Сайт Өрлеу

Тиімді әдіс-тәсілдер арқылы сыни тұрғыда ойлауды үйрету

Тиімді әдіс-тәсілдер арқылы сыни тұрғыда ойлауды үйрету

Шериев Б., Медетбаева Ш.,
«Өрлеу БАҰО» АҚ филиалы
Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша ПҚБАИ
«Деңгейлік бағдарлама» орталығының тренерлері

Мақсаты: Әдіс-тәсілдер арқылы оқушыларды шығармашылық және ойлау     қабілетін дамыту

Оқыту құралдары, ресурстар:  интерактивті тақта,  видеоматериал, флипчарттар,   маркерлер, стикерлер, таратпа қағаздар т.б

                                                           Шебер-сынып барысы:                                        

Бөлімі Тренердің іс-әрекеті Қатысушылардың іс -әрекеті
Ұйымдастыру кезеңі 1..Сергіту сәті.  «Әріп сан бейнелейміз» Әр топқа  жазылған 5 әріптен беріп, шыққан әріптерді  жеке , жұптасып  бейнелеп көрсетеді. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптасады.
Негізгі бөлім  2. «ЖИГСО» әдісі.Тапсырма 3 этаптан тұрады.

I.Әр қайсысысына  дәптерлеріне 20 әріптен  жаздыру.

ІІ.Сол жазған әріптерінен сөз құрастыру.

III.. Топпен жұмыс.

Топта жинаған сөздерін қолдана отырып, сөйлем құрастыру,бір мәтін шығару.

Сұрақ:
-Бұл қай әдіске жатады?
-Бұл әдіс бізге не үшін керек?
-Бұл әдісті қай кезде қолдануға болады? т.б.

3. Тапсырма. «Хат » әдісі.

3 конвертін  ішінде 10 сөз жазылған парақшалар. Әр топтан бір мұғалім таңдап, сыртқа шығарамыз. Жеке- жеке шақыра отырып, конверттің 1-еуің таңдап алдырып, ішіндегі сөздерді бір- бірімен ұйқастырып, сөйлем құрастыру.  Әңгіме бір мәтінде болуы керек.

Әр қайсысысына  дәптерлеріне 20 әріптен  жаздыру. Сол жазған әріптерінен сөз құрастырып  шығады. Жинаған сөздерін қолдана отырып, сөйлем құрастырып,бір мәтін шығарады.

Әр топтан бір мұғалім таңдап, сыртқа шығады. Жеке- жеке шығып, конверттің 1-еуің таңдап алады, ішіндегі сөздерді бір- бірімен ұйқастырып, сөйлем құрайды.

Қорытынды 4. Топтық жұмыс. « Жасырын бейне » әдісі.

Алдарына берілген фотодан жасырылған бейнені мұқият қарап, топпен  табу.

Алдарына берілген фотодан жасырылған бейнені мұқият қарап, топпен  табады.
Рефлексия «Теледидир»

Берілген смаиликтерден  өз эмоцияларын  білдіретін  суретін қиып теледидарға жабыстыру.

Қатысушылар рефлексия береді.