Сайт Өрлеу

Қалыптастырушы бағалау үдерісі

Қалыптастырушы бағалау үдерісі

Кожаниязова Асель Ермековна,
«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы
Қостанай облысы бойынша
ПҚ БАИ аға оқытушысы

1 Жалпы мақсаты •      Қалыптастырушы бағалау үдерісінің ұйымдастырылу жолдарын қарастыру

•      Оқыту үдерісінде қалыптастырушы бағалау нәтижелерін пайдалану жолдарын түсіну

•      Қалыптастырушы бағалауды қазақ тілі сабағында жүзеге асыру дағдыларын дамыту

2 Күтілетін нәтиже Коуч сессия қатысушыларының формативті бағалаудың күнделікті сабақта пайдалану арқылы  оқу үрдісін жақсарту, оқушыларды оқытуға жетелеу дағдылары жетіледі
3 Түйінді идеялар Қалыптастырушы бағалау
4 Қатысушылар саны 20
5 Материалдар және ресурстар компьютер, проектор,  оқулық, түрлі-түсті маркер, үлестірмелі қағаздар,   А4 и А3 форматтағы ақ қағаздар, стикерлер
Сабақтың барысы
Коуч сессияны өткізу кезеңдері Мерзімі Мұғалім және коуч қатысушылардың іс-әрекеттері
Сәлемдесу 3 мин Коуч тақырыппен таныстырады.
Сергіту сәті 2 мин Серіктестік орта құру. Коуч қатысушыларды шеңбер бойына тұрғызып мотивация кезеңін орындату.  Басқа қатысушылар оны жалғастырады.

«Бүгінгі жаңалығым қандай?». Мұғалім бір шарды алып өзін таныстырады, өзінің жағымды жаңалығы мен тілегін айтып келесі қатысушыға береді. Ол өз жаңалығын айтады. Қатысушылар аяқталғанша осылай жалғаса береді.

Шағын топқа бөлу 5 мин Коуч қатысушылары SMART-бейджер бойынша  5  шағын топқа бөлінеді.  Әр шағын топ бірлесе отырып, өз топ ережелерін  құрып, таныстырып, тұстарына іледі.
Жеке жұмыс 5 мин «Критериалды бағалау» тақырыбы бойынша «Дейін, кейін» кестесінің бірінші бағанын толтырады.
Рефлексия

 

10 мин Бағанда толтырылған түйіндер оқылып, тренер онымен танысып, қандай сұраққа баса назар аудару кажеттілігін өзіне түйіп алады.
Тапсырма: 15 мин Коуч қатысушылары келесі сұрақтарға жауап беру үшін жоба жұмысын дайындайды Бағалау деген не?

1 топ — Бағалау не үшін қажет?
2 топ — Бағалаудың мақсаты қандай?
3 топ — Бағалаудың қандай түрлері бар?
4 топ -Критериалды бағалау дегеніміз не?
5 топ- Критериалды бағалауды енгізу қажеттігі неден туындайды?

Коуч қатысушылары алдымен берілген тапсырмалар бойынша жеке, жұпта, топта серіктестік орта құра отырып  сыни тұрғыдан ойлай келе талқылап, зерттеушілікпен айналысу барысында, дайындаған шағын жоба жұмыстарын А3 парағына түсіріп, тақтаның алдына шығып қорғайды. Берілген мәтін мазмұнының түсіну дәрежесін анықтау мақсатында  3 топқа жеке-жеке тапсырмалар беріледі. Тапсырма барлық топқа әртүрлі беріледі.

(Постер қорғау).

Рефлексия 5 мин Формативті бағалау «Екі жұлдыз, бір тілек» стратегиясына сүйене отырып, топтың ең жақсы жетістігі және жіберген кемшілігіне ұсыныс айту.
Тапсырма: 25 мин Тыңдаушылар оқу бағдарламасы, оқу жоспарларының көмегімен жұпта келесі кестені толтыру үшін практикалық жұмыс жасайды.
Рефлексия 15 мин Әр жұмыс тренердің көмегімен талқыланып, қажет болған жағдайда түзетулер енгізіледі. Әр жұп топтармен «Екі жұлдыз, бір тілек» стратегиясына сүйене отырып, бағаланады.
 Қорытындылау 5 мин Сабаққа жалпы шолу жасалып, коуч сессия қатысушылары сабақ соңында «Дейін, кейін» кестесінің екінші бағанын толтырады.