпалын тигізуде.
Н.Нұрахметов “Инновация” білімнің мазмұнында, әдістемеде, технологияда, оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыруда, мектеп жүйесін басқаруда көрініс табады деп қарастырып, өзінің жіктемесінде инновацияны, қайта жаңарту кеңістігін бірнеше түрге бөледі: жеке түрі (жеке – дара, бір-бірімен байланыспаған); модульдік түрі (жеке – дара кешені, бір-бірімен байланысқан); жүйелі түрі (мектепті толық қамтитын).
Әдіскер С.Көшімбетова өзінің зерттеуінде оқу-тәрбие үрдісінде оқытудың инновациялық әдіс-тәсілдерін қолданудың мынадай ерекшеліктерін атап көрсеткен:

  • дербес оқыту технологиясы оқу-тәрбие үрдісінде ғылымның негіздерін игерту үшін ізгілік,  адамгершілік  қасиеттерді  қалыптастыра отырып,  жеке  тұлғаның  әлеуметтік-психологиялық  жауапкершілін арттырады.
  • қоғам мен табиғат заңдылықтарын кіріктіру негізінде меңгеруі;
  • оқытушы білмейтін шығармашылық ізденіс негізінде өмірге келген жаңа қабілет;
  • саралап   деңгейлел   оқыту   технологиясында   оқытудың   мазмұны   менәдістері шығармашылық ізденіс іс-әрекет жасау негізінде адамның инновациялық қабілеттерінің қалыптасуына бағытталады.
  • ақпараттық  бағдарламалап   оқытуоқытудың  мазмұнын  пәнаралық  байланыс тұрғысынан ұйымдастыру;
  • иллюстрациялы түсіндірмелі оқытуда «адам-қоғам-табиғат” үйлесімдік бағыттағы дүниетанымында жүйелі саналы мәдениет қалыптасады;
  • ізгілендіру технологиясында  педагогика ғылымының  алдыңғы  қатарлы  ғылыми жаңалықтарды тәжірибеде «бала –субъект»,  «бала-объект» тұрғысынан енгізіле бастайды да,  ал  ғылыми   білімдер «оның  тұрмысының  әлеуметтік  жағдайы  мен  іс-әрекетінің әлеуметтік нәтижесінің бірлігінде қарастырады;

Ал жалпы инновацияны модификациялық, комбинаторлық, радикалдық деп үш түрге  бөлуге болады .
Модификациялық инновация – бұл бұрын қолда барды дамытумен, түрін өзгертумен айналысу. Бұған В.Ф. Шаталовтың математикаға жазған тірек конспектісі жэне оны көптеген мұғалімдердің пайдалануы мысал бола алады.
Комбинаторлық модификация – бұрын пайдаланылмаған, белгілі әдістеме элементтерін жаңаша құрастыру. Бұған пәндерді оқытудың қазіргі кездегі әдістемесі дәлел.
Радикалдық инновация  – білімге мемлекеттік стандарттарды енгізу жатады. Мемлекеттік стандарт білім беруде, негізінен, мөлшерлерді, параметрлерді, деңгейлік және сапалы оқытудың көрсеткіштерін қалыптастырады.
Қазір республика оқу орындары ұсынып отырған көп нұсқалыққа байланысты өздерінің қалауына сәйкес кез-келген үлгі бойынша қызмет етуіне мүмкіндік алды. Бұл бағытта  білім берудің әртүрлі нұсқадағы мазмұны, құрылымы, ғылымға және тәжірибеге негізделген жаңа идеялар, жаңа технологиялар бар. Сондықтан әртүрлі оқыту технологияларын, оқу мазмұны әрбір білім алушының жас және жеке дара психологиялық ерекшеліктеріне орай таңдап, тәжірибеде сынап қараудың маңызы зор. Ғылыми-педагогикалық әдебиеттерде іс жүзінде анықталып табылған оқыту үрдісінің нәтижесін көретін әдіс-тәсілдері, түрлері көбіне жаңашыл, инновациялық болып табылады. Инновациялық процестерді ендіру үш өзара байланысты күштер анықталады: енгізілген технологияның ерекшеліктерімен; жаңашылдардың инновациялық әлеуетімен; жаңалықты енгізу жолдарымен.
Бүгінгі күні Қазақстан Республикасы мұғалімдердің біліктілік арттыру жүйесі жаңа мазмұндағы үш деңгейлі бағдарламаны ендіріп, шығармашыл мұғалімдердің біліктілігін арттыра бастады. Жаңа форматтағы  «Назарбаев зияткерлік мектебі» жанындағы Педагогикалық шеберлік орталығы мен Кембридж университеті мамандары бірлесе әзірлеген мұғалімдердің біліктілігін арттырудың деңгейлік бағдарламалары ұстаздардың бәсекеге қабілеттілігін арттырып,  оқыту сапасын арттыру мақсатында жасақталды. Аталған Бағдарлама заманауи ғылыми зерттеулердің шынайы нәтижелері мен оқытудың озық практикалық тәжірибесінің ықпалдасуын қамтып, кәсіби ынтымақтастық пен өзара білім алудың үнемі жұмыс жасайтын режимін құруға мүмкіндік беретін нақты үш кезеңге құрылымдалғандығымен ерекшеленді. Бағдарламаның мазмұны ЮНЕСКО және Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі ұсыныстарының негізгі қағидаттарымен үйлеседі.
Қазіргі заман талабына сәйкес шәкірттерімізге сапалы білім беріп, қоғамнан өз орындарын табуға, қоғамдық дәстүрлерді жалғастыруға дайындығы оларды қалыптастыру үрдісінің басты субьектісі – мұғалімге, оның кәсіби шеберлігіне тікелей байланысты деп ойлаймын. Сондықтан ұстаздар қауымы өз білімдерін үнемі жетілдіріп отырулары тиіс. Мұғалім жаңа идеяларды әр сабақта жан-жақты қолданып, жаңаша оқытудың тиімді жолдарын іздестіріп, жүйелі түрде қолдануы керек. Сондықтан да бар салмақ мұғалімге түсіп, ол оқушыға белгілі бір тапсырманы беріп, жеке дара жұмыс істеп, қарым-қатынас жасап, жаңа материалды, білімді, сабақты тиімді түсіндіру жолдарын іздестіруде. Ал педагогикалық технология ізденіс пен белсенді іс-әрекет арқылы оқушы тарапынан да іс-әрекет негізінде өзіндік шығармашылық жұмыс түрлерін атқара бастайды. Сондықтан, қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту үрдісінің технологияландыру мәселесін қойып отыр. Оқытудың әртүрлі технологиялары сарапталып, жаңашыл педагогтардың іс – тәжірибесі зерттеліп, мектеп өміріне енуде.
Қазіргі мұғалімнің  басты міндеті  — оқушыларға белгілі бір білімдер жиынтығын беру ғана емес, сонымен қатар олардың оқуға деген қызығушылықтарын арттыра отырып, оқи білуге, ізденуге, алған білімін қалай қолдану керектігін үйрету. Сондай-ақ мұғалім заман талабына сай білім беруде жаңалыққа жаны құмар, шығармашылықпен жұмыс істейтін, оқу мен тәрбие ісінде, оқытудың жаңа технологиясын шебер меңгерген, білігі мен білімі жоғары, жетекші тұлға ретінде танылуы керек. Олай болса, қазіргі  заман оқушысы сыни ойлап, өзін-өзі бағалай алатын, алған білімін өмірде қолдана алатын жан-жақты тұлға болуы тиіс. Оқушыларға бағытталған белсенді оқытудың маңыздылығын сезіну және оқушылардың оқу сауаттылығы саласындағы нәтижелерін жақсарту үшін, оқу-тәрбие үдерісінде белсенді оқытудың көптеген стратегияларын  қолданған тиімді. Белсенді оқытудың әдіс-тәсілдері оқу сауаттылығы саласындағы арнайы дағдыларды дамытуға, бағалауға, мысалдарды талдауға және мәселелерді табысты шешуге қажетті дағдылар мен стратегияларды анықтауға,  оны ұғынуға мүмкіндік  туғызады. Белсенді оқытуда мұғалім – таным процесі мен үйренуді ұйымдастырушы, жүргізуші, бағыт – бағдар сілтеуші, проблемалық түрде оқушылар түйсінетіндей және талдай алатын болмысты құрастырушы. Оқушы – белсенді, өз біліміне деген жауапкершілікті түсінуші, білімді өздігімен игеруші, өз қажеттіліктерін айқындаушы, бастамашыл, белсенді. Оқушыны пәнге қызықтырумен қатар, саналы ойлауға тәрбиелейтін, қоғамдық көзқарастарын қалыптастыра алатын, өзіндік пікірі бар, қоғамдағы болып жатқан түрлі қарама-қайшылықтарды түсіне білетін, еркін сөйлеп, өз пікірін ашық айта алатын ойлы ұрпақ тәрбиелеуде сабақта қолданылған жаңа технологиялардың  маңызы зор.
Адам баласы  қайталанбас тұлға болғандықтан, ойлау деңгейі де әр түрлі болатынына  көз жеткізуге болады. Нағыз сабақ – ол әрқашан  ізденіс, дайындық, үйрену, шәкірттер болашағын ойлап, жас ерекшеліктерін ескере отырып жасалған еңбек пен тәжірбиенің бірлігі.
Жалпы адам баласы жаңалыққа жаны құмар келеді. Әсіресе, жас балалар ұстаздың әрбір айтқан жаңа мәліметін қызыға тыңдап, ықыласпен көріп білім қоржынына жинақтайды. Оқушы бұл кезеңде жаңа білім жайлы ақпарат жинап, оны байырғы біліммен ұштастырады. Оқушының ішкі ой толғанысын ұйымдастыру, өзіне, басқаға сыни көз ккөзқараспен қарап, баға беруге үйретеді. Оқушылар өз ойларын, өздері байқаған ақпараттарды өз сөздерімен айта алады. Бұл сатыда оқушылар бір-бірімен әсерлі түрде ой алмастыру, ой түйістіру, өз үйрену жолын, кестесін жасау мақсатында басқалардың әр түрлі қатесін біліп, жөндеп  үйренеді. Бұл үйрену сатысы – ойды қайта түйіп, жаңа өзгерістер жасайтын кезең болып табылады. Әр түрлі шығармашылықпен ой түйістіру болашақта қолданылатын мақсатты құрылымға жетелейді.
Білім беру жүйесінің барлық саласында жаңа технологияны жоспарлы түрде енгізіп, жүйелік интегралды өткізу немесе қамтамасыз ету қажет. Қазіргі замандағы технология әрбір тұлғаның білім алу үдерісінде шығармашылық қабілетін дамытуға айқын мүм­кіндіктер береді. Дәл осы жаңа технология мен әрбір тұлғаның өзіндік білім алу траекториясын таңдауына жол бе­ретін анық білім беру жүйесін құруды, оқу бағдарламаларының бағдарламалануы және өзгер­ме­лі бейімделінуі есебінен оқу үдерісінің біртұтастығын сақтай отырып оны дараландыруға мүм­кіндік беретін компьютердің маңызды дидактикалық қасиеті негізінде тұлғаның оқу үдері­сінде танымдық қызметін тиімді ұйымдастыру арқылы жаңа бі­лім алу технологиясын түбегей­лі өзгертуді тығыз байланыстырады.
Бiлiм берудi ақпараттан­ды­ру­дың негiзгi мақсаты Қазақстан Республикасында бiртұтас бi­лiм­дiк ақпараттық ортаны құру болып табылады. Олай болса, бiлiм беру саласында жаңа ақ­па­раттық технологияны пайдала­ну­ға, Қазақстан Республика­сын­дағы ақпараттық кеңiстiктi әлем­дiк бiлiм беру кеңiстiгiмен са­бақтастыруға мүмкiндiк бередi.  Электрондық есептеуіш технологиясымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті құралдарды қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламасына негізделеді. Ақпараттық әдістемелік материалдар коммуникациялық байланыс құралдарын пайдалану арқылы білім беруді жетілдіруді көздейді. Интерактивті тақтаның мүмкіндіктері мұғалімдерге баланы оқытуда бейне және ойын бағдарламаларын тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.
Ақпараттық қоғамның негізгі талабы – оқушыларға ақпараттық білім негіздерін беру, логикалық – құрылымдық ойлау қабілеттерін дамыту, ақпараттық технологияны өзіндік даму мен оны іске асыру құралы ретінде пайдалану дағдыларын қалыптастырып, ақпараттық қоғамға бейімдеу. Демек, ақпараттық бірліктердің білімге айналуы әлемнің жүйелік – ақпараттық бейнесін оқушылардың шығармашылық қабілеттері мен құндылық бағдарларын дамыту арқылы қалыптастыруды көздейтін, адамның дүниетанымының құрамдас бөлігі болып табылатын интеллектуалды дамуды қалыптастырудың бір жолы. Қазіргі білім беру жүйесі ақпараттық технологиялар мен компьютерлік коммуникацияларды белсенді қолдануда. Әсіресе қашықтан оқыту жүйесі жедел қарқынмен дамуда, бұған бірнеше факторлар, ең бастысы – білім беру мекемелерінің қуатты компьютер техникасымен қамтылуы, оқу пәндерінің барлық бағыттыры бойынша электрондық оқулықтар құрылуы және Интернеттің дамуы мысал бола алады.
Оқытудың әр сатысында компьютерлік тесттер арқылы оқушыны жекелей бақылауды, графикалық бейнелеу, мәтіндері түрінде, мультимедиалық, бейне және дыбыс бөлімдерінің бағдарламасы бойынша алатын жаңалықтарды іске асыруға көп көмегін тигізеді. Электрондық оқулықтарды қарапайым оқулықтарға қарағанда пайдалану ыңғайлы және оларда өзін – өзі тексеру жүйесі бар. Осы электрондық оқулықтың артықшылығы болып табылады. Сондықтан, өзін – өзі тексеру жүйесі оқушы мен оқытушының арасындағы байланысын алмастырады. Электрондық оқулықтарды пайдалану оқушылардың, танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды.
Осылайша жаңа технологиялардың дамуы жаңа әдіс-тәсілдердің пайда болуына көмектеседі және сонымен бірге оның сапасын жоғарылатады.
Бұл технологияның өзектілігі қоғамның ақпараттандыру жылдамдығының артуымен сипатталады. Әр түрлі пән сабақтарында жаңа технологияны пайдалану білім мазмұнын жаңартумен, ақпараттық ортаны қалыптастыруымен, сондай-ақ сапалы білім беру мүмкіндігінің жоғары болуымен ерекшеленеді.
Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Имжарова З.У., А.У.Ахметова., Ж.Н.Имжарова. сын тұрғысынан ойлау білім үдерісінде. ақтөбе, 2009ж.
  2. Көшімбетова С. Инновациялық технологияны білім сапасын көтеруде пайдалану мүмкіндіктері. – А.: Білім, 2013.
  3. КурманалинаШ.Х.Обновление методического обеспеения уебного процесса в условиях информатизации образования(в соавторстве: Н.Б.Чекалева): Монография. Омск:ОмГПУ,2002г.

Өстеміров 3.К., А.Айтбаева «Қазіргі білім беру технологиялары» — А.,2006ж.