Сайт Өрлеу

БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДА КӨПТІЛДІЛІКТІҢ ТИІМДІЛІГІ

БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДА КӨПТІЛДІЛІКТІҢ ТИІМДІЛІГІ

Алмаганбетова Света Минсизбаевна
Шымкент қаласы №65 Ы.Алтынсарин
атындағы мектеп гимназияның
бастауыш сынып мұғалімі

Елбасы Н. Ә. Назарбаев биылғы жылғы «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» тақырыбындағы Жолдауында «өмір бойы білім алу» әрбір қазақстандықтардың жеке кредосына айналуы тиіс» деген. XXI ғасыр білімді де, білікті, бәсекеге қабілетті, көптілді, көпмәдениетті тұлғалар ғасыры болмақ. Қазіргі жаһанданған, ақпараттың дамыған ғасырында болып жатқан түрлі өзгерістер мен жаңашылдықтар еліміздің экономика саласына да, білім беру жүйесіне де тың ізденістер мен түбегейлі өзгерістер енгізіп отыр. Көптілділік-нақты тұлға, ұжым, халықтың белгілі бір қоғамда, қарым-қатынас үдерісінде көптілді алма — кезек қолдану құбылысы [1, 18б.].

Бүгінгі таңда мемлекетімізде көптілділік мәселесін нақты іс түрінде жүзеге асыру керек пе? Әрине, керек. Еліміз бен жерімізге ие болатын жас ұрпақтар көптілді жан-жақтан білуі тиіс. Көптілді оқыту-жас ұрпақтың білім кеңістігінде еркін самғауына жол ашатын, әлемдік ғылым құпияларына тереңінен үңіліп, өз қабілетін танытуына мүмкіндік туғызатын бүгінгі күнгі ең басты қажеттілік. Қазақстанда білім беру саласында қазақ, орыс, ағылшын тілдері оқыту тілі ретінде қолданылады. Осыған орай, білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы іске асырылып, жалпы барлық жеткіншек ұрпақтың функционалдық сауаттылығына да зор көңіл бөлініп жатқаны жасырын емес. Сондықтан да жастарымыздың жарқын болашағы үшін әлемдік деңгейдегі зияткерлік мектептер мен кәсіптік-текхникалық колледждер ашылып, «Болашақ» бағдарламасының негізінде олардың шетелге шығып білім алуларына жан-жақты жол ашылған. Көптілділіктің маңызын түсіне білген жанға оның еліміз үшін болашақта алары да, берері де мол [2, 10б.].

Қазіргі өмірдің өзі адамның кәсіби шеберлігіне, білім өрісіне, зиялылық және танымдылық деңгейіне үлкен талаптар қойып отыр. Оның әрбір талабын әр қырынан көрстеу-ұстаздың алдында тұрған басты міндеттерінің бірі. Ұстаздың негізгі мақсаты —

көптілді, көпмәдениетті және құзыреттілікті меңгерген жеке тұлғаны тәрбиелеп, қалыптастыруға атсалысу. Мәселен, қазіргі кездерде мектепте қазақ тілін оқыту барысында орыс тілі мен ағылшын тілін кіріктіріп, бірлікте алу мұғалімнің кәсіби шеберлігіне байланысты жүргізіліп жүр. Бұл жерде өтіліп жатқан үш пәнді бірлікте ұстап, пәнаралық байланысты жүзеге асыруға болады. Алайда дәстүрлі оқытуда тек аударма жасатумен ғана шектеліп отырсақ,қазіргі оқыту технологиясында түрлі шығармашылық бағыттағы тапсырмаларды бере отырып, жеке тұлғаның әрекетін дамытуды мақсат етудеміз. Сол үшін тілді жылдам үйренгісі келетіндер оны күнделікті тұрмыста көбірек қолданулары тиіс. Демек, барлығымызға тіл үйренудегі белсенділігімізді ісімізбен көрсететін уақыт жетті [3, 14б.].Әрине, тіл білудің пайдасы-ұшан-теңіз. Бірнеше тіл білу-адамға берілген қосымша мүмкіндіктер деп түсінген жөн. Адамның осындай құнды мүмкіндіктері оның қоғамдық ортада әлеуметтік жағдайларының да көп мәселелерінің оңтайлы шешілуіне ықпал етеді. Әйтсе де мына нәрсеге ерекше қарау керек. Тіл үйренгенмен адамның білімі тереңдемеей, патриоттық сезімінен айырылып, тек тіл білу деген қағидамен жүре беретін болса, бұл біздің ұлттық менталитетіміз үшін аса қауіпті деуге болады [4, 29б.].

Дегенмен, қазіргі зерттеушілеріміздің айтуынша, көптілділіктің өзіндік лингвистикалық құбылысты қалыптастыратынына баса назар аударуымыз қажет. Сонымен тіл үйренудің өзі асыл қазынамыздың түбірі іспеттес.

«Білекке сенер заманда – ешкімге есе бермедік. Білімге сенер заманда – қапы қалып жүрмейік»,-деп Абылай хан айтып кеткендей, ертеңгі күннің болашағы бүгінгіден де нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын құдіретті күш тек білімге ғана тән болса, тілдердің де тұтастығы соншалықты құдіретті болмақ. Көптілідіктің білім берудегі басты мәселесіне жетік мән беріп, оған біртұтас ел сияқты қараған жөн. «Ана тілінен басқа тілді үйренуге тыйым салу-басқа әлем мен қоршаған ортаны танып-білуге тыйым салғанмен бірдей. Тіл үйретуде кез келген іс-шара барысында көптілділіктің дара жолына бағытталған түрлі әдістемелік оқыту құралдары да біршама өзіндік ықпал ететіні сөзсіз[5, 49б.].

Мемлекет басшысы 2007 жылғы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты халыққа Жолдауында «Тілдердің үштұғырлылығы» атты мәдени жобаны кезең-кезеңімен іске асыруды ұсынды. Айта кететін болсақ, көптілділік туралы идея-ол өмірлік қажеттіліктен туындаған идеялардың бірі болып есептеліп отыр. Сондықтан ұлы ғұламаларымыздың өмір бойы армандаған тәуелсіздік біздің нәсібеміз болғандықтан, сол ырысымыздың қуаттылығына да ерекше зейінмен қараған жөн. Қазақстанда көптілділікті енгізу қолға алынып жатқаны баршаңызға белгілі. Елбасы Н. Ә. Назарбаев: «Қазақ тілі – үш тілдің біреуі болып қалмайды, үш тілдің біріншісі, маңыздысы, бастысы деп атап көрсеткен. Демек, Елбасының халықтың алдында айтқан сенімді сөзіне ешбір күмән келтіре алмаймыз. Жалпы үш тұғырлы тілді, үш тұғырлы биге ұқсатсаң да кем емес. Егер де, ақты ақ, қараны қара деп бөліп алып, саралайтын болсақ, үш тілде оқытудың мемлекеттік тілге ешқандай нұқсан келтірмейтінін дұрыс насихаттау мәселесі жетіспей тұрған сияқты. Бүгінгі заманауи өмірдің жаһандану заманында әлем таныған елдің қатарындамыз. Сондықтан бүгінгі жас ұрпақтар үшін көп тілді білу- ешбір артық емес, керісінше ол біздің өскеніміздің белгісі.

Ата-бабамыздың өткен тарихына көз жүгіртетін болсақ, ұлы ғұлама Әбу-Насыр Әл-Фараби 70 ұлттың тілін білсе, дауылпаз ақын Махамбет пен қазақтың біртуар перзенті ұлы Шоқан да, бірнеше тіл білген. Ұлы Абай қазақ-орыс тілдерімен қатар, парсы, араб тілдерін де жетік меңгерген. Әлихан Бөкейханов сынды алаш арыстарымыздан бастап, кешегі М. Әуезов, Қ. Сәтпаев сияқты талай тарландарымыз қанша жерден Ресей топырағында білім алса да, сол империяның қысымында жүрсе де, ана тілінің идеологиясы мен мәртебесін ең жоғары орынға қойған. Өйткені олардың бәрінің де тілі қазақша шығып, сөзі қазақ тілінен бастау алған [5, 51б.]. Тіл ана тілде сайрап тұрғандықтан, ешкім оған балта шаба алмаған. Қазақ халқы өте еліктегіш, табиғатынан тез қабылдағыш қазақ екені рас. Кеңес заманында орыс тілі – заманның кілті болды. Бұл — сол кездегі заман талабы еді. Орыс тілін үйреніп, біз сол орыстардың өздерін тілдерінен жаңылыстыратын болдық. Енді алдағы асудың бірі-ағылшын тілін жетік меңгерту. Адам көп тіл білген сайын оның көкірек көзі ашылып, өмірінің көкжиегі көрініп, өрісі ұлғая бастайды. Көп тіл білу-әрине мақтаныш. Бүгінгі таңда жалпы білім беретін барлық мекемелер көптілділікті игерту барысында кешенді жұмыстар жасап, оның қорытындысын арнайы нәтижеге бағытталған оқыту үдерістерінде жүзеге асыруы шарт. Білім беру жүйесіне көптілділікті енгіудің өзіндік тиімді жолдары баршылық деп айтуға болады. Тіл құдіреті-ұлтаралық қарым-қатынасты нығайтудың басты жолы болып табылады. Себебі, Қазақстан-көпұлтты мемлекеттердің қатарында. Бүгінгі таңда елімізде мекен еткен түрлі ұлт өкілдерінің де тілді үйренуге деген ынтасы мен ықыласы басым.

Мектептің білім беру үрдісінде мақсаты-бір, мүддесі-бір және тілі-бір. Яғни, ұлт мүддесін сақтау және мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру. Тіпті, қазақ тілінде оқытылатын қазақ сыныптарының өзінде өзге ұлт өкілдерінің балалары білім алуда.

Бұның өзін өзге ұлт өкілдерінің тілге деген қызығушылығы мен сүйіспеншілігінің негізгі айғағы деп түсінген жөн. Қазақстанда өмір сүретін әрбір азамат көп тілді білетін болса, онда оның болашағының есігі айқара ашық деп айтуға болады. Көптілді білу-сол елдің әлеуметтік ортасымен қатар, сол елдің мәдениеті мен экономикасын, тұрмыс-тіршілігін жете білуден өріс алады. Мәңгілік Елдің мәңгілік тірегі көптілділік идеясын жүзеге асыру барысында өз үлесімізді қосып, адами капиталдығымызды көрсету – әрқайсымыздың перзенттік парызымыз деп түсіну керек.

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

  1. Назарбаев.Н. Ә. «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы.-Астана,2007ж.
  2. Көптілділік білу-заман талабы. Электронды ресурс. –Астана, 2017ж.
  3. Әлімжанова.З.,Маманова Д., Қазақ тілін оқыту методикасы. –Алматы, 2015ж..
  4. Хасанұлы Б. Тілдік қатынас негіздері. –Алматы, 2008ж.
  5. //Рысбекова Б. А. Республикалық ғылыми-әдістемелік педагогикалық журнал. –Астана, №2, 2017ж.
  6. Тәңірбердіқызы А. «Қазақ тілін білу-әншейін бір ұран емес». Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқы ассамблеясының XVII сьезінде сөйлеген сөзі. «Ақиқат», №5, 2011ж

Один комментарий к “БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДА КӨПТІЛДІЛІКТІҢ ТИІМДІЛІГІ

  1. Уведомления: Внедрение трехъязычного образования в рамках обновления содержания среднего образования: состояние и перспективы | Сайт ӨРЛЕУ