Сайт Өрлеу

Инновациялық әдістер арқылы болашақ мамандардың кәсіптік шеберліктерін дамыту

Инновациялық әдістер арқылы болашақ мамандардың кәсіптік шеберліктерін дамыту

К.А.Хусайнова
Қарағанды қаласы
«Балақай» балабақшасы КМҚК
kur_aa@mail.ru

Аңдатпа: Мақалада болашақ білім беру мамандардың бойында кәсіби біліктіліктерін қалыптастыруда, педагогикалық тәжірибені ұйымдастырудың алатын орны анықталған. Өндірістік тәжірибені ұйымдастыру түрлеріне анықтама берілді. Заманауи формациядағы маман бейнесіне қойылатын талаптар ашылды.
Аннотация:Данная статья раскрывает возможности формирования будущих педагогов, о роли и способах организации педагогического мастерства.  Автор  рассматривает  основные требования для педагогов нового формата.
Abstract: This article is about the possibility of formation of the future teachers, about their role and methods of organization by pedagogical skills. The author notes that the main requirements for teachers of the new format.

«Жастар жалын жүректі, өршіл намысты, биік рухты болса, ол елдің еңсесі биік болады», — деп Н.Н. Назарбаев
Адамзат алдында тұратын ұлы мұрат –міндеттердің ең бастысы –өзінің ісін , өмірін жалғастыратын салауатты, саналы, рухани бай және ақыл-парасаты мол, мәдени-ғылыми өрісі озық азамат тәрбиелеу . Бұл біздің қоғам алдындағы борышымыз. Бүгінгі әлемдегі елдер мен халықтардың өзара тарихи байланысының дамуы, экономика, мәдениет пен ғылымның әлемдік деңгейге бет бұруы , ертенгі күннің бүгінгіден де нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын құдіретті күш тек білім мен тәрбиеге ғана тән.
Әрбір мемлекеттің болашағы балабақшада шыңдалады. Ертең осы елге ие болып тізгінін ұстар азаматтар бүгінгі балабақша тәрбиеленушісі болғандықтан қазастандық барлық балабақшаларда бүгінгі жайы, даму бағыты мемлекеттің назарында. Сапалы білім ,саналы тәрбие беру әр тәрбиешінің  алға қойған міндеті болса, өз ісінің білімді, өнегелі азаматы болу –әр баланың міндеті.
«Тәрбиешінің шеберлігі талантты қажет ететін ерекше бір өнер емес, бірақ ол дәрігер мен музыкантты шеберлікке баулитындай етіп үйретуді қажет ететін мамандық»,- деп А.С. Макаренко атап көрсеткендей бұл мамандыққа деген сұраныс қазіргі қоғамда артып отыр.
Тәрбиеші мамандығын даярлауға Қарағанды гуманитарлық колледжі елеулі үлес қосуда. «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» бөлімінде студенттердің теориялық білім алуына барлық жағдай жасалған, атап айтсақ, білікті де білімді ұстаздар қауымы мен ақпараттық –материалдық тұрғыда жабдықталған база мамандықты терең меңгеруге мүмкіндік береді.
Қазақстан Республикасының жалпыға міндетті стандартына сай өндірістік тәжірибе — мектепке дейінгі мекемелер тәрбиешілерін мамандыққа дайындаудың маңызды сатыларының бірі болып табылады.
Өндірістік тәжрибенің мақсаты — студенттерді болашак, мамандыққа баулу және балалармен жүргізілетін оқу-тәрбие жұмыстарын ұйымдастыруға қажетті дағдыларын жетілдіру және дамыту.
«Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығы бойынша байқау және бақылау тәжрибесі барысында студенттер тәрбиешінің іс-әрекетін, режимдік процестерді бақылап, өз беттерімен орындауға  дағдыланады. Болашақ мамандардың теориялық тұрғыдан алған білімдерін өндірістік тәжірибеде қолдануын, кәсіптік шеберліктерін шыңдауға колледж оқытушылары мен балалар бақшасының әдіскерлері өз үлестерін қосуда.
Болашақ мамандар мынандай көрсеткіштерді естерінде сақтаулары қажет:
1.Жас маман адамгершілігі жоғары, мәдениетті, ғылым жетістіктерін дұрыс бағдарлай алатын, әдебиет пен өнердің, техниканың дамуын жақсы білетін, оны түсіндіре алатын болуы керек.
2.Әдептілігі, қоғамдық         орындарда өзін сыпайы, еркін, ортаға лайықты ұстай білуі, адамдармен сыйластықта жақсы қарым қатынаста болуы ңажет.
3.Үнемі жинақы, таза, ұқыпты жүруге, сөйлеген сөзі мәнді,  ойлы, асықпай,  байыппен сөйлеуі керек.
Өндірістік тәжірибенің алғашқы апталарында студенттер тәрбиеші әрекеттерін бақылай отырып, қажетті білім, білік дағдыларын үйрене отырып, кейінгі апталарда меңгерген іскерлік дағдыларын балалармен жұмыста қолданады.
Өндірістік тәжірибе барысында қолданылатын әдіс-тәсілдерді әдіскерлер анықтайды, оқу-тәрбие жұмыстарына басшылық жасайды. Мысалы: жоспар бойынша студенттер жеке әдістемелерден оқу- іс әрекеттерін, режимдік процестерді т. б дербес ұйымдастырады. Ұйымдастырылған оқу-іс әрекеттерін, режимдік процестерді, ойын; еңбек және серуен жұмыстарын жоспарлауда әдіскерлер студенттерге бағыт- бағдар беріп отырады. Студенттер өндірістік тәжірибе барысында оқу-іс әрекеттерін, режимдік процестерді өткізіп қана қоймайды, олар ата-аналармен түрлі шараларды кеңестер, әңгіме, сауалнама, көрмелер, балалармен жекетоптық жұмыстар және балабақша ұжымымен бірлесіп мерекелік іс-шараларды ұйымдастыруға көмек көрсетіп тәжірибелер жинақтайды .
Өндірістік тәжірибе барысында студенттер жаңа технологияларды қолдана отырып әртүрлі шараларды өткізеді.
Олар:
-электронды сергіту сәттер;
— электронды дидактикалық ойындар;
-жарыс және ойын түрінде өтетін сабақтар;
-қиял-ертегілерді қолдану сабақтары: ертегі сабағы,сиқырлы кейіпкерлер тосын сыйды әрбір оқу әрекетінде пайдалану т.б.
Студенттер өндірістік тәжірибе барысында тәрбиешілердің үлгі сабақтарын көріп талдауға уйренеді. Өндірістік тәжірибе кезінде студенттің өз бетімен ізденісіне мүмкіндік туғызған сайын, оның жауапкершілігі, оқуға тәжірибеге қызығушылығы артады.
«Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында білім берудің» басты мақсаты — студенттердің талдау,синтездеу, логикалық ойлау қаблеттерін дамыту, яғни студенттердің үнемі ой еңбегімен шұғылдануын қамтамасыз ету, студенттерді ізденуге өз беттерімен қорытынды жасауға үйрету деп атап көрсетілгені белгілі. Мысалы: тәжірибе кезіндегі оқу-іс әрекеттеріне дайындық, оқу-іс әрекетінің конспектілерін, мерекелік іс -шаралардың сценарийін құру студенттің ізденісінің жемісі деуге болады.
Ал шеберлік — студенттің ізденісімен тығыз байланысты. Шеберлік — тек қана студенттің жалпы, жан-жақты және әдістемелік сауаттылығы.
Студенттер жеке әдістемелерден, мектепке дейінгі педагогика, мектеп жасына дейінгі балалар психологиясы пәндері бойынша алған теориялық білімдерін өндірісте өтілетін тәжірибе кезінде шыңдайды. Шеберлігі артып, өзіндік тәжірибе жинақтайды.
Әр әдістемеден сабақ жоспарын, оқу-іс әрекетінің технологиялық картасын құрып, оны балалармен ұйымдастырып өткізу дағдыларын игереді.
Сондай-ақ студенттер балалармен жұмыс істей білуге, олардың даму деңгейін бағалай және талдай білуге, баланың одан әрі дамып жетілуіне бағытталған тәрбие жұмысын жоспарлай білуге үйренеді.
Ұйымдастырылған оқу әрекеттеріне арналған көрнекі құралдарды, демонстрациялық материалдар мен қажетті құрал-жабдықтарды өз беттерімен даярлап, балалардың қызығушылықтарын арттыра отырып жұмыс жасайды.
Мектепке дейінгі мекемеде әр түрлі оқу әрекеттері мен шаралар дайындау кезінде студенттер әдіскерлер мен тәрбиешілерден кеңес алып отырады. Байқау және бақылау тәжірибесі кезінде студенттер балалардың жас және жеке ерекшеліктерін ескере отырып, қарым-қатынас жасайды, іс-шаралардың мақсаты мен міндеттеріне сәйкес әдіс- тәсілдер мен технологияларды таңдап пайдаланады. Студенттер педагогтардың озық тәжрибелерін қарастырып, өздерінің жұмыстарында қолдана білуге дағдыланады.
Өндірістік тәжірибе соңында қорытынды педагогикалық кеңес өткізіліп қорытынды баға қойылып, керекті іс-құжаттар дайындалынады. Студенттер өндірістік тәжірибе барысында өздерінің теориялық білімдерін іс жүзінде көрсете білгендері түрлі шараларды ұйымдастыруына белсенділік танытқандары үшін балабақша тарапынан алғыстармен марапатталып жатады. Осы атқарылған жумыстарды  оқытушылар мен әдіскерлер басшылыққа ала отырып, студенттердің мамандыққа деген қызығушылығы мен жауапкершіліктерінің зор екендігін сезіне отырып, болашақ тәрбиешілерді мамандыққа тәрбиелейді. Тәрбиешілердің жан-жақты құзіреттілігін арттыруда және бәсекеге қабілетті, кәсіби оңтайлы маманның бойында белгілі бір құзыреттіліктер қалыптасуы қажет:
-бағдарлы құзіреттілік (азаматтық белсенділік, саяси жүйені түсіну, баға бере білу қабілеті);
-мәдениет тану құзіреттілігі (ұлттық ерекшеліктерді тани білу, өз халқының мәдениетімен өзге ұлттар, әлем мәдениетін салыстыру, саралай білу қабілеті);
-оқу-танымдық құзіреттілігі (өзінің білімділік қабілетін ұйымдастыра білу, жоспарлай білу, ізденушілік-зерттеушілік әрекет дағдыларын игеру, талдау, қорытынды жасай білу);
-коммуникативтік құзіреттілік (адамдармен өзара қарым-қатынас тәсілдерін білу, мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілінде, халықаралық қатынаста ағылшын тілінде сөйлесе білу дағдылары болуы);
-ақпараттық-технологиялық құзіреттілік (ақпараттық технологиялармен, техникалық объектілер көмегімен жоспарлы енбекті бағдарлай білу, өз бетінше іздей білу, таңдай, талдай білу, өзгерте білуді жүзеге асыра білу қабілеті);
-әлеуметтік-еңбек құзіреттілігі (әлеуметтік-қоғамдық жағдайларға талдау жасай білу, шешім қабылдай білу, түрлі өмірлік жағдайларда жеке басына және қоғам мүддесіне сәйкес ықпал ете білу қабілеті);
-тұлғалық өзін-өзі дамыту құзіреттілігі (отбасылық еңбек, экономикалық және саяси қоғамдық қатынастар саласындағы белсенді білімі мен тәжірибесінің болу қабілеті).
Жаңа педагогикалық технологияны ұстаздық іс-әрекетте қайта құрудың жүйелі тұтас құралы ретінде тиімді пайдалану оқу-тәрбие үрдісінің сапасын жақсартуға, жеке тұлғаны дамыту міндеттерін шешуге, оқушы-жастардың құзіреттілігін қалыптастыруға септігін тигізеді.
Сонымен қатар, жаңа педагогикалық технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік адамгершілік, рухани, азаматтық және де басқа көптеген адами келбеттің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үдерісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.
Бугінгі таңда әрбір студентті болашақ мамандық иесі етіп даярлап шығу ісінде, жеке тұлға етіп қалыптастыруда педагогтар қауымы өздерінің шеберліктерін қайта жетілдіріп, шығармашылық тұрғыда ізденуге, өз кәсіби құзыреттілігін жетілдіруге талпыныс жасауына бар мүмкіндік жасалған.
Қолданылған әдебиеттер:

  1. «Мектепке дейінгі ұйым» басшының анықтамалығы №8 (56) -2016ж.
  2. «Білім беру» ұйымының әдіскері №4 (16) -2016ж.

Один комментарий к “Инновациялық әдістер арқылы болашақ мамандардың кәсіптік шеберліктерін дамыту

  1. Уведомления: Инновационные технологии обучения в дошкольном образовании | Сайт ӨРЛЕУ