Сайт Өрлеу

Бағалау үдерісінің мақсаты. Оқу үшін бағалау дегеніміз не?

Бағалау үдерісінің мақсаты. Оқу үшін бағалау дегеніміз не?

Жусупова Галия Сапарбековна
«Өрлеу» БАҰО филиалы
Қостанай облысы бойынша ПҚ БАИ

  3 апта 2 күн  1-4  сабақтар Күні: 15.08.2021 жыл
Сабақ тақырыбы Бағалау үдерісінің мақсаты. Оқу үшін бағалау дегеніміз не?
Жалпы мақсаты Бағалау мақсатымен таныстыру және жиынтық бағалау туралы сын тұрғысынан ойлау
 

Күтілетін нәтиже

Сабақ соңында тыңдаушылар:
—          Бағалау мақсатын білу.
—          Бағалау әдістерін меңгеру
—          Оқушының қызығушылығын анықтауды рейтингілік тиімді тестілеу әдісін білу
—          Критериалды бағалау түрлерін ажыраты және оны практикада қолдана білу.
 
Түйінді идеялар
 
Мұғалімдер оқушылардың нені үйренгенін жүйелі талдап, бағалап отырады. Оқушылардың оқу қарқынын тиіді бағалау оқушыларды дамытудың пәрменді әдісі болып табылады.
Әдебиет www.cpm.kz, www.google.com
Кезеңдері
Уақыты
 
Тренер әрекеті Тыңдаушылар әрекеті Бағалау Ресурстар
1 сабақ
Ұйымдастыру кезеңі

    10 мин

 

1.Сәлемдесу. 1.Сәлемдесу.    
2. Тренинг «Кім күшті»

(Сұраққа байланысты, қолдарын уқалайды, бір-біріне қолдарын беріп, күшті жаөтарын бағалайды).

2. «Кім күшті» сұрағына жауап береді, қолдарын уқалайды, бір-біріне қолдарын беріп күшті жақтарын айтады.

 

   
3.Топқа бөлу (сандар арқылы топқа бөлу). 3. Сандар арқылы 5 топқа бөлінеді

 

   
  Оқу мақсатымен таныстыру. Оқу мақсаттарын өздері анықтайды.  
Мағынаны ажырату

     5 мин

 

4.Сабақ тақырыбы мен мақсатын ашуға байланысты мұғалімдерге сұрақ беріледі:
— Бағалаудың қандай түрлерін білесіздер?
— Бағалау не үшін жүргзіледі?
4. «Миға шабуыл» әдісі.

ЖЖ. ТЖ.
Берілген сұрақтар бойынша жұппен және топпен ой бөліседі.

 
     5 мин

 

5.«Power Point» таныстырылымы –  «Оқу»  (таныстыру). 5.«Түртіп алу» әдісі арқылы негізгілерін дәптерлеріне түртіп алу. Ауызша және жазбаша кері байланыс Таныстырылым:

«Оқу үшін бағалау»  Power Point

    10 мин

 

6.«Бағалаудың ерекшелігі» қысқа бейнежазбасын көрсету. 6. Бейнажазбаны көріп отырып, түйін сөздерді жинақтау. Ауызша кері байланыс Бейнежазба:

«Бағалаудың ерекшелігі»

    25 мин

 

7. «Оқу үшін бағалау және оқуды бағалау» туралы мәтінді «Джигсо әдісі» бойынша меңгерту:
А) жанұя топтарында мәтінді талқылау
В) жұмыс топтарында мәтінді талқылау, бір-біріне жеткізу
7. «Оқу үшін бағалау және оқуды бағалау»  туралы мәтін топ мүшелері оқиды, өз топтарында талдайды, постер жасайды және басқа топтарға барып түсіндіреді. Стикер бойынша әр топтың постерін (қаншалықты түсіндіре алғаны) бағаланады. «Оқу үшін бағалау және оқуды бағалау»: нұсқаулық.
қызыл, жасыл, сары, көк түсті қағаздарда берілген, флипчарт, маркерлер.
    25 мин

 

8.«Мені жалғастыр» әдісі

Әр топқа берілетін тапсырмаларды түсіндіреді және әр топқа әр тақырып болініп беріледі.

8.Әр топ мүшелері өздерінің жасаған постерлерін қорғайды

—  сұрақтар қояды және жауап береді
—  бағалау жүргізеді

Ауызша кері байланыс
Рефлексия 9. «Сұрақ – жауап» әдісі

Әр топ өз тақырыптары бойынша 3 сұрақ құрастыру

9. Осы әдіс туралы рефлексия жасайды. Стикерге өз ойларын жазады.
  10.«Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі

Мұғалімдерден ұсыныстар жинақтайды.

10.Әр топ ұсыныстар дайындайды Шапалақ Стикер
Өзіндік бағалау
2сабақ
Ұйымдастыру  
10 мин 1.Сергіту сәті және тренинг («Альпинист бейнесімен сыни ойлау»)

2.Сабақтың мақсаты мен міндеттерін қайталату.

1.Альпинист бейнесін сомдау.
Бір мұғалім сыртқа шығып, ішке кіргенде бейнені сыни ойлау арқылы табуы қажет.Тренингтің шартын орындайды және ойлану үдерістерін қалыптастырады.
 
Мағынаны ажырату

10 мин

20 мин

3. Тапсырма: Үй салу (жұппен бағалау)

— бағалау критерийлерін құрғызады

3. Дәптерлеріне үй салады және оны бағалайды.
— бағалау критерийлерін ойлайды және құрады
 мадақтау Смайликтер, стикерлер
4. Таныстырылыммен жұмыс
«Критериалды бағалау» түрлері
«Сұрақ-жауап» әдісі
4. Берілген сұрақтарға жауап береді. Ауызша кері байланыс

 

40 мин 5. «Үлгімен жұмыс» тәсілі

Бағалау критерийлерін құрғызу

5. Таныстырылымда берілген тапсырма бойынша бағалау критерийлерін құрастырады.

 

Бармақ көрсету Таныстырылымның 14 слайды
  «Бағалаудың айырмашылығы»

Видеофильмді көрсету

ЖЖ.Көрсетілген видео бойынша өз ойларын айтады және толықтырады Шапалақ Видеофильм
Рефлексия

10 мин

Рефлексия

Әр топқа тақырып бойынша
«3 сұрақ» таратылады
dth=»236″>ТЖ.

Сұрақтарға жауап береді

Қалыптастырушы бағалау  
МАН
  6.«БББ» кестесі. Мұғалімдерден ұсыныстар жинақтайды. 6. «БББ» кестесі бойынша әр топ сабақты қорытындылайды. Жазбаша кері байланыс
Өзіндік бағалау
3  сабақ
 
Ұйымдастыру
10 мин
 
1.Сергіту сәті.  «Қара жорға» биі 1.Альпинист бейнесін сомдау.

Бір мұғалім сыртқа шығып, ішке кәргенде бейнені сыни ойлау арқылы табуы қажет.

музыка
2.Топқа бөлу «Молекула» 2.Тыңдаушылар 5 топқа бөлінуі қажет.
20 мин 3. «Сен маған, мен саған» әдісі бойынша қалыптастырушы бағалауға сараланған тапсырмалар құрастыру. ТЖ.

3.Үлестірме материал бойынша әр топқа тапсырмалар беріледі:
1 топ: Оқу мақсатына сәйкес сараланған тапсырмалар құрастыру
2 топ: Тапсырмаларға сәйкес дескрипторлар құрастыру
3 топ: қалыптастырушы бағалаудың алгоритмі бойынша өз түсіндірмеңізді құрыңыз
4 топ:Сараланған тапсырмаларды қүрастыру
5 топ:Қалыптастырушы бағалаудың түрлерін ойластырыңыз

 Екі жұлдыз, бір тілек Үлестірме материалдар
30 мин 4. «Пікір алмасу»

Әр топ берілген тапсырмалары бойынша «Айналмалы бекет» әдісі арқылы өз ойларымен бөліседі.

4.ТЖ
Тыңдаушылар жасаған постерлері бойынща пікір алмасады.
Ауызша кері байланыс Интерактивті тақта, таныстырылым
10 мин 5. Қалыптастырушы және жиынтық бағалау бойынша берілген нұсқаулықтармен таныстыру.

Қалыптастырушы бағалау түрлерін үсыну.

5. ЖЖ., ТЖ
Қалыптастырушы бағалау түрлерін топтау және оның тиімділігін аныұтайды.
Тыңдаушылар жұппен жұмыс жасайды және топ ішінде ой бөліседі.
Ауызша кері байланыс Флипчарт, маркерлер
Рефлексия
10 мин
Осы сабақтың;
Ахуалын суреттейтін 1 сөз, маңыздылығын суреттейтін 2 сөз, маңыздылығын суреттейтін  3 сөз, негізгі идеясын суреттейтін 4 сөз жазуды өтінеді.
Стикерге жазады және тапсырады. Жазбаша кері байланыс стикерлер
Өзіндік бағалау
4 сабақ
Ұйымдастыру
5 мин
1.Сергіту сәті: Бишілер.

2.Күтілетін нәтижені еске түсіру.
Критериалды бағалау түрлерін еске түсіру.

1.Бишілер билейді.

2. Нәтиженің маңыздылығын айтады.

үнтаспа
70 мин 3. Критериалды бағалауды қысқа мерзімді жоспарға енгізу туралы ұсыныстар жасау. 3.ЖЖ.

Әр тыңдаушы жеке өз қысқа мерзімжі жоспарларына критериалды бағалаудың алгоритмі бойынша бағалау критерийлерін, сараланған тапсырмалары және дескрипторларын жоспарлайды және енгізеді.

«Екі жұлдыз, бір тілек» Ноутбук
Рефлексия

15 мин

4. Элективті тест.

Әрбір тыңдаушыға А,В,С,Д,Е арқылы белгіленген түстері сәйкес ақ, сары, көк, қызыл, жасыл стикерді таратады.

4. ЖЖ.

Әр тыңдаушы тест жауабына сәйкес әріпті көтереді. Өзін және өзара бағалауды жүзеге асыру үшін дүрыс немесе дұрыс емес жауаптарды диалог ұүру арқылы талқылайды.

Кері байланыс Сұрақтар, түрлі түсті қималар
  «Бағдаршам»  түрлі түсті қағаздар таратылады Түрлі түс қағаздар бойынша өздерін бағалау Бағдаршам
Өзіндік бағалау

Қысқаша комментарий:

Тиімді тәжірибе кезіндегі төрт кезекті сабақтардың тақырыбы «Оқу үшін бағалау және оқуды бағалау» модулі.
Жалпы ұстанымым – оқудың тиімді бағасын және оқыту шін тиімді бағаны түсіну, оқыту иен оқудағы барлық жаңа тәсілдерді, соның ішінде жаңартылған білім беру бағдарламасындағы критериалды бағалаудың түрлері (қалыптастырушы және жиынтық) туралы тыңдаушыларға түсінік қалыптастыру болатын.
Сабақтың мақсаты — бағалау мақсатымен таныстыру және жиынтық бағалау туралы сын тұрғысынан ойлау. Осы сабағымды алдыңғы сабақпен байластыру, яғни сын түрғысынан ойлауға көбірек мән беруге байлаысты жоспарладым.
Өз тобымдағы педагогтердің қажеттіліктерін анықтау және қанағаттандыруда оқыту мен оқу жеке дара жұмыс емес, сондықтан алдыңғы сабақтарға талдау және зерттеу жүргізу барысындағы тыңдаушылардың табысты оқуына ықпалы зор әдіс – тәсілдер тиімді деп қарастырдым, мысалы, белсенді оқу (тыңдаушылар іс – жүзінде тапсырмаларды орындап, дағдыларды қолдану), кері байланыс (оқу жөніндегі пікірталас – бұл тыңдаушының өз пікірін білдіруді көздейді және тыңдаушылар арасындағы немесе тренер мен тыңдаушылар арасында жүреді), сенімін нығайту (тыңдаушының өзіне деген, өз күшіне деген сенімін нығайту үшін мадақтауд пайдалану), оқыту сапасы (саралаушы жаттығуларды жоспарлау және оны іске асыру). Сонымен қатар, олардың бойындағы өзгерістерге сәйкес қолданылған әдіс-тәсілдер: ауызша жауаптарын бақылау, өз бетінше оқу және сыни ойлау, іс — әрекетті сипаттайтын постер әзірлеу, жұптардағы немесе шағын топтардағы талқылау, бірлескен жұмыс, өзін-өзі бағалау, өзара бағалау, кері байланыс үрдістерінен тұрады.
Ынтымақтастық оқу – бұл оқыту мен оқу тәсілі, проблемаларды шешу, тапсырмаларды орындау немесе әлдебір өнім жасау үшін бірлесіп жұмыс істеу  болғандықтан топтық және жұптық жұмыстар («Мені жалғастыр», «Молекула», Мен саған, сен маған», «Ойлан, жұптас, бөліс», «ДЖИГСО»), сергіту сәттері (тренинг, бижазбалары) аудиторияның жағымды ахуалын тудыруға  тиімді болды.
Сабақ барысында тақырып бойынша маңызды мәселелерді талқылау және тәжірибені ой елегінен өткізуді қамту кезіндегі пайдаланылған формалар мен әдістер тыңдаушыларға құндылықтарды; шығармашылық және сыни ойлау, қарым-қатынас жасау қабілеті, өзгелердің мәдениетіне және көзқарастарына құрметпен қарау, жауапкершілік, достық және айналасындағыларға қамқорлық көрсетуге ықпал етеді.
Бағалауда қалыптастырушы бағалау өзара бағалау, бақылау, алынған мәліметтердің интерпретациясы, іс-әрекетті анықтау үшін қолданылуы мүмкін шешімдерді қорытындылау, кері байланыс ауызша және жазбаша («Екі жұлдыз, бір тілек», «Бутерброд», «Смайликтер», «Бармақ арқылы көрсету») үдерістері арқылы жүзеге асырылды. Сонымен қатар, Майк Грешоннің «Оқу және оқыту үшін бағалау түрлері» жинағы қолданылып, белгілі бір ресурс ретінде қолданылса, жағартылған білім беру мазмұны Бағдарламасы бойынша берілген критериалды бағалау түрлеріне арналған нұсқаулықтар қосымша ақпарат арқылы осы тақырыпты толықтыра алды.
Жалпы, оқу үшін бағалау  осы сессиялар барысында ізденетін, ойланатын, диалогтан, таныстырылымнан, қадағалаудан алынған ақпараттың негізінде әрекет ететін, сол арқылы күнделікті оқуды жақсартатын мұғалімдердің сабақ барысындағы жүмыстарының бір бөлігі екенін байқатты.
Қалыптастырушы бағалаудағы тыңдаушылар арасындағы оқуды мониторингілеу мен қолдау іске асырылатын қалыптастырушы бағалаудың негізгі функцияларын: қалыптастыру – тәжірибе жүзінде жоғарыда көрсетілген құндылықтар жүйесін белгілеу, өалыптастыру және белгілеу , ынталандыру – тыңдаушылардың күтілетін нәтижеге қол жеткізуі, тиімді түрде алға ілгерілеуі үшін жағдай жасау, уәждеу – тыңдаушылардың бойында оқуға және нәтижеге қол жеткізуге деген ынтаны ояту болып табылады.