Интербелсенді оқыту негізінде бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастырудағы мұғалім келбеті

Интербелсенді оқыту негізінде бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастырудағы мұғалім келбеті

«Интербелсенді оқыту негізінде бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастырудағы мұғалім келбеті» тақырыбындағы

Жубаева Жангуль Онаевна
«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы
Ақтөбе облысы бойынша ПҚ БАИ
«Мектепке дейінгі тәрбие және бастауыш білім» кафедрасының
аға оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі

КОУЧИНГ ЖОСПАРЫ:

  1. Белсенді үдерісті орындауды ұйымдастыру кезеңі. «Әр мұғалім – өзіндік тәлім бейнесі» жаттығуы. Түрлі фигуралар бойынша мозайкалық пазлдар топқа бөлу.
  2. Бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастырудың маңызы. Бәсекеге қабілеттілікті дамыту жолдары.
  3. Интербелсенді оқыту әдістері туралы түсінік. «Оқыту әдістері» шеруі
  4. Қазіргі заман мұғалімінің келбеті (имиджі)
  1. «Әр мұғалім – өзіндік тәлім бейнесі» жаттығуы бойынша мұғалімдер тез арада өзінің ерекшелігіне сай іс-қимыл не бір сөз арқылы өзінің мұғалімдік келбетін көрсетіп беруі қажет. Тез арада шешім қабылдауы мен шығармашылық ой-өрісі арқау болады. Мәселен, «Менің бейнем – күн! Білім сәулесін төгіп, барлық оқушыға бірдей қараймын.» «Менің бейнем кітапқа келеді. Өйткені, шығармашылығым мен ашылмаған қырларым көп», Мен өзімді еңбек құралына теңеймін. Себебі, өмірде барлығын өз еңбегім мен төзімділігім арқасында жеттім.» т.с.с.

Түрлі фигуралар бойынша мозайкалық пазлдар арқылы топтарға бөлу кезінде «дөңгелек пішінді – қарым-қатынасқа ашық, төртбұрыш – өз-өзіне сенімді, үшбұрыш — Кан-каликтің психологиясына сай озық ойлы, бесбұрыш – шығармашыл, алтыбұрыш – көрқырлы» қасиеттері де ескеріліп, түсінік беріледі.

  1. Бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастырудың маңызы.

Жаһандану зама­нында әрбір адамның білім са­пасын, қабілеттік деңгейін, іскерлік мүмкіндігін анықтайтын адам ресурстарын дамыту мәсе­лелері күн тәртібіне өткір қой­ылып, адамның білімі мен білік­тілігі қазіргі кезеңде мемлекет­тердің бәсекеге қабілеттілігінің ең маңызды көрсеткішіне айналып отыр. Бәсекеге қабілетті, интел­лектуалдық күші жетік маман кадрлар болмай, әлемдік бәсекеге төтеп бере алатындай экономика дамымайды. Қай заманда да өр­ке­ниеттің өрлеуі интел­лек­туалдық шығармашылық қабілет­тің негізінде іске аспақ.
Миға шабуыл. Бәсекеге қабілетті деген тіркесті қалай түсінесіздер?

РР таныстырылымы бойынша ой-пікірлерін жинақтау.

Қай мағынасы оқыту үдерісінде бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастыруға анықтама бола алады?

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының мақсаты да экономиканың орнықты дамуы үшін сапалы білімнің қолжетімділігін қамтамасыз ету арқылы адами капиталды дамыту, білімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру деп көрсетілгені де мұғалімдерге үлкен жауапкершілік жүктейді. Оқу мақсаты басымдылығының өзге­руі білім мен тәрбие мазмұнына елеулі түрде ықпал етіп, оны жа­ңар­тудың ең басты бағытттарын айқындауға және нақтылы міндет­тер белгілеуге мүмкіндік береді. Жаңа мазмұнды оқытудың нәти­желілігі мұғалімнің шеберлігі мен ізденісіне көп байланысты. Бәсе­кеге қабілетті тұлғаны қалыптас­тыру ұстаздың білімділігін, жан-жақтылығын және кәсіби шебер­лігін талап етері сөзсіз.

Мұғалім білімін көтермей, кәсіби шеберлігін шыңдамай, өскелең ұрпаққа тәлім-тәрбие береміз деу қазіргі заман талабына сай келмейді. Оның үдерісінен шығу – біздің міндетіміз. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі Ұлттық жоспардың қабылдануы – білім саласын жаңарту туралы бастамалардың бірі. Оның мақсаты – алған білімді өмірде тиімді қолдана білуге үйрету. Нәтижесінде тәжірибелік бағыттылығын қамтамасыз ететін қазіргі заманғы технологиялар мен ұстанымдар педагогтардың практикасына табысты енгізілуде. Белсенді оқыту формасында ортақ талқылау мен тәжірибелік тапсырмалар тереңірек игертуге мүмкіндік берді. Сонымен қатар шығармашылық бағытта жұмыс істейтін, тың жаңалықтар ашатын ойлау қабілетімен ерекшеленетін жеке тұлға қалыптастыруға қол жеткізу міндеті іске асырылуда.

Бәсекеге қабілеттілікті дамыту жолдары. Топта жұптасып жұмыс жүргізеді.
Ой талқы. Болашақта бәсекеге қабілетті бола білетін тұлғаны, яғни оң бағытты «Мен» тұжырымдамасын қалай қалыптастыруға болады?
Қабілеттерді қалай дамытуға болады? mp4 бейнематериалы.
Ой-тоқтам. Рефлексия. Бірлескен іс-әрекетке, қарым-қатынасқа негізделген оқыту әдістері арқылы дамытуға болады, яғни белсенді оқыту әдістерін қолдану тиімді болып саналады.

  1. Интербелсенді оқыту әдістері туралы түсінік. «Әткеншек» әдісімен 5топ талқылайды.

Әлемдік деңгейдегі білім берудің қазіргі парадигмасы білім беруде нәтижеге бағдарлану, оқытуды оқушының жеке тұлғасына бағытталу, ал оқыту әдістерін тұлғааралық қарым-қатынастарға бейімдеу болып отыр. Демек, оқушы білімді дайын күйінде мұғалім түсіндірмесінен алмай, өзінің өмірлік тәжірибесіне сүйену арқылы танымдық «жаңалық” ашуы шығармашылық тапсырмаларды орындау негізінде әр түрлі өнімдер жасауы тиіс. Нәтижесінде оқушының дүниетанымы кеңейіп, өзіндік пікірі мен көзқарасы қалыптасуы керек.

Бiздiң ел дамудың демократиялық жолын таңдауына байланысты, бүгiнгi таңда қоғамды шешiм қабылдауға тартудың маңызы арта түстi. Осы бағытта оқушылардың белсендiлiгiн арттыруға мүмкiндiк беретiн әдiстемелiк тәсiлдер и н т е р б е л с е н д i деп аталып жүр. Бұл әдiстердi қолдану сырттай өте жеңiл көрiнгенімен, өзіндік ерекшеліктері мен қиындықтары да бар. Интербелсенді – ағылшынның «өзара әрекет” деген сөзі. Демек, интербелсенді оқыту әдістері тұлғааралық қарым – қатынасқа негізделе отырып, «жеке тұлғаны дамытуға бағытталатын” қазіргі білім беру парадигмасын қанағаттандырады. Сонымен бірге, сапалы білім алудың алғышарттары болып табылатын таным белсенділігі мен ізденіс дербестігін қалыптастырып қана қоймай, ары қарай дамытады.

Интербелсенді оқыту әдістері дәстүрлі оқыту әдістерінен оқу үрдісінде оқушылардың өзінің өмірлік тәжірибелерін пайдалану арқылы есте берік сақтауымен, мәліметтерді талдап, жинақтау арқылы жеке және кәсіптік қабілеттерін аша алуымен ерекшеленеді. Дегенмен, интербелсенді оқыту қажетті ақпаратты игеруге уақытты көбірек бөлуді, бағалауда жаңа, күрделі өлшемдерді қолдануды қажет етеді және оқушылардың танымдық іс-әрекетін басқаруда тәжірибесі аз мұғалімдерге көптеген қиындықтар туғызады.

Интербелсенді оқыту үдерісін пайдалану — өмірлік жағдаяттарды модельдеуді, рөлдік ойындарды қолдануды, мәселені бірлесіп шешуді қарастырады.  Оқу үдерісінің қандай да бір қатысушысын немесе идеяны (яғни, жақсы оқитындарға ғана назар аудару сияқты) ерекшелеуді шектейді. Бұл  моделге адамгершілікпен, демократиялық жолмен келуді үйретеді.

Интербелсенді оқыту – бұл  топтық, өзін-өзі толықтыратын, барлық қатысушылардың өзара әрекетіне негізделген, оқу әрекетіне оқушының қатыспай қалуы мүмкін болмайтын оқыту үдерісін ұйымдастыру.

«Оқыту әдістері» шеруі. Аукцион. Топтар шығармашылық идеясымен бөліседі.

Бұл тапсырма Блум таксономиясына сай және «сәтті сабақтың бірінші қағидасына» сай мұғалімдердің не білетіндіктерін ортаға салумен үндеседі. Шеруге «аукцион» әдісімен әр топ өз әдісін стикерге жазып, маңызын айтып, соган байланысты орналастырады.

Біз есте сақтаймыз? Сұрағы бойынша пікірталас:
?  Не оқығанымызды
?  Не естігенімізді
?  Не көргенімізді
?  Не естіп, көргенімізді
?  Нені басқалармен талқылағанымызды
?  Өз басымыздан өткізгенімізді
?  Не оқытқанымызды

Рефлексия. Глассер бойынша «оқу пирамидасына» сәйкес түсінік беріп, әр сұраққа жауап беру:

CASE-CTADY. Оқытудағы белсенді әдістердің бірі «case-ctady» тәсілімен бес топқа кейстер беріледі. Педагогикада оқытудың бірнеше моделін атап көрсетуге болады, сол үш түрі мен интербелсенді әдістерге және олардың маңызы мен нәтижелілігі туралы бес топ өзара талқылап, басқа топтарға түсіндіру тапсырылады:

1-топ: Енжар (пассивті) – оқушы оқытудың «объектісі» ролін атқарады (тыңдау және көру). Осы әдістің жақсы және нашар тұстарын басқа топтарға түсіндіреді

Енжар әдіс – мұғалім мен оқушының өзара әрекет формасы. Енжар әдісте мұғалім белсенді рольде болып, оқушылар енжар тыңдаушы роліне енеді. Енжар әдісті ұстанғанда оқушы мен мұғалімнің арасындағы байланыс сұрақ-жауап, өз бетінше жұмыс, тест тапсырмаларын орындату т.б. формалар түрінде өткізіледі.

Қазіргі жаңа технологиялар тұрғысынан қарастырғанда енжар әдіс ең тиімсіз әдістеме ретінде қарастыралады. Дегенмен де енжар әдістің де өзіндік тиімді тұстары бар. Яғни шектеулі уақыт аралығында оқушыға көптеген мәліметті, ақпаратты жеткізу. Бұл көп жағдайларда дәріс сабақтарында кеңінен қолданылады.

Жалпы енжар әдіс төмендегі сызба негізінде іске асырылады.

оқушы

мұғалім                             оқушы

оқушы

2-топ: Белсенді (активті) оқушы оқытудың «субектісі» болып шығады (өзіндік жұмыс, шығармашылық жұмыс, лабораториялық-практикалық жұмыс);

Белсенді әдіс – сабақ барысында мұғалім мен оқушының белсенді өзара әрекет формасы негізінде анықталып, оқушы тыңдаушы емес, белсенді қатысушы  роліне еніп, мұғаліммен бірдей деңгейде сабаққа ат салысады.

3-топ: Интербелсенді әдістер тұлғаның ой-өрісін дамыту, біліктері мен шеберліктерін қалыптастыру, оны өз тәжірибесінде, жаңа жағдайларға байланысты қолдана алу, ой дербестігін кеңейту, заман сұранысына сай ізденімпаздық пен шығармашылыққа негізделген тапсырмалар.

Белсенді әдіс пен интербелсенді әдіс арасында айырмашылық бар. Интербелсенді әдіс белсенді әдіске қарағанда ауқымы кеңдеу, бұл әдіс тек қана мұғалім мен оқушы арасында белсенділікке құрылмай, оқушы мен оқушы арасындағы өзара пікірталасқа, ой бөлісуге, өзара бірлесіп негізгі мәселелерді шешуге бағытталған. Интербелсенді әдіске негізделген сабақта оқушылар сабақ мақсатын шешуге бағыт беріп отыру, ал оның белсенді орындаушылары оқушылар. Интербелсенді әдісті төмендегі сызбаға негіздеуге болады.

4-топ: Әдіс-тәсілдерді талқылап, басқа топтарға түсіндіру. Интербелсенді оқыту – бұл, ең алдымен оқушы мен мұғалімнің қарым-қатынасы тікелей жүзеге асатын сұхбаттасып оқыту болып табылады. Интербелсенді әдістерді қолдану бүгінгі күннің талабы себебі қазіргі қоғам талабына сай, тұлғаның ой-өрісін дамыту, біліктері мен шеберліктерін қалыптастыру, оны өз тәжірибесінде, жаңа жағдайларға байланысты қолдана алу, ой дербестігін кеңейту, заман сұранысына сай ізденімпаз, шығармашыл тұлғасын қалыптастыру қажет. Жалпы, жаңарған оқыту құрылымы мен ұйымдастырылуы оқушылардың қызығушылығы мен қабілеттеріне, рухани дамуына, олардың өмірлік жоспарларының жүзеге асырылуына бағытталған, көпвариантты және икемді болуы қажет. Интербелсенді оқыту әдістеріне жұптық және топтық жұмыс түрлері: ротация, тыңдайтын үштік, екеуі үйде, үшеуі қонақта, аяқталмаған сөйлем, есептеу ағашы, өз атынан сот, азаматтық тыңдау, іскерлік ойын, өз позицияңды ұстан, жигсо, екі жақты күнделік, дискуссия, дебаттар т.с.с, сондай-ақ, құрылғылар ойлап табу мен жобалар әзірлеу. Интербелсенді оқыту әдістерінің аса көп мөлшері белгілі. Әр ұстаз өз бетінше сыныппен жұмыстың жаңа формаларын ойлап таба алады. Оқушылар бір-біріне сұрақ қойып және оған жауап беруді үйрететін, шағын топтарда жұмыс істеу әдісін сабақтарда жиі қолданылады.(әдістер жинағы беріледі)

5-топ: берілген кейстер (слайдтар) бойынша жұмыс жүргізеді. Соңында «Сабақ барысында берілген тақырыптарды меңгерту кезінде сіз қандай әдісті қолданып, қалай өткізер едіңіз?» деген сұрақтарға өздері мысалдар ойлап тауып, жағдаятты бірлесіп шешуі көзделеді.

Бұл тапсырмаларды орындату кезінде оқу пирамидасына сәйкес өзара білім беру мен құрдастар тобыныңы өзара түсіндіруі білімді 90% игертуге мүмкін екендігі басшылыққа алынды.

Рефлексия. Әдістер бөлімін меңгерту мақсатында «Мұнара жасау» тапсырмасы беріледі. Әр топ газет беттері мен түрлі-түсті қағаздарды, желім, скотч, флипчартты қолданып, бірлесіп мұнара жасап шығарады. Мұнараның биіктігі не қабырғаларының мықты болуының себебін сабақтың мақсат-міндеттеріне сай әдіс-тәсілдерді тиімді қолданумен сабақтастырып, сыни ойлаулары арқасында байланыстырып, түсіндіріп шығуы тиіс.

Бұдан шығар қорытынды: Сабақты түрлендіріп, тиімді әдіс-тәсілдерді қолданып, бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастыру мұғалім шеберлігіне тікелей байланысты. Мұғалімнің қөзқарасы мен деонтологиялық ұстанымы, оның құндылығына қарай өз стилі болады.

  1. Қазіргі заман мұғалімінің келбеті.

«Айналмалы бекет» әдісімен бес топ яғни бес бекетке сұрақ-тапсырмалар беріледі. 2минут бөліне отырып, әр бекетке барып, тапсырманы орындап шығады.

1 бекет: Мұғалім имиджі дегенді қалай түсінесіздер?

2 бекет: Мұғалім жұмысындағы 4қиыншылық

3 бекет: Мұғалім бойында болатын қасиеттер

4 бекет: Мұғалім ісіндегі көрегенділік

5 бекет: Болашақтағы мұғалім

Слайд-шоу. «Мұғалім имиджіне неліктен көңіл бөлу қажет?»

 «Бәрі сенің қолыңда» бейнекөрсетілімі.

Қорытынды сөз: Интербелсенді оқыту үдерісін ұйымдастыруда мұғалімнің рөлі белсенді емес, бірақ кадр артындағы рөлі ерекше зор. Ол сабаққа өте мұқият және шығармашылықпен дайындалуы керек, тәжірибелік тұрғыдан пайдалы тапсырмалар құрастырып, класта қалыптасатын ынтымақтастық орта туралы ойлануы тиіс.

Оқушы тұлғасын қалай жетілдіріп, қалыптастыру да, қай бағытта дамыту да – мұғалім еншісінде. Демек, мұғалім келбеті мен құндылығы қалай болмақ, солай болашақ ұрпақ тәрбиеленіп шығады.

                      

  Бекіту сұрақтары:

  1. «Бәсекеге қабілеттілік» ұғымын қалай түсіндірер едің?
  2. «Интербелсенді оқытудың» негізгі сипаттамалары қандай?
  3. Қандай интербелсенді оқыту әдістері бар?
  4. Профессор Леонтьевтің «Педагогикалық технологияны жаттап алып, педагог болуға болмайды» деген сөзіне сіздің пікіріңіз қандай?
  5. Қалайша инновациялық педагогикалық әдістер бәсекеге қабілетті тұлғаны тәрбиелеуге көмектеседі?
  6. Оқыту пирамидасы бойынша қалай оқытқанда жадымызға жақсы сақтаймыз?
  7. «Мұғалім имиджі» (келбеті) ұғымы нені білдіреді?
  8. Интербелсенді оқыту үдерісін ұйымдастырудағы мұғалімнің рөлі қандай?

 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

  1. Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шiлдедегi N 319 Заңы
    «Егемен Қазақстан» 2007 жылғы 15 тамыз N 254-256
  2. Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы
  3. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары
  4. «Қазақстан -20150» стратегиясы – инновациялық технологияларды іске қосуда экономикалық қайта жаңғырудың басты парадигмасы» Болысбек А.Қ.Садықова П.А.
  5. Әлімов А. Интербелсенді әдістерді жоғарғы оқу орындарында қолдану: оқу құралы. – Алматы, 2009.
  6. Селевко Г.К. Современные образовательные технологии. – М.:Народное образование.-1998
  7. Мынбаева А.К., Садвакасова З.М. Инновационные методы обучения, или как интересно преподавать: учебное пособие: 4-е изд., доп. –Алматы, 2010.
  8. Зимняя И.А. Педагогикалық психология. Оқулық.Алматы-2005.- 359 бет
  9. Педагогика және психология сөздігі. — Алматы, 2002.-254 бет.

 

ГЛОССАРИЙ

 

 Адамның дамуы — адамның анатомиялық-физиологиялық пісіп-жетуінде, оның жүйке жүйесі мен психикасының жетілуінде, сонымен бірге танымдық және шығармашылық іс-әректінде, дүниетанымының баюында, ізгілігінде, қоғамдық-саяси көзқарастары мен сенімінде болатын сандық және сапалық өзгерістердің өзара байланысты үрдісі

Адамның үйлесімді дамуы (гр. harmonia — байланыс, үндестік, шамаластық) — адамның дене және рухани күштерінің шамалас дамуы, оның білімініңмінез-құлығы мен іс- әрекетінің әртүрлі жақтары мен қызметінің қисынды, қатаң үйлесуі. Адамның ақылының, ерігі мен сезімінің бір бағыттылығына қол жеткізуді көздейтін оның рухани әлемінің рационалды-логикалық және эмоциялы-психологиялық сфераларының келісімдегі айналым процесі.

Білім беру мазмұны — оңушылардың меңгеруі, олардың жан-жақты дамуы үшін негіз қамтамасыз ететін, олардың ойлауын, танымдық қызығушылығы мен еңбек іс-әрекетіне дайындығын қамтамасыз ететін білім, іс-әрекет тәсілдері, шығармашылық іс-әрекет тәжірибесі, әлемге эмоциялы құнды қатынас жүйесі.

Білім мақсаты — әлеуметтік сұраныспен берілетін және әр түрлі келістер арқылы жүзеге асырылатын білім мұраты.

Білім туралы құжат — мемлекеттік аккредитациясы бар және жалпы білім беру мен кәсіптік білім беру мекемесінің қорытынды аттестациясынан өткен адамдарға білімі мен кәсібінің сәйкес деңгейі жөнінде берілетін мемлекеттік үлгідегі құжат.

Бағалау — оқыту нәтижесін анықтау үшін қолданылатын тәсіл, оқушының берілген тақырыпты меңгерудегі кемшіліктерін жоюда, оның үлгерімінің нәтижелі болуына ықпал ететін фактор. Бағалау, көбінесе, баға қоюдың синтездік түрі (1-ден 5-ке дейінгі ранг) арқылы жүзеге асады. Сондай-ақ, мектеп тәжірибесіндегі бағалау баға қоюмен ғана шектелетін тәсіл емес, ол материалды меңгеру, меңгермеу фактісімен қатар оның себептерін анықтауға мүмкіндік беретін оқытудың маңызды құрамды бөлігі болып табылады. Жоғары оқу орындарында бағалау рейтингтік әдіс арқылы жүргізіледі; қаласының Рейтинг.

Бағдарламаның қадамы — зерделенетін білімәрекет туралы ақпараттың өлшемі; ақпаратпен жұмыс істеу, оны игеру бойынша тапсырмалар-операциялар; бақылау тапсырмалары (қайтарма байланыс) және жаттығуларды қайталау немесе келесі қадамға көшу жөніндегі ескертпелер.

Бейімделушілік —  шығармашылықтағы қол жеткізілген нәтижелер мен мақсаттар арасындағы сәйкестілік. Сәйкестілік мақсаттар мен міндеттердің келісуімен қарастырылады. Сәйкестілік деңгейі тәрбие мен оқыту, өмір жағдайы мен қалпы әсерінен төмендейді не жоғарылайды

Бәрін жалпы оқыту, бәрін оқыту, бәріне жалпы білім беру — мемлекет аңықтаған білім, оқу іскерлігі көлемін оқушыларға беретін оқу мекемелелерінде белгілі бір жас шамасындағы барлық балалар мен жастарды окыту.

Дағды — автоматты түрде жасауға дейін жеткізілген әрекет; көп рет қайталау жолымен қалыптасады. Оқыту процесінде, әсіресе, жалпы оқу дағдыларын, пәнаралық мәндегі, жазу дағдыларын қалыптастыру қажет.

Деонтологиялық ұстаным — кәсіби парызды түсінуге негізделген дүниетанымды

қалыптастыратын ішкі сенім.

Жад (Память; memory) —

  • Физиологияда:адамның тәжірибесінде болған әсерлері, есте қалулары, және жаңғыртулары. Есте сақтау жүйке байланыстарының бекітілуіне, жаңғырту — олардың келесі өзектендірілуіне негізделеді; тежелу және жүйке байланыстардың өшуін ұмытуға әкеп соғады.[

Білім беру жүйесі — сабақтастығы бар білім беру бағдарламалары мен әр түрлі деңгей мен бағыттағы мемлекеттік білім беру стандарттары жүйесінің, оларды әртүрлі ұйымдастыру құқықтық формадағы, типтегі және түрдегі білім беру мекемелерінде іске асырушы тармақтардың, сонымен бірге білім беруді басқару органдары жүйесінің жиыны.

Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты — бәсекеге қабілетті маман дайындау. Мектеп – үйрететін орта, оның жүрегі — мұғалім. Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше тұс — оның сабақты түрлендіріп, тұлғаның жүрегіне жол таба білуі. Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау — әр мұғалімнің борышы. Ол өз кәсібін, өз пәнін , барлық шәкіртін, мектебін шексіз сүйетін адам. Өзгермелі қоғамдағы жаңа формация мұғалімі – педагогикалық құралдардың барлығын меңгерген, тұрақты өзін-өзі жетілдіруге талпынған, рухани дамыған, толысқан шығармашыл тұлға құзыреті. Жаңа формация мұғалімі табысы, біліктері арқылы қалыптасады, дамиды. Нарық жағдайындағы мұғалімге қойылатын талаптар : бәсекеге қабілеттілігі, білім беру сапасының жоғары болуы, кәсіби шеберлігі, әдістемелік жұмыстағы шеберлігі.

Бірлесу, бірлік — ұжымның бірлігінің дәрежесі. Ол пікірлердің, көзқарастардың, дәстұрлердің бірлігінен, өзара қарым-қатынастардың сипатынан, көңіл күйден, сонымен бірге іс жүзінде аткарылатын қызметтің бірлігімен көрінеді. Ұжымдық бірліктік ортак әрекетпен жүзеге асырылады. Ұжымдық бірліктік — ұжымның бірлігінің дәрежесі. Ол пікірлердің, көзқарастардың, дәстұрлердің бірлігінен, өзара қарым-қатынастардың сипатынан, көңіл күйден, сонымен бірге іс жүзінде аткарылатын қызметтің бірлігімен көрінеді. Ұжымдық бірліктік ортак әрекетпен жүзеге асырылады.

Жаңалық — жалпы ғылыми өлшем; ол зерттеулер нәтижесінде алынған жаңа білімді бейнелейді, зерттеулердің түріне қарай елеулі түрде өзгеріп отырады. Іргелі зерттеулерде — бұл жаңа ғылымитұжырымдамаларзаңдылықтарқолданбалы зерттеулердеәдістемелік принциптер, жете зерттеулерде нақтылы нұсқауларережелералгоритмде

Жаңалықты енгізу — жүйенің бір түрден екінші күйге өтуін туғызатын жаңа тұрақты элеметтерді енгізу, ортасына кіргізетін мақсатты бағыттағы өзгерістер.

Жаңашыл — іс-әрекеттің қандай болсын бір саласына жаңапрогрессивті принциптер, идеялар енгізіп, жүзеге асырушы қызметкер.

Жаңашылдық – жаңашылдардың іс-әрекеті; бұл тәжірибені алға жылжытушы, міндетті түрде прогрессивті жаңалықты енгізу.

Жаңашыл педагогикалық тәжірибе — нәтижесінде педагогикалық процестің тиімділігінің біршама және тұрақты артуына қол жеткізген, түбірінен жаңа идея немесе идеялар жүйесіне негіздеген, өз іс-әрекетін педагогтың жүйелі түрде қайта құрумен сипатталатын озат педагогикалық тәжірибенің көрінісінің жоғары дәрежесі.

Жеке тұлға –

  1. әлеуметтікжағы, адамның бойындағы әлеуметтік сапалар;
  2. белгілі бір әлеуметтік қоғамнын өкілі болатын, (ұлты, топ, ұжым т.б.) белгілі бір іс-әрекет түрімен айналысатын, қоршаған ортаға деген өзінің қатынасын мойындайтын және өзінің дара ерекшеліктері бар нақты адам.

Жеке тұлға мен іс-әрекеттің өзара байланысы — психологияның заңы ретінде С.Л. Рубинштейн (1889- 1960) құрастырды «Жеке тұлғаның психологиялық мінез-құлқындағы, әрекеттеріндегі және қылықтарындағы оның әрі қарай жетілдіретін психикалық қасиеттері, сонымен бірге, бір сәтте байқалады және қалыптасады».

Жеке тұлғалар арасындағы өзара әрекет — салдары жеке тұлғалардың іс-әрекеттеріндегімінез-құлықтарындағыкөзқарастарындағы және беталыстарындағы өзгерістер болып табылатын екі немесе бірнеше адамдардың жеке байланысы; әр қатысушының мінез-құлқын ынталандырушы ретінде де және басқалардың мінез-құлқына реакция ретінде де байқалатын өзара байланыстыәрекеттер жүйесі. Жеке тұлғалар арасындағы өзара әрекет әлеуметтік функцияларды бөлістіру және кооперациялаумен байланысты, күш жұмсауды керек ететін пәні бар, нақты шарттармен шектелген, интеракция (әлеуметтік өзара әрекет) нормалары мен ережелеріне бағынышты. Қарама-қарсы бағытталған мүдделердің ынтымақтастығы немесе бәсекелестігі, қақтығысы түрінде іске асады.

Жеке тұлғаның белсенділігі — белсенділіктің әлеуметтік және психикалық түрі, жеке тұлғаның мінезінде аса айқын көрінетін белгілі бір іс-әрекетке бағыттылығының қарқындылығы.

Жеке тұлғаның жан-жақты дамуы — білім беру тұрғысынан екі мәні бар:

  • адамды қоғамның әртүрлі тіршілікәрекеттері сферасына жан-жақты, біліктілігімен және жауапкершілікпен қатысуға дайындау;
  • индивидтің рухани сферасының барлық жағын, оның интеллектін,ақылын, ерігін сезімін үйлесімді дамыту, оның көзқарасындағы рационалды-логикалық және эмоциялы-психологиялық компоненттерінің бірлігіне қол жеткізу.

Жеке тұлғаның құндылық бағдарлары — жеке тұлға ажырата алатын, өмірдің мақсаты және оған жету үшін қажетті негізгі құралдар ретінде керекті және осыған байланысты индивидтің әлеуметтік мінез-құлқын реттейтін маңызды функциясы бар әлеуметтік құндылықтар.

Жоспар (оқу) — білім беру мекемесінде оқытылатын оқу пәндерінін құрамын, оларды оқудың тәртібін, аптасына және оқу жылына белгіленген сағат санын, оқу жылының құрылымын анықтайтынсертификат

Мұғалім — болашақ ұрпақтарды қоғамдық өмірге тез әрі жеңіл қосылу үшін және сол қоғамның сол мақсаттарды орындайтын адамдарды қамтамасыз ету қабілетін арттыру үшін тәрбиелеу мен оқыту қажеттілігі себебінен әлемдегі ең кең тараған мамандықтардың бірі.

Конфуций айтады:

«Мұғалімнің мақсаты — оқушының ойлауына жаңа перспективалар ашу»

Нақты білім — өмірлік, тәжірибелік бағыттағы білімдердің жүйесі, жаратылыстану және математикалық ғылымдар бойынша білімдерді көбірек меңгеруді қамтиды.

Оқу — жеке тұлғаның іс-әрекетінің түрі, оқыту (өзі оқу, бірін-бірі оқыту) жүргізіледі де, оқымыстылыққа жетеді.

Оқу үрдісі — оқытушы мен оқушы арасындағы мақсатты түрде ұйымдастырылған, және де білім беру, далеу, тәрбие мәселелерді шешуге бағытталган өзара байланыс.

Оқушының мені — бала өзін оқушы ретінде білу және түсіну жөніндегі бейнелері мен білімдерінің кешені. Оқушының өзі туралы бейнелері мен білімдері бірмәнді емес, кейде тіпті қарама- қайшы болады және оқушының тәртібін, оның сыныптағы жетістіктерін шарттайды. Оқушының басқа адамдардың бағалау тұжырымдарын қабылдауына оның өзін-өзі бағалауы, өзінің бейнесі тәуелді. Бастауыш мектеп оқушыларына оларды мұғалім бағалауы, жоғары сынып оқушылары үшін — жолдастарының бағалауы маңызды. Жоғары сынып оқушыларының көбіне өзін-өзі түсінуін сақтауға немесе оны жоғарылатуға ұмтылу тән.

Оқыту — ғылыми білімдерді, біліктерді және дағдыларды игеруі бойынша, шығармашылық қабілеттерін, дүниетанымдықты, өнегелі-әдепті көзқарастардыдамыту бойынша оқушылардың белсенді танымдық қызметін ұйымдастыру мен ынталандырудың педагогикалық үрдісі. Қазіргі заман түсінігі бойынша оқыту үрдісінің келесі белгілері бар:

  1. екі жақты сипаты;
  2. оқытушы мен оқушылардың бірлескен әрекеті;
  3. оқыту жағынан басқаруы;
  4. арнайы жоспарланған ұйымдастрыу мен басқару;
  5. бүтіндік пен бірлік;
  6. оқушылардың жас дамуының жас ерекшеліктеріне сәйкестігі

Оқыту процесін белсендіру — оқу процесінің барлық буындарында оқушылардың белсенді, дербес теориялық және тәжірибиешілік іс-әрекетін қамтамасыз ететін оқу жұмысының әдістері мен ұйымдастырушылық формаларын жетілдіру.[

Оқыту технологиясы — мектепте жалпы білім беру бағдарына, оқытудың мақсаты мен мазмұнына негізделген, жақсы нәтижелерге жету кепілдігін беретін оқыту жүйесін құрастыру.

Оқыту ұйымдастырудың топтық формасы — оқу сабақтарын ұйымдастырудың бір формасы, мұнда сынып құрамы жұмыс істеу үшін типологиялық топтарға, бригадаларға, звеноларға бөлінеді. Оқу іс-әрекетін басқарудың бұл формасы мұғалімнің жоғары ұстаздық шеберлігін талап етеді. Ол топтарға беретін тапсырманы анықтап, оқу іс-әрекетін бақылауды қамтамасыз етуі керек.

Оқытудың белсенді әдістері 1. оқушының іс-әрекеті өнімді, шығармашылық, ізденіс сипат таситын окыту әдістері; 2. оқушының танымдық іс-әрекетін ынталандырушы және қандай да болсынмәселенің шешу жолдары жөнінде еркін пікір алмасуды көздейтін диалогқа құрылған әдістер. Оларга әңгіме, диспут, тақырыптың семинар, іс ойын, тренинг жатқызуға болады.[

Парадигма[1] (гр. үлгі деген сөз) – зерттелетін мәселені шешу үшін үлгі ретінде алынған теория; теориялық көз-қарастардың, методологиялық принциптердің, әдістемелік қабылдаудың және эмпиризмдік нәтижелердің бірігу жүйесі; ғылымның белгілі бір даму кезеңінде ғылыми қауымдастықпен қабылданған және болжамдарды ғылыми ұғыну үшін, ғылыми таным процесінде туатын міндеттерді шешу үшін үлгі, модель, стандарт ретінде пайдаланылатын теориялық және әдістемелік ережелер жиыны.

Педагог-шебер — оқытушылық және тәрбие жұмысымен айналысушы, оқу-тәрбие қызметінің технологиясын еркін меңгерген, бірқатар жылдар бойы жоғары нәтижелерге жетіп жүрген маман.

Педагогикалық мақсат — педагогтың санасында оларға сәйкес педагогика процестің барлық басқа компоненттері іріктеліп салыстырылатын ойда жалпыланған бейнелер түрінде қалыптасатын педагог пен оқушының өзара әрекеттестігінің нәтижесі.

Педагогикалық мәдениет — мұғалімнің ғылыми-педагогикалық дайындығы мен тәжірибелік іс-әрекеті арасындағы қарама-қайшылықтарды шешу дәрежесін бейнелейтін, оның педагогикалық іс-әрекет пен тәрбие қатынастарының субъектісі ретіндегі тұтас тұлғасының мәнді сипаттамасы

Педагогикалық деонтология —

  1. педагогтіңкәсіби тәртібі туралы ғылым;
  2. қызметке және қарым-қатынасқа қатысушылардың арасындағысенімділікке кепіл болатын кәсіби этика;

Басқа адамдарға, олардың идеяларына қатысты педагогикалық шыдамдылықты, құзырлылықты, оқу және тәрбие қызметінде қабылданатын шешімдерге моральдік жауаптылықты танытады.

Педагогикалық тәжірибиенің көкейкестілігі — (гр. actualis — ойлау әрекетті) — қоғамдық дамудың қазіргі кездегі тенденцияларына, педагогикалық ғылымның алдыңғы қағарлы идеяларына тәжірибенің сәйкестігін көрсететін алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибенің өлшемдерінің бірі. Алдыңғы қатарлы тәжірибеден білім беру жүйесіне қоғам мен мемлекеттің берген әлеуметтік тапсырысы нақтылы түрде көрінеді.

Педагогикалық этика (әдеп) — моральдің (ізгіліктің) тұтас педагогикалық процесс жағдайында қызмет етуінің ерекшелігін білдіретін этиканың құрамды бөлігі; мұғалімнің адамгершілік іс-әрекетініңәрқилы аспектілері туралы ғылым. Педагогикалық этика пәні — әдептің педагог санасындағы, мінез-құлқындағы, қатынастары мен іс-әрекетіндегі көріністердің заңдылықтары.

Әдіс , метод (гр. ‘μέθοδος’,methodes зерттеу не тану жолы, бір нәрсеге жетудің жолы) — көздеген мақсатқа жетудің тәсілі, тәртіпке келтірген қызмет жүйесі. Әдіс философияда зерттелетін нәрсенің ойша нұсқасын жасау үшін қажетті таным құралы болып табылады. Әдіс — нақты бір міндетті шешуге арналған әрекетті практикалық не теориялық тұрғыдан игерудің біршама біркелкі тәсілдерінің, операцияларының жиынтығы. Педагогикада білім беру мен тәрбиеәдістерін жасау мен оларды жіктеу проблемасы негізгілердің бірі болып табылады

Үдеріс-латынша алға жылжу,өзгеріс деген мағынаны білдіреді.Жағдай,даму сатысының қалыпты ауысымы.

Таксономия — әдетте иерархиялық құрылысы бар болмыстың күрделі ұйымдастырылған алаңдарын топтастыру және жүйеге келтіру теориясы (үрдісі).

Танымдылық белсенділік — жануарларда нысана рефлексі түрінде, ал адамда бұдан басқа ырықсыз зейін, білімге құмарлық, әуестену, шығармашылық түрінде керінетін психикалық белсенділіктің түрі.

Топтық (ұжымдық) педагогикалық тәжірибе — мектептің әдістемелік бірлестігінің, проблемалық топтың немесе бүкіл педагогикалық ұжымның мақсатты бағыттағы жұмысы нәтижесінде пайдаболган тәжірибе.

Түсінік — заттың, кұбылыстың ең елеулі касиеттерін, байланыстарын, қатынастарын көрсететін ойлаудың формасы. Түсініктің негізгі қызметі — берілген топтың жеке заттарының барлық ерекшеліктерінен назарын аударту арқылы жүзеге асатын жалпылылықты бөлу.

Тұлғаның өзін-өзі жүзеге асыруы — тұлғаның өзінің жеке және кәсіби мүмкіндіктерін анағұрлым толық айқындауы.

Тәжірибе — адамдардың материалдық, мақсат қоюшы іс-әрекеті; объективті болмысты игеруі және түрлендіруі; адам қоғамы мен танымын дамытудың жалпыға бірдей негізі.

Тәсіл (Педагогика) — 1. жалпы немесе жеке педагогикалық мәдениетте бекітілген тәрбиелік технологиясының салыстырмалы аяқталған элементі; белгілі бір жағдайдағы педагогикалық іс-әрекеттер әдісі; 2. әдіс элементі, оның құрамды бөлігі, әдісті іске асырудағы жеке қадам.

Шағын топ — ортақ әрекетпен, өзін ұстау нормаларымен біріккен, жақын эмоционалдық қарым-қатынаста болатын саны аз адамдар тобы (3-тен 15 адамға дейін). Сыныптық-сабақтық жүйенің аясындағы ұжымдық-топтық жұмысты ұйымдастыру шағын топқа арналған. [1]

Шағын топ — ортақ мақсат-міндеттер арқылы бір-бірімен тікелей байланысатын адамдар бірлестігі. Шағын топтағы моральды-психологиялық кейіп кіші топтың әлеуметтік психологиялық күйін сипаттайтын түсінік. Бұл түсінік негізінде топ мүшелерінің бір-біріне, іске қатынасына деген әдептік нормалар, топ мүшелерінің алдарына қойылған мәселелерді ұйымдасып шешуіне және жұмыс жасауына психологиялық дайындығы қарастырылады.[2]

Шеберлік — кәсіби немесе әуесқойлық білімдердің каңдай да болсын түрінде істі терең танушылықпен, дамыған іскерлікпен үйлестіріп тиімді әрекеттерді жүзеге асырушылық. [1]

  • жұмысқа, ісәрекетке байланысты:белгілі бір көзқарас бойынша жұмыс пен қойылатын талап сапалары; іс-әрекеттің еркіндік деңгейі, жұмыс қалай іске асып жатыр екенін бақылау; оны зерттеуге жұмсалатын уақыт; тәжірибе мен білім деңгейі;
  • адамға қатысты:білім барысында және тәжірибе іс-әрекетінде ашылатын адамның қабілеттілігі;
  • әлеуметтік құрылыс:әдеттер мен тәжірибекәсіподақтар келіссөзі, енбекті Реттеуге байланысты енбектің немесе жұмысбастылықтың кейбір түрлеріне басылатын таңба. Мұның бәрі ақы мен статустың жіктелген нормаларын шақырады. Әдетте істің ресми біліктілігінде бейнеленеді: «білікті», «жартылай білікті», «төмен білікті»;
  • кең әлеуметтік мағынада:әлеуметтік факторлардың ең жалпы кабілеттіліктері мен кұзіреттілігі, яғни әлеуметтік өмірге араласу әрқашан «білікті орындау» болып табылады.

Шығармашылық — пайда болған міндеттерді әлдеқашан белгілі болған тәсілдермен шешу үшін талап етілетіндердің тысына шығатын жоғары формадағы ойлау. Ойлау процесінде үстемдік еткенде, шығармашылық елес ретінде көрінеді. Мақсат пен іс-әрекет тәсілінің компоненті бола тура, ол шеберлік пен инициативаның міндетті шарты ретінде шығармашылық іс-әрекеті деңгейіне дейін көтереді.

Ықпал — индивидтің немесе әлеуметтік топтың басқа адамдардың мінез-құлығын, олардың ұстанымын, бағамын және беталысын өзгерту процесі және нәтижесі. Бағытталған ықпалдың механизміболып сендіру және иландыру табылады. Бағытталған ықпалдың механизмі еліктеу және еліту. Ықпал тура және жанама болуы мүмкін.

Ұстаздың беделі — окушыларға әсерін анықтайын, шешімдер қабылдауға, баға және ақыл беруге құқың беретін ерекше кәсіптік позиция. Нағыз ұстаздың беделі жас ерекшелігі мен қызметіне негізделмей, оның жоғары тұлғалық және кәсіптік қасиеттеріне негізделеді: «тәрбиеленушілермен ынтымақтастық демократиялық стилі, эмпатия, ашық әңгіме жүргізу, ұстаздың позитивтік конценциясы оның үнемі дамуға ұмтылысы, жан — жақтылығы, әділеттілігі мен кеңпейілділігі, эрудициясы, кұзырлығы жалпы мәдениеттілігіне негізделген.[