Көп тілді білім беру- өмір талабы

Көп тілді білім беру- өмір талабы

Шериев Біржан Уалиханұлы
«ӨРЛЕУ» БАҰО АҚ филиалы
ОҚО, ПҚ БАИ, ДБО тренері
 

Значения  изучение английского языка в начальных классах в том что сегодняшний ученик завтра должен войти в жизнь личностью, человеком с большой культурой и с широким кругозором.

Тhe importance of studying English in primary classes that a today’s  pupil shall tomorrow enter the life of personality by the man of large culture and broad  mind

Тілден артық қазына жоқ
Тілден артық қасиет жоқ
Н.Назарбаев

Тілдің адам өмірі үшін мәні айрықша. «Тіл-тәуелсіздік тұғыры», «тіл асыл ойдың бұлағы», «тіл-ұлттың жан дүниесі», «тіл-өлшеусіз қазына, өрісі кең әлем».
Елбасы 2006 жылдың қазанында өткен Қазақстан халқы ассамблеясының XII құрылтайында «Үш тұғырлы тіл» туралы идеяны жариялады. Ал 2007 Жолдауында “Тілдердің үштұғырлылығы” атты мәдени жобаны кезең-кезеңмен іске асыруды жолға қойды.
Бұл идеяның негізі: Қазақстанды бүкіл әлем халқы үш тілді бірдей пайдаланатын жоғары білімді мемлекет ретінде тануы керек. Олар: қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлтаралық қарым-қатынас тілі және ағылшын тілі – жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі. Яғни мемлекеттік тілді дамытамыз, орыс тілін қолдаймыз және ағылшын тілін үйренеміз.
Үштұғырлы тіл өмірлік қажеттіліктен туындаған идея. Қай заманда болсын, бірнеше тілді меңгерген мемлекеттер мен халықтар өзінің коммуникациялық және интеграциялық қабілетін кеңейтіп отырған. Мысалға, ежелгі дүниедегі Мысырдың өзінде бірнеше тілді білетін мамандар иерархиялық сатымен жоғарылап, көбіне салық төлеуден босатылған. Сондай-ақ, бүгінгі Еуропада да көп тілді меңгерушілік жалпыға ортақ норма болып саналады. Яғни, бүгінгі таңда Қазақстан үшін үштұғырлы тіл – елдің бәсекеге қабілеттілікке ұмтылуда бірінші баспалдағы. Өйткені, бірнеше тілде еркін сөйлей де, жаза да білетін қазақстандықтар өз елінде де, шетелдерде де бәсекеге қабілетті тұлғаға айналады.
“Үштұғырлы тіл” идеясының үшінші құрамдас бөлігі – ағылшын тілін үйрену. Бүгінгі таңда ағылшын тілін меңгеру дегеніміз – ғаламдық ақпараттар мен инновациялардың ағынына ілесу деген сөз.
Шетел тілін оқытудың басты мақсаты — оқушыға шетел тілінде қарым-қатынас жасауды базалық деңгейін игерту. Осыған сәйкес оқыту мазмұнына қарапайым коммуникативтік біліктілікті, қажетті жағдайда ауызша және жазбаша (сөз, тыңдап түсіну, оқу, жазу) өзара мәдени қарым-қатынас процессінде қолдана алу қабілеттілігі мен дайындығын қалыптастыруды қамтамсыз ететін тілдік, сөздік, әлеуметтік-мәдени білім, білік дағдылар енеді.
Тілдік қатынастың негізгі формаларының бірі — диалог сөз.  Ағылшын тілін меңгертуде диалогтік әдістемесін қолдана оқытудың маңызы үлкен. Диалог — ғылымда танымдық процестің іздеген нәтижеге әр түрлі, бірақ бір-бірімен жарыспайтын көзқарастар, қатынастар, бағыттардың өзара байланысты жолымен жүзеге асырылатын прогрессивтік дамуының түрі ретінде көрінеді. Сабақ барысында оқушы мен оқушы, мұғалім мен оқушы арасында жүргізілген диалог оқушылардың қызығушылығын, танымын арттырады. Мерсер мен Литлтон  өз еңбектерінде айтып кеткендей, диалог сабақта оқушылардың қызығушылығын арттыру мен қатар олардың білім деңгейінің өсуіне үлес қосатынын атап көрсетті. Выготскийдің білім беру моделі оқушының диалог құру нәтижесінде білім алады деп жорамалдаған, демек оқушылардың көбірек білетін сыныптастары мен мұғалімдермен жүргізілген диалог болған жағдайда ғана, білім беру жеңіл болады. Талданатын идеялар оқушы түсінігінің нақты бөлігі болғанымен, жақын арада даму аймағы аясында қарастырылғандықтан білім беру табысты болмақ, деп көрсетті. (МАН, 38-бет)
Ағылшын тілін үйретудің бастапқы кезеңінде монолог және диалог сөзді оқыту проблемасы — ағылшын тілін оқыту әдістемесіндегі ең басты проблемалардың бірі. Монолог сөзді оқыту – бұл аса күрделі іс, ал сұрақ-жауап жаттығулары – оқытудың барабар құралы болып саналмайды. Тілдесудің диалогтік формасына келетін болсақ, бұл тілдің коммуникативтік функциясының көрінуіне неғұрлым тән форма. Тілдесудің диалогтік формасы бастапқы кезеңде ағылшын тілін тасушылар тәрізді әңгімелесушімен сәлемдесе білуді, сондай-ақ сәлемге жауап бере білуді көздейді. Монолог сөз кез келген деңгейдегі жұптық, топтық, жаппай тілдесу процесінің компоненті ретінде қарастырылады. Бұл кез келген монолог сөздің өзінің табиғаты жағынан монологтік екендігін, құрылымдық және көптеген өзге де қарым-қатынастарда оның түрлерінің өзіндік ерекшеліктері мол бола тұра, тіпті адресат сөйлеушінің өзі болған жағдайда да, үнемі біреуге жолданып айтылатындығын білдіреді.
Сабақ барысында «Сабақ беру мен оқытудағы жаңа тәсілдер»-ді қолдануда «диалогтік оқыту» тәсілін басшылыққа аламыз. Оқушылар диалог әдісін қолдана отырып, мысалы:талқылау, білімді бірлесіп құру, түсіну мен дағдыларды қалыптастыру арқылы білім алады. Әрбір сабақта оқушыларға сұрақтар қою арқылы, тақырып бойынша өз ойларын айтуға мүмкіндік бердім. Өзара талқылау арқылы, түрлі ойлардың болатындығын, бір — бірінің түсінуіне көмектесетінін көрсетті. Сұхбаттасу арқылы өз ойларын дәлелдеуге тырысты. Оқушылардың қандай деңгейде екенін түсінуге көмектеседі. Диалогтік тәсілдің оқушылардың ашылуына, ойын жеткізуіне, сөздік қорының молаюына көмектеседі.
Ғылыми зерттеу нәтижелері сабақта диалогтың маңызды рөл атқаратынын көрсетті. Мерсер мен Литлон (2007) өз еңбектерінде диалог сабақта оқушылардың қызығушылығын арттырумен қатар олардың білім деңгейінің өсуіне үлес қосатынын атап көрсетті. Зерттеулерде ересектермен интерактивті қарым — қатынас пен достарымен бірігіп жүргізілген жұмыстың балалардың оқуына және когнативті дамуына әсер ететіндігі айтылған.
Выготский когнетиві дамудың оқушылар өздерінің«Жақын арадағы даму аймағында» (ЖАДА) жұмыс істесе жағдайда жақсаратынын атап көрсетеді. Диалог барысында оқушылар нәтижеге жету үшін күш-жігерін жұмсайтын және Мерсер(2000) сипаттағандай, білімді бірлесіп алуда немесе «пікір алмасу» барысында тең құқылы серіктестер болып табылады. Пікір алмасу оқушылармен диалог құру арқылы жүзеге асады.
Пікірталас        
Оқушылардың  бір өміршеңді проблема бойынша  өзіндік көзқарастары мен пікірлерімен алмасу әрекеттері. Пікірталаста оқушы өз ойын еркін, ашық айтады, тосыннан сұрақ қояды, талқылайды, білім аясын кеңейтуге әрекеттенеді.
Пікірталас ережелері:
1.Пікірталаста тұлғаның жеке қасиеті сыналмай, тек пікірлермен көзқарастар сыналуы тиіс.
2.Пікірталаста басты мақсат жеңу емес – ақиқатқа жету
3.Біреу сөйлегенде, оның сөзін бөлуге болмайды
4.Басты этикалық ереже: басқа пікірлермен келіспеуге болады, алайда оларды сыйлау керек.
Кейде теледидарда біз өзі жақтаған позицияға қарсы айтылған ұғымды дәлелді, сабырлы түрде қабылдай алмаған жүргізушілердің күйіп – пісіп, пікір білдірушінің сөзін бөлетіндігін көріп жатамыз. Бұл – пікірталасты сәтсіз тұрғыдан жүргізу үлгісі. Ұстаз пікірталаста шәкірттерін өз позицияларын нақты айқындап, оларды тыңдаушыларға жеткізіп, дәлелдей біліуіне үйренуге шақырады.
Рөльдік ойындар
Рөльдік ойындар – тиімді интербелсенді әдістердің бірі. Адам жадында бірінші мезетте өзінің жасағаны мен бастан кешкен әсерлері қалады. Ал рөльдік ойындар оқушылардың өздерін басқа адамдардың орнына қойып, мәселе немесе проблеманың солардың тұрғысынан қарастырып, шешімді өз «қолдарымен» жасауды меңзейді.
Рольдік ойындарды жүргізу алдында оқытушы әдістемелік тұрғыдан жан-жақты дайындалуы шарт, ол әсіресе келесі мәселелерді алдын – ала мұқият таңдап алуы керек.

  1. Әрбір оқушы рөл ойнайды
  2. Оқушылардың шағын топтары рөл ойнады
  3. Орындарын ауыстыруға болады

Оқытушы рөльдік ойында  берілген тақырыпты қандай денгейде ашқандығы, жұмыстағы  оқушылардың қабілетін, өзінің де позициясын келтіреді. Олар өз пікірлерін ауызша келтіріп, соңына  жазбаша есеп береді. Егер олар өз қателерін анықтай алса, бұл жәйттер ойынның өз мақсатына жеткендігін меңзейді.
Диалогтік оқыту әдісі жақсы жүзеге асып отырды. Диалог барысында оқушылар күтілген нәтижеге жету үшін күш – жігерін жұмсады, ынталанды, ойларын бөлісті, пікірлеседі, білімді бірлесіп алды, өз білімін толықтырды. Пікір алмасу оқушылар арасында диалог жүргізу арқылы жүзеге асып отырды.
Қорыта келе, оқушылардың білетін, білмейтіндігін анықтау үшін жақсы қарым-қатынас, тілдік дағдыларының болуын талап етеді.
Әңгімелесу пәрменді құрал болып табылады, оның көмегімен мұғалім оқушылардың оқу үдерісін қолдай және дамыта алады. Сыныпта диалогті пайдалану арқылы мұғалімдер оқушылардың білім сапасына ерекше оң әсер ете алады. Оқушылардың білімі мен ойлау қабілетін зерттеуге шынайы ұмтылу оқу үдерісіне барынша қызықтыру үшін ынталандыру болып табылады.
Диалогтік идея тәсіліне сәйкес, сауалнама мен топтық жұмыс оқушылардың оқуын жақсартуға қабілетті.
Сұрақ қою арқылы мұғалім:
— оқушыларды тақырып бойынша және сындарлы сөйлеуге ынталандырады.
— оқушылардың шынайы қызығушылығы мен сезімдерін анықтайды.
— білімге құштарлықты дамытады және зерттеуге ынталандырады.
— оқушыларға білімін қалыптастыруға және вербалдандыруға көмектеседі.
— оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауына ықпал етеді.
— оқушыларға сыни тұрғыдан ойлауға көмектеседі.
— оқушылардың бір-бірінен үйренуіне, басқа оқушылардың идеяларын
құрметтеуіне және бағалауына ықпал етеді.
(Мұғалімге арналған нұсқаулық, 41 — бет.)
Мұғалімдер сабақ барысында сауалнама түріндегі кері байланыс әдісін қолданады және сабақ барысында көптеген сұрақтар қояды.
Өткізген сабақтарымда сынып оқушыларының өзара білімін дамыту мақсатында бірлескен сұхбатынан: оқушылар бірін – бірі оқытады, пікірлеседі, ой бөліседі, әңгімелеседі. Бұның бәрі де диалогтық оқыту әдістері негізінде жүзеге асып отырады. Оқушылардың тілдік қорын молайтуға, білім деңгейін көрсете алуына, білімін әділ бағалауына оң әсерін тигізеді.Тіл сөйлеу арқылы жүзеге асады, сөйлеу арқылы ғана дамып, өмір сүреді. Біз шет тілін оқыту туралы айтқанда, оны ең алдымен қатынас құралы ретінде оқимыз.
Сөйлеудің негізгі мағынасы адамның әлеммен қарым-қатынасы адам санасында көрініс табатын ой. Сөйлеудің негізгі объектісі адамның шыншыл өмірмен байланысы. Биляев ойынша шет тілін игеру яғни басқа тәсілдермен және жолдармен санадағы ойды шығару. Сөйлеудің құрылымына тоқталатын болсақ оны психологтар былай көрсетеді. Сөйлеуді адамдар бірдеңені айту қажеттілігі туған кезде қолданады. Ағылшын тілін оқытудың алғашқы сатыларында оқушыларда ағылшын тілінде өз ойын жеткізу қажеттілігі туады. Ол қарым-қатынас жасап отырған қимыл іс-әрекет негізінде көрінеді. Мысалы бірдеңені жеткізу, сұраққа жауап беру, өтінішті орындау сондай-ақ қаламды әперу, есікті ашу, тақтаны сүрту т.б. Бұл жағдайлардың негізгі мақсаты күтілетін қорытынды. Бұл бөлімде сөйлеу мынадай қызметтерді ғана атқарады. Атап айтсақ не үшін, неге және не айту керек. Сөйлеуді қалай жүзеге асыру сөйлеудің 2-ші бөлімін де яғни аналитика-синтетикалық бөліміне қатысты. Бұл бөлімінде тіл арқылы ойды жүзеге асыру процесі жүреді. Ағылшын тілінде ойды жеткізу кезінде оқушы естегі сөздерді теріп (анализ) оны ойды жеткізу үшін сөйлеу бүтініне қосу керек (синтез). Сөзді жадыда сақтау үшін оларды белгілі бір нәрсемен қатысты жүйелеу керек. Олар парадигматикалық және синтагматикалық бола алады. Сөйлеудің осы екі түрі көп болса оқушының сөйлей алу қабілеті жоғары болады.
Сөйлеу аудирование, оқу және жазумен тығыз байланыста. Аудирование мен сөйлеу ойды ауызша жеткізу ретінде бір-бірімен тығыз байланысты. Сөйлеу бұл тікелей оқумен байланысты. Яғни сөйлеу мен дауыстап оқудың қарым қатынасын дәлелдеп жату артық. Сөйлеу жазумен де байланысты. Мысалы оқушы жазу үстінде өз ойынан сыбырлап айтып отырады.
Сөйлеу монологтық және диалогтық түрде жүзеге асырылады. Ол методикалық мақсат негізінде де жүзеге асады яғни әрбір сөйлеу формаларының лингвистикалық ерекшеліктерін көрсету негізінде. Монологтық ойлауға ойды толық жеткізу және бір-бірімен байланысты болу деген мінездеме тән. Диалогтық сөйлеу сөйлеу клишелерін және элиптикалық сөйлемдерді қолдану негізінде жүзеге асады.
Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Мұғалімге арналған нұсқеулық (МАН)
  2. Рогова Г.В. Методика обучения англискому языку. – Москва, 1975.
    3. Старков А.П. Диксон Р.Р. Остроковская О. Учебник для 7 класса средней школы Книга для учителя к учебнику 7 класса.
  3. Қазақстан мектептерінде ағылшын тілін үйрету журналы. – Алматы:
    5. Амандықова Г.Н,Мұхтарова Ш.Е, Баймұқанова Б.С «Шет тілін оқыту әдістемесі»