Ағымдағы жылдың 15 қыркүйегінде «Инклюзивті білім беру ортасының мазмұны» тақырыбында жалпы білім беретін мектептердің мұғалімдеріне арналған біліктілік арттыру курсы аясында «Білім беру кеңістігіне ерекше оқытуды қажет ететін балалардың қосылуының жағдайы – кедергісіз білім беру ортасын құру» атты семинар инклюзивті білім беру жағдайындағы №65 мектеп-гимназиясында өтті.
Курс жетекшісі А.А. Байтұрсынова тыңдаушыларды инклюзивті білім беру координаторы Л.Ж. Тойшиевамен таныстырып, жалпы білім беретін мектептегі мүмкіндіктері шектеулі оқушыларға арналған кедергісіз білім ортасын көрсетті.