Сайт Өрлеу

«Өзін-өзі тану» пәнін оқытудың ғылыми-әдіснамалық негіздері

«Өзін-өзі тану» пәнін оқытудың ғылыми-әдіснамалық негіздері

«Өзін-өзі тану» пәнін оқытудың ғылыми-әдіснамалық негіздері

2018 жылдың 2 ақпанда «Өзін-өзі тану» пәнін оқытудың ғылыми-әдіснамалық негіздері тақырыбында 2-апталық біліктілікті арттыру курсы аяқталды (тренер – Даулетбаева Г.К.).

Педагогтер үш негізгі модул бойынша білім алды:

  1. «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының әдіснамалық және психологиялық-педагогикалық негіздері;
  2. «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасы мазмұнының аксиологиялық негіздері;
  3. «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасын жүзеге асырудың әдістемесі.

Курс барысында тыңдаушылар «Өзін-өзі тану» РАББ бағдарламасын іске асыру бойынша пилоттық білім беру ұйымы №59 мектеп-лицейдің «Өзін-өзі тану» сабақтарына қатысты. Бастауыш сыныпта – Г.Е.Алдыбергенова, орта буында – Л.К.Ибраева «Өзін-өзі тану» сабағын өткізу тәжірибелерімен бөлісті.

Курс аясында «Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Астана қаласы бойынша ПҚ БАИ өткізген «Педагогикалық идеялар панорамасы» диалог алаңына қатысты.