Бастауышты оқытуда жаңашыл әдістерді пайдалана оқытудың тиімділігі

Бастауышты оқытуда жаңашыл әдістерді пайдалана оқытудың тиімділігі

Э. А. Торебекова
 «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы
Атырау облысы бойынша ПҚБАИ,
«Тұлғаны тәрбиелеу және әлеуметтендіру» кафедрасының
аға оқытушысы, қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының магистрі
[email protected]

Білім беру саласының дербестігін жақсарту, білім беру ісін басқаруды демократияландыру еліміздің мектептерінде оқытудың белсенді және инновациялық әдістері мен технологияларды тиімді пайдалануды қажет етеді.Оқытуда жаңашыл әдісті қолдану оқушы үшін де, мұғалімге де шығармашылықпен жұмыс ықпал етеді.Білім беру жүйесіндегі өзгерістер:«педагогикалық технологиялар»,«тәсіл»,«әдіс» сияқты ұғымдарды терең меңгеруге оқып-үйренуге жетелейді.
«Инновация» сөзі латынның («жаңашылдық»,«өзгеріс») деген ұғымдарына сәйкес келеді.Жалпы жаңашылдық мәселесі туралы ғалымдар өз зерттеулерінде атап көрсетті.Олар Р.А Дюсупова,А.М Саранов және басқада ғалымдар еңбегінде.Бұл үшін еңбастысы мұғалімнің инновациялық даярлығын қалыптастыру керек.Мұғалімнің инновациялық даярлығын қалыптастыруда, инновациялық іс-әрекеттерді төрт бөлікке жіктеуге болады; әдіснамалық, пәндік-теориялық,әдістемелік, технологиялық. Мұғалімнің инновациялық даярлығын қалыптастырудың бірінші әдіснамалық бөліктеріне кіретіндер;ізгілікті филасофия, философия ғылымы,ғылым әдіснамасы, педагогика әдіснамасы, әдіснамадағы жаңа білімдер жиынтығы. Екінші пәндік-теориялық бөліктеріне жататындар; мұғалімнің беретін пәні бойынша теориялық білімі, педагогика, психология,дидактика,педагогикалық инноватика бойынша жаңа білімдері.Үшінші әдістемелік бөліктеріне мұғалімнің өзі беретін оқу пәнінің тарихы мен әдістемесін білуі және тәрбие жұмыстарын,сыныптан,мектептен тыс жұмыстарды өткізу әдістемесін білуі жатады.Төртінші технологиялық бөлігі мұғалімнің өз пәні бойынша нақты педагогикалық технологияларды білуі,меңгеруі және оны өз тәжірибесінде қолдануы жатады.Сондай-ақ мұғалімнің тәрбиелік технологияларды білуі,меңгеруі,пайдалануы да кіреді.Мұғалімнің инновациялық даярлығын қалыптастырудың теориялық мазмұны біртұтас педагогикалық үрдісті ұйымдастыру, ғылыми-зерттеу жұмыстарды жүргізу,педагогикалық рефлексия мен өзіндік рефлексияны жүзеге асыра алуы сияқты жұмыстардың негізін ашуды,үйренуді мақсат етеді.А.М.Саранов «Инновациялық білім беру жүйесін дамытудың теориялық негіздері» атты еңбегінде «инновациялық процесс–жаңаны құру,тарату және қолдануға бағытталған процесс,оның құрылымы жаңаны пайдалану идеяларынан туындайды»-деп атап көрсетеді.(1)Инновация жаңаны ендірудің соңғы нәтижесі немесе практикалық іс-әрекетте пайдаланылатын технологиялық процесті жетілдіру ретінде қарастырылады.Педагогикалық еңбектерде инновациялық процестің мынандай кезеңдері анықталған;1.Жаңа ұғымды ашу,бұл жаңа идея немесе жаңалықтың тұжырымдамасының пайда болу кезең,ғылыми іргелі немесе қолданбалы зерттеулердіңнәтижесі;2.Жаңаны ендіру, жасап шығу,яғни нақты материалдық немесе рухани құнды үлгіні ұсыну;3.Жаңаны тәжірибеде қолдану кезеңінде жаңа ұсынысты алып,өңдеп,толықтырып,тұрақты,нақты тиімділігі анықталғанша сынақтан өткізу; 4.Жаңаны тарату кезеңі; 5.Жаңаны нақты бір аумақта сынақтан өткізу кезеңі,осы кезде жаңа күнделікті әрекет ретінде қолданылады.Осы кезеңде бұдан да тиімді балама,тың жаңалықтың пайда болуына деген қажеттілік аяқталады; 6.Жаңа сипаттағы өзгерісті талдап, ендіруге байланысты,бұрынғы қалыптасқан процесті пайдалану аясы біртіндеп азая түседі.(1; 2; 3).
Жаңашыл жүйеге,үрдіске,құбылысқа ілгері бір жаңалық енгізуші адам, көптеген іс шараларды ұйымдастыруда адамдардың өзіндік жаңашылдық іс- әрекетін көрсете алушылығы.Бүгінгі таңдағы,бастауыш сыныптағы пәндер дүниетану,ана тілі,әдебиет сабақтарына;топқа бөліп оқыту,рөлдік ойын элементтерін,пікір сайыс және басқа дәстүрлі емес түрлері,оқытудың жаңа технологиясы тәжірибеге кеңінен ене бастады.Ондағы дәстүрлі емес сабақ түрлері;
— «саяхат», «мұражайға экскурсия», «концерт», «қойылым»,т.б:
— «дөңгелек үстел», «брифинг», «презентация», «аукцион»,т.б;
— кино, теледидар,бейнетаспа сабақтар т.б;
-пікір-сайыс сабағы,проблемалық іздену сабақтары,интеллектуалды ойлау сабағы т.б ;(4.5)
Дәстүрлі емес сабақтарда оқытудың жаңашыл әдістерін пайдалану жолдарын нақты сабақ жоспары арқылы қарастырайық.Мәселен, 4сыныпта Дүниетануды оқытуда «Азаматтық қоғам.Құқықтық қоғам» туралы сабақта әдептілік,тәрбиелік сияқты түсініктерді ашып көрсету арқылы құқықты cыйлаушы азамат тәрбиелеуге септігін тигізуге басты назар аударылады.Осы тақырыпты кең көлемде түсіндіруде Қазақ хандары,оның ішіндеТәуке хан, «Жеті жарғы» туралы оқушыларға әсерлі де,көркем ғылып жеткізе баяндай отырып,сабақты «дөңгелек үстел» пікір сайыс түрінде өткізіледі.
Оқушылар оқулықпен топ құра жұмыс жасайды.Тақырыптағы мәтінді соңына дейін оқып танысады.Осы мәтін төңірегінде мәлімет даярлау тапсырылады. Осы тақырып туралы білетін мәліметті бір топтың балалары бастайды, содан кейін мұғалім өз қалауымен қай топты көрсетсе, сол топтың оқушылары осы мәселе жайлы мәліметті,не әңгімені жалғастырады. Оқушылардың зеректілігін дамыту үшін мұғалім оқиға туралы айтып тұрған оқушының сөзін кез- келген жерінен үзіп,басқа топқа одан әрі жалғастыруды тапсыру керек.Бұл сайыстағы оқушылардың жауаптары мынандай сапа бойынша бағаланады.Оқушылардың назарында болу үшін тақтада мына мәселелер жазылады.
Оқушылар жауабының сапасы бағаланады:
— мазмұндылығы;
— жүйелілігі;
— ғылыми нақты фактілерді пайдалануы;
— қосымша материал қолдануы;
— ойдың жалғасын табуы;
— өмірмен байланысы.
Қорытынды да,әр оқушы берілген тапсырманы дауыстап оқиды, тапсырма бойынша жауап дайындайды,ондағы негізгі ойды тауып,талдау жасалады
Оқытудың ең көп таралған формасы-шағын топтармен жұмыс істеу. Оқытуды ұйымдастырудың тәсілдері мұғалімнің мақсатын-оқушыларды бірлескен танымдық белсенді танымдық қызметке қатыстырудың қажеттігін анықтайды.Топтардағы жұмыс үш технологиялық қайталаумен сипатталады.
Бірінші оқыту проблемасын жолға қою және оған кірісу,яғни жұмыс процесін ұйымдастыру.Сол арқылы оқушылардың оқуға белсенділігі артады.Оқушылардың ішкі мақсаттарының алғашқы міндеттері жүзеге асырылады.Екінші туындаған мақсатты орнықтыру үшін дербес іс әрекеттің нақты өрісі ұсынылады. Оқушылар шығармашылық ықшам топтарға бөлінеді де,шағын топтардағы қарым қатынас арқылы өзінің ішкі мақсатын іске асырып мұғалім көтерген оқу проблемасын сезінеді,іздегенін анықтайды,оны шешу үшін бірлескен қызмет тәсілдерін әзірлейді,мақсатын жүзеге асырады.Үшінші жалпы талқылау.Ол бірлескен педагогикалық қызметті келесі кезеңі ретінде қажет, оның процесінде педагог өзінің оқу проблемасын шешудің ақиқатын дәлелдеуге топтарды жұмылдырады.Әр топ өз пазициясын басқа топтардың алдында жариялап, белсенді түрде қорғап шығады.Тараптардың дәлелдерінің негізділігі бойынша пікірсайыста,кейде әр түрлі, қарама-қайшы көзқарастар туындайды,тексеріледі.Негізделген дәлелдердің талап етуі бойынша педагог оқушыларды оқыту проблемасының дұрыс шешіміне алып келеді.Мұғалім оқушыны бағалайтын өлшемдерді әзірлеуі керек.Егер оқушы өзінің жұмыстарының мақсаты қандай екенін және ол жұмыстардың қалай бағаланатынын білсе,онда бұған мақсаттылық пен дайындалып, тапсырманы орындауға мүмкіндік туғызар еді.Мұғалімдер жаттығуларды жиі-жиі және тұрақты пайдалануға болады.Бірақ бұл ретте баға қоймай,оны балалардың білімін тексеруге мүмкіндігі мол сабақтардың үлесіне қалдыра алады.Олар үшін жаттығулар дегеніміз-балаларды дамыту тәсілі, ұжымда,топтарда жұмыс істеуді үйрету мүмкіндігі, сөйлеуді, аналитикалық қабілеттерді жетілдіру мүмкіндігі. Сонымен бірге оқыту процесін түрлендіріп,оны жандандыратын бір проблеманы шеше отырып, сондай-ақ жаттығулар кезінде балалар көрсеткен білімдер мен икемділікті бағалаудан бас тартып,мұғалім басқа бір проблемаға тап болуы мүмкін. Балалар «ойнауға» дағдыланып,оқытудың «ойынсыз» формаларын ықылассыз қарсы алады,ал өздерінің жұмыстары бағаланбаса,жаттығулар кезінде мұғалімнің нұсқаулары мен тапсырмаларын орындаудыңміндетті емес екені туралы проблема пайда болады.Сондықтан белгілі бір жаттығуды бағалаудың белгілі бір формасын тапқан дұрыс.Қазіргі заманғы білім беру жүйесінің басты қайшылығы-тез өсіп бара жатырған жаңа білімдер қарқынымен жеке тұлғаның оларды игерудегі шектеулі мүмкіндіктері арасында. Бұл қарама–қайшылық теорияны білім берудің абсолютті идеалынан(жан-жақты дамыған тұлға)бас тартып,жаңа идеалға адамның өзін өзі реттеуі мен өздігінен білім алуы қабілеттерін барынша дамытуға көшуіне мәжбүр етті.Сонымен, жаңаша оқытудағы басты нәрсе-бұл білім алу және өздігінен білім алу негізінде адам қабілеттерін, икемділіктерін дамыту.
Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. 1.А.Қ.Әлімов. Б.М.Қосанов. Р.Ж.Базарбекова. Бастауыш сынып мұғалімдеріне интербелсенді әдістеме.-Алматы, 2010
  2. Педагогика. Учебное пособие для студентов педагогических вузов и педагогических колледжей / Под. Ред. П.И. Пидкасистого. — М: Педаг. Общество, 1998. — 640 с.
  3. Оконь В. Введение в общую дидактику. — Москва: Высшая наука, 1990.
  4. Мұғалімге арналған нұсқаулық. (ІІІ деңгей)
  5. Аницибор М.М.Активные формы и методы обучения.-Тула, 2002.
  6. Әбілқасымова А.Е. Қазіргі заманғы сабақ. – Алматы, 2004
  7. Лизинский В.М. Приемы и формы учебной деятельности. -М., 2004.
  8. Тренерге арналған нұсқаулық, «Назарбаев Зияткерлік мектебі» ДББҰ, 2012.
  9. А.Әлімов. Интербелсенді әдістеме  2013жыл
  10. 10.«Мектептегі іс-әрекетті зерттеу»әдістемелік құрал Алматы-2013жыл Кембридж университеті бағдарламасының негізінде тренерлердің тәжірибе алмасу мастер-кластары   Алматы-2014жыл