Сайт Өрлеу

Оқушы зияткерлігін дамытудағы тоғызқұмалақ ойынының рөлі

Оқушы зияткерлігін дамытудағы тоғызқұмалақ ойынының рөлі

Рамазанова Ағуза Далабайқызы,
Жаратылыстану-ғылыми (гуманитарлық)
пәндерді оқытудағы инновациялық технологиялар мен
әдістер кафедрасының аға оқытушысы

Мақсаты: Тоғызқұмалақ ойынының  инновациялық түрі, мұғалімдерге және оқушыларға алаңдағы  тоғызқұмалақ  ойынын үйрету, тоғызқұмалақ ойыны арқылы оқушы зияткерлігін, оқушылардың тоғызқұмалақ ойынына қызығушылығын арттыру,  ойынды мұғалімдердің сабақтың сергіту сәтінде пайдалануының тиімді жолдарын үйрету.
Алаңдағы «Тоғызқұмалақ».
           Арнайы ұяшықтар сызылып дайындалған алаңда ойналады. Әр  командада 10 ойыншы  ойнайды. Әр отауда 9 кішкене  доп құмалақтармен бірге, бір ойыншы тұрады. Команда  ақ, қара болып  екіге  бөлінеді. Ақ жағы ойынды  бастайды ойыншылар ақылдасып жүріс  жасайды. Отаудағы құмалақ санына қарай отау  иесі келесі өзінің серіктесін  көмекке  шақырып отырады, құмалақтарды қолдарына алып жүріс  жасайды. Қарсыластары да ойындағы ұтымды жүріс  жолдарын жасайды. Ойын  осылай  жалғасады.Тұздық  алады және кім  бірінші 81  құмалақ  жинаса  сол  жеңіске  жетеді.
Ойын  ережесі:
1.Алаңдағы  тоғызқұмалақ  ойыны, тақтада  ойналатын тоғызқұмалақ   ойынының негізгі  ережелерімен ойналады.

  1. Жүрістерді есептеу команда ойыншылары бірге  ақылдасып  есептейді
  2. Өзара есептеліп, келісілген жүрісті  жасауда команда ойыншылары қарсыластардың  отауына  құмалақтарды бір-бірден  көтеріп  алып  барып салады.
  3. Соңғы құмалақ түскен отаудағы  құмалақтар  саны  жұп болса, өз қазандықтарына ұйымдасқан  қалыпта  тасып  алады.
  4. Команда жетекшілері ойын басталғаннан  аяқталғанға  дейінгі  уақытта ойынға  араласып ойыншыларға ақыл  кеңестер  беруге  рұқсат  етілмейді.
  5. Команда ойыншылары өз жүрістерін  жасаған  соң  қарсылас  команда ойыншыларына  жүрістерді  есептеуге  кедергі  жасамаулары  керек.

 
Ойынға  қатысушылар:
1.Алаңдағы  тоғызқұмалақ ойыны  командалар  арасында  өтеді.

  1. Әр командада 10 ойыншы болады.
  2. Командадан бір ойыншы команда капитаны болады.

Ойынның  ерекшелігі:

  1. Бір алаңда  20-22  ойыншы  ойнай алады.
  2. Ойын командалар арасында болғандықтан,  тартысты  және  қызық  өтеді.
  3. Командалар құрамында  тоғыз құмалақ  ойынының  ережесін толық білмейтін ойыншы болса, ойын  барысында  командаластармен жүрістерді есептеуде, жүрістерді  жасауда ойын  ережелерін тез әрі  жылдам  игереді.
  4. Ойыншылар ойын бастағаннан аяқталғанға дейін  қимыл-қозғалыста  болады.
  5. Алаңдағы тоғызқұмалақ ойыны  ойыншылардың  ақыл-ойларын  және дене  қозғалыс қимылдарының  дамуына, жақсы көңіл-күйде болуларына оң  әсер  етеді.
  6. Ұлғайтылған тоғызқұмалақ ұлттық ойынының ерекшелігі – ойын топтық  түрде  өрбиді.

Нәтижесінде:  Ойыншылар  санының  артуы  ұлттық  ойынымыздың  кеңірек таралуына, беделінің  артуына  зор мүмкіндік  тудырады. Ойынның  ұжымдық негізде  ойналуы, жастар  арасында өзара сенімділік  пен достық қарым-қатынастарының нығаюына үлкен  мүмкіндік  береді. Ойын  қоғамның  барлық жастағы  өкілдеріне  арналған. Ойын  арқылы біз  ұлттық спортымыздың  әлемдік деңгейге  көтерілуіне ықпал  етіп, этнопедагогикалық  салт-дәстүр  негізінде қалыптастықан ұлттық  ойындарды  қайта  жаңғырту-насихаттау бағытында елеулі  жетістіктерге қол жеткіземіз деген ойдамын. Оқу-тәрбие жұмыстарын комплексті  түрде  дұрыс жолға қоя білу  үшін, алдымен оқушыларды осы  ұлттық түрлеріне  қызықтыра  білу. Сонымен бірге бұл қозғалмалы  ойын болып, балалардың  қимылдауына  мүмкіндік  береді.
Алаңдағы тоғызқұмалақтың мақсаты: қатысушылар бір-бірімен кеңесіп, ақылдаса отырып, ұжымдық қадам жасауға машықтанады, құмалақтарды көтеріп ұяшықтан — ұяшыққа алып жүру арқылы физикалық қимыл-қозғалысты және ой-өрісі  дамиды.
Өз тәжірибемде педагогтердің біліктілігін арттыру курстарында «Алаңдағы тоғызқұмалақ» ойынын мұғалімдерге сабақтың сергіту сәтінде пайдалану жолдарын үйретіп жүрмін.
Ойындарды сергіту сәтінде пайдаланудың тиімділігі:

  • Бала үнемі партада  қозғалыссыз отырып ойнамайды, спортзалда, даладағы алаңда  қозғалып  жүріп те  «Тоғызқұмалақ»  ойынын ойнайды.
  • Ойнап жүріп ойын ережесін  тез үйренеді.
  • Ең бастысы  ойын кезінде  бала әрбір  жүріс  қадамына  ойланады, жүргеннен  кейін келесі  жүрісті  мұқият  есептейді.
  • Ойынды  шапшаң ойлап ойнау жылдам шешім  қабылдағыштыққа  тәрбиелейді.
  • Көпшіл болып оқушы – оқушы, мұғалім – оқушы қарым-қатынасын нығайтуға тәрбиелейді. Әлеуметтік, танымдық үрдістер жүзеге асырылады.
  • Бұл ойындарда бала тек математика ғана емес, басқа пәндерді де жетік меңгеруді үйренеді: дәл осыны басқа пән мұғалімдері пайдаланса, тіпті жақсы болар еді. Мысалы,  тарих пәні мұғалімдері «Тоғызқұмалақ» ойынын сергіту сәтіне немесе ойынсабақ ретінде пайдаланса, қажетті ақпараттарды тез жаттап алар еді. Сол сияқты әдебиет пәні мұғалімдері шығарма авторлары, кейіпкерлері туралы ақпараттарды тез меңгерту үшін пайдалана алады. Ойында  Блум таксономиясының барлық деңгейі қамтылады.
  • Бұл сергіту сәтінде қалыптастырушы бағалау әдісі де жүзеге асырылады.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

*

code