Сайт Өрлеу

Мұғалім неліктен өзгеруі керек? Курс тыңдаушыларының пікірі…

Мұғалім неліктен өзгеруі керек? Курс тыңдаушыларының пікірі…

Мұғалім неліктен өзгеруі керек? Курс тыңдаушыларының пікірі…

Қорқыныш пен қобалжудан басталған курсымыз де өте шықты. Бір ай бұрын есіктен жүрексіне келген отыз бір мұғалім бұл күнде біте қайнасып, көптеген қырларын сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес, жүрегіңмен және жан-тәніңмен сезіне алатын мұғалім мамандығының терең сырларына үңілдік.
Алғашқы күнгі танысқаннан соң, «мұғалімдер неліктен өзгеруі керек?» -деген тақырыптың төңірегінде ой өрбіттік. Пікірталас барысында американдық ғалым С.Бичтің пікірімен таныстық. Оның: «Әлем өзгергендіктен, сіз өзгересіз және қазіргі сәтте өзгеріссіз қалу өте қауіпті. Сіз өзгересіз, себебі сіз білім алғанды, білім бергенді жақсы көресіз, балаларды сүйесіз және олар мына жылдам өзгеретін әлемде бағыт беріп отыратын сізді қажет ететіндігін білесіз, оны істеу үшін сізге алдымен өз жолыңызды табу қажет. Сондықтан сіз өзгеруіңіз қажет» — деген пікірі бізге үлкен ой салды.
Тренеріміз Фариза Баққалиқызының қолдауымен және топпен бірлесе отырып, оқушының оқуына құлқының болмауы негізінен мұғалімнің оның уәжін оята алмауының кесірінен болатынын, оқушының уәжін өсіретін немесе керісінше өшіретін элементтерді анықтадық.
Жаңартылған білім беру бағдарламасының құрылымымен танысып, оған сәйкес педагогикалық жаңаша әдіс-тәсілдерді қолдануды, оқу мақсаттарына қол жеткізу үшін критериалды бағалау жүйесін қалай қолдану керектігін түсіндік. Сыныпта психологиялық ахуал орнату, тапсырмаларды түрлендіре отырып оқушыларды қызықтыру, өмірмен байланыс жасау арқылы оқыту әдістерін меңгердік. Осы бір ай ішінде көптеген жаңалықтармен таныстық, курстың мазмұны өте ұнады. Келесі оқу жылынан бастап дәстүрлі емес, өзгеше, оқушыларымызға қызықты, әрі сапалы өтетін сабақтар өткізетінімізге сенімдіміз. Жаңа мазмұндағы курс ұйымдастырғандарыңыз үшін алғысымыз шексіз!