Сайт Өрлеу

Білім беру процесін жаңғырту жағдайында мұғалімнің көшбасшылығы

Білім беру процесін жаңғырту жағдайында мұғалімнің көшбасшылығы

Дюсембинова Бақыт Серікқызы,
«Өрлеу»БАҰО АҚФ
Астана қаласы бойынша ПҚБАИ-ның
ББПППҚ кафедрасының  аға оқытушысы
 

                                                                                                                       Аннотация
В статье рассматривается  актуальный вопрос: «Каким должен быть учитель 21 века?», и  вопросы внедрения учителями инновационных технологии  в рамках обновления содержания образования.
Abstract
This article consider the question “how should a teacher of 21st century be?” and the questions of   implementation innovative technologies for teachers on the basis of updating the content of education.

Көшбасшы –көшті бастаушы әрі басқарушы. Көшбасшылық адамды тұрақты дамуға жетелейтін негізгі қабілеті болып табылады. Барлық шарықтау мен құлдыраулар көшбасшылықпен анықталады.  Ал ол қасиеттер шынымен іште қалыптасады.  Егер  ішіңізде сіз қалағандай көшбасшы болсаңыз,  өмірде де дәл сондай көшбасшыға айнала аласыз.  Адамдар сіздің артыңыздан еруді қалайтын болады.
Өмірдегі көп мамандықтардың ішінде жан-жақты білімділікті, икемділікті, шеберлікті, ерекше шәкіртжандылықты, мейірімділікті және көшбасшылықты қажет ететін мамандық – ұстаздық мамандық. Ұстаз қолында адам тағдыры, болашақ ел тағдыры тұрады, мұғалім өсіп келе жатқан ұрпақпен жұмыс жасайды. Оқушыларға сапалы білім мен тәрбие беруде ұстаздар қауымына үлкен жауапкершілік жүктеледі. Мұғалім сөзімен, ісімен, мәдениетімен, білімімен, ұйымдастырушылық қабілетімен, балалармен тіл табысу қасиетімен құнды. Олай дейтінім, мұғалім еңбегі біріншіден, адамзат қоғамы тарихында жинақталған ғылым негіздерінен білім беруге тиіс болса, екіншіден, үнемі шәкірттерімен қарым-қатынаста болып, білсем, үйренсем деген бала арманы мен оның сырлы тағдырына басшылық етуді мойнына алған маман.   Бүгінгі мұғалім шәкіртіне ғылым негіздерінен мәлімет беріп қана қоймай, оны дүниежүзілік білім, ақпарат, экономика кеңістігіне шығуға, яғни бәсекеге  қабілетті болуға тәрбиелеуі керек. Ол нағыз мұғалімнің ғана қолынан келеді. Ұстаздың осыншама қадір-қасиет пен құрметке бөленуі өзін қоршаған орта мен әрбір шәкіртіне асқан сезімталдықпен, жауапкершілікпен қарым-қатынас жасауында яғни оның бойындағы көшбасшылық қабілетіне байланысты.  Ұлы ағылшын ағартушысы Уильям Уорд: Жай мұғалім хабарлайды, Жақсы мұғалім түсіндіреді, Керемет мұғалім көрсетеді, Ұлы мұғалім шабыттандырады,- дейді. Мұғалім шеберлігі жайлы жазылған дайын қағида жоқ, болуы да мүмкін емес. Білім беру жүйесі мамандардан кәсіби икемділік пен ұтқырлықты, сан қырлы шығармашылық қызмет пен өзін-өзі басқару, өзін-өзі ұйымдастыру жағдайындағы біліктілікті, көшбасшылықты қажет етеді.  Адамның өзіне-өзі өмір бойы қоятын және оған әрдайым жауап іздейтін санаулы сұрақтары болады екен.   Сол сұрақтың бірі — ХХІ ғасырдың нағыз ұстазы қандай болмақ?
«Ұстаз» сөзінің 2 түрлі сипаты бар. Бірі – белгілі пәннен сабақ беретін оқытушы да, екіншісі – жоғары беделді адамдарға ықпал етуші дана адам. Сондықтан да   қазіргі мұғалімге  жаңа формацияның жаңа ұстазы болу аз, заман талабына сай, көшбасшы мұғалім болып қалыптасу талап етіледі.  Елбасымыз:»Біз білім-ғылым саласында бәсекеге қабілетті болмасақ, өз мақсатымызға жете алмаймыз»-деген болатын. XXI ғасыр ұлттық бәсеке, ақпараттық сайыс, инновациялық технологиялар, күрделі экономикалық реформалар сияқты көріністерімен ерекшеленеді. Осы реформаларды жүзеге асыруда мұғалімнің  басты мақсаты — рухани бай, іздемпаз, адамгершілігі мол адамды қалыптастыру болып табылады. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін қазіргі заманғы мұғалімдер ізденуші, зерттеуші, технолог, өнертапқыш, шығармашылықпен жұмыс істейтін жаңашыл болу керек. Ал бүгінгі таңдағы мұғалімінің басты міндеті-оқушыны субъект ретінде қарастырып,оның өзін-өзі тануына жол ашу, жеке тұлға бойындағы қасиетті дамыту, «Мен» менталитетін қалыптастыру, білім мен тəрбиені жеке тұлғаға қарай бағыттау.Мұғалімінің өзі жеке тұлғаға көтерілмей, мұндай зор мақсатқа жетуі мүмкін емес   Қазіргі заман мұғалімі – рухани дамыған əрі əлеуметтік тұрғыдан есейген, педагогикалық құралдардың барлық түрлерін шебер меңгерген білікті маман, өзін-өзі əрдайым жетілдіруге ұмтылатын шығармашыл және зерттеуге бейімделген тұлға. Ол жоғары білімді шығармашыл, зерттеуші тұлғаны қалыптастырып, дамыту үшін жауапты. Қазіргі кезде оқытылып жатқан деңгейлік курстарда мұғалімнің кəсіби білігін шыңдаудың үздіксіздігіне оның шығармашылық, зерттеушілік қабілетінің,   жеке кәсіби тəжірибесінің дамуына көп көңіл бөлінеді. «Ұстаз-мектептің жүрегі»-деп Ыбырай атамыз айтқандай, мектептегі басты тұлға- мұғалім. Олай болса өзгеріс мұғалімнен басталуы керек. Педагог кадрларды даярлаудың басты мақсаты-өзгерістерді іске асыратын жаңашыл ұстаз қалыптастыру.Өзгеріс үдерісі өз даму жолында қолайсыздық пен келіспеушілік тудыруы мүмкін. Мұндай кезде өзгеріс үдерісін басқару қиынға түседі.Бірақ мұғалімдер өздерінің тактикалық дағдыларын жетілдіріп,стратегиялық тұрғыдан ойлауды үйренеді. Білім беру процесін басқара алатын  мұғалім өз сабағын жетілдіру жолдарын жете меңгеріп, «оқушы- мұғалім» байланысын жаңа деңгейге көтеретін маман.Мұғалімнің кəсіби шеберлігінің негізі, біріншіден, мұғалімнің өмірге көзқарасы, оның идеялық нанымы. Екіншіден, пəнді жетік білуі, ойын оқушыларға жеткізу үшін жан жақты, терең дайындығының болуы, оқуышлар бойына əдеп, əдет, дағды сияқты жақсы қасиеттерді сіңіруі, моральдық нормаларды білуі. Үшіншіден, оқыту мен тəрбиелеудің əдіс-тəсілдерін міндетті түрде меңгеруі. Білім берудің ұлттық моделіне көшкен қазіргі мектепте  мұғалімнің жалпы мəдениеттілік даярлығы, əдістемелік, зерттеушілік, кəсіптік адамгершілік, тəрбиелік мəдениеті, диагностикалық жəне басқару мəдениетінің жиынтығы арқылы кəсіптік педагогикалық деңгейін зерттеу қажет. Көшбасшы-мұғалім — бұл қай кезде де ең алдымен кәсіби деңгейі жоғары, интеллектуалдық, шығармашылық әлеуеті мол тұлға. Ол оқытудың жаңа технологияларын өмірге ендіруге дайын, оқу-тәрбие ісіне шынайы жанашырлық танытатын қоғамнын ең озық бөлігінің бірі деп есептеледі.  Интеграция мен ғаламдастыру қатар жүріп келе жатқан бүгінгі таңда мектептегі жеткіншектерге білім берудің сапасы мен деңгейін жан- жақты көтеру жаңаша ойлайтын, оқыту мен тəрбиенің жаңа технологиясын күнделікті жұмысында қолдана білетін мұғалімдердің ғана жұмысы жемісті болмақ.    Мінез-құлықты жан-жақты дамыту мен нығайту – бұл көшбасшылық қана емес, жеке қасиеттерді дамытатын біздің негізгі шартымыз.
Білім берудің кез келген жүйесіндегі тұрақты даму мен өзгерістердің сырттан енгізілуі мүмкін емес, олар нақты сыныптардағы мұғалімдердің тәжірибесі мен түсініктеріндегі өзгерістерден бастау алуы керек. Сондықтан да ұстаз алдындағы басты міндет ХХІ ғасырдың есігінен еркін енетін, дүниежүзілік мəдениетті танитын, төл мəдіниетін құрметтей білетін, рухани дүниесі бай, интеллектуалдық өрісі кең, білімі жоғары, құқықтық  мəдениеті дамыған,  жан жақты ақпараттандырылған заман талабына сай белсенді ұрпақ тəрбиелеу.
Пайдаланылған әдебиеттер

  1. «Білім туралы» Заң.
  2. ҚР- да білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы.
  3. Н.Ә.Назарбаевтың «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту -Қазақстан   дамуының басты бағыты» атты 2012 жылғы Қазақстан халқына жолдауы.
  4. Қазақстан Республикасы 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы // Қазақстан мұғалімі.-2004.- №1.
  5. Педагог кадрларды аттестаттау туралы ереже.

6.Бағдарлама 3 (негізгі ) деңгей

  1. Мұғалімге арналған нұсқаулық 3 (негізгі) деңгей.