Сайт Өрлеу

Жаңартылған білім беру жағдайында географиялық есептерді шығаруға жаттықтырудың тиімді жолдары

Жаңартылған білім беру жағдайында географиялық есептерді шығаруға жаттықтырудың тиімді жолдары

Әлімбетова Салтанат Сейтханқызы,
Таскараева Қалбибі Ахметовна,
Сугирова Бану Асетқызы,
«Өрлеу»БАҰО» АҚФ ОҚО бойынша
ПҚБАИ «Инновациялық технологиялар мен
жаратылыстану-ғылыми (гуманитарлық)
пәндерді оқыту әдістемесі»
кафедрасының аға оқытушылары
 

Қазақстан  Республикасының әрбір білім беру мазмұнына тың көзқарас қалыптасып келе жатқан маңызды кезенде жас ұрпақты қоғам талаптары мен оның мақсат-мүдделеріне сай оқытып, тәрбиелеудің өзіндік өзектілігі күн сайын арта түседі.
География  пәнінің білім беру бағдарламасының негізгі мақсаты пәннің мазмұнын сапалы меңгеруді қамтамасыз ету, оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру, сонымен қатар басқа пәндермен сабақтастық арқылы жалпыадамзаттық құндылықтар мен ұлттық мәдениеттің үздік дәстүрлерінің негізінде оқушылардың зияткерлік деңгейін дамыту болып табылады.
Баламен тікелей қатынаста отырған мұғалім қауымға үлкен жауапкершілік жүктейді. Әр маман иесінің өзінің саласы бойынша білімін тәжірибемен тиімді ұштастыра білуінің өзектілігі ешқашан мәнін жойған емес. Өйткені оқушыға берілетін білімінің ғылыми негізі жан-жақты айқындалып, өзіндік бағытын нақты ұстанатын болса, онда әр маман өзінің алдына қойған мақсат-міңдеттерінің игі нәтижесін көретін болады. Оған жету білім мазмұнын жаңартып отырған жағдайда ғана ұтымды жүзе асатыны тәжірибеде делелденіп келеді.
Оқушының танымдық деңгейін көтеру, өмірге көзқарасын қалыптастыру, логикалық ойлауын жетілдіру күн тәртібінен түспеген мәселе ретінде болашақ мектептің де үлесіне тиеді. Ондағы оқу пәндерінің құрылымы мен мазмұнын өмір талабына сай жаңарту арқылы жеке тұлғаның бойына жалпыадамзаттық құндылықтарды қалыптастыру әрбір пән иесінен, яғни педагогтан тың тәжірибе мен шығармашылық ізденісті күтеді.
География пәні мазмұнының бірнеше ғылым негіздерімен байланыстылығы, оқыту жүйесінің басқа пәндермен сабақтастығы, білім мазмұнының жеке тұлғаның қалыптасуына тікелей бағдарлануы әлемдік тәжірибеге негізделген сияқты.  Мұндағы тың идеялар жаңа технологиялардың жүйесін құруға, ұтымды дидактикалық ұстанымдарға бағыттайды.
География пәнінің негізі құрылымы мен мазмұны жоғарыда атап көрсеткеніміздей бірнеше білім саласын қамтиды. Әсіресе математикалық ұғымдар мен есептер шығарудың жолдарын көрсетуді талап ететін материалдар көптеп берілген. Бірақ оларды игертудің әдіс-тәсілдері мен орындау жолдары айқындалмаған.
Мәселен, география пәнінің мазмұнында мынадай сипаттағы есептер жиі кездеседі: материктің көлемін анықтау, профиль түсіру,  картографиялық проекция, өзен жиілігі,  жылдық жауын-шашын мөлшері,  су шығыны, ағыс жылдамдығы, ұзындығы, қоректенуі, ылғалдану коэффиценті, өзен еңістігі, халықтың тығыздығы, демографиялық есептеулер, экономикалық даму деңгейі, ауыл шаруашылығына жарамды жер қоры, халықтар тығыздығы,  миграция ағымы,  халықтың өсімі (формуламен берілген), жүк айналымы,  түрлі диаграммалар және т.б.
Бұл айтылған мәселелердің әдістемелік негіздері айқындалмағандықтан, тиімді жолдары арнайы қосымша оқу құралында көрсетілмегендіктен, тапсырмаларды орындау кезінде мұғалім мен оқушыға  едәуір қиындық туғызады.
Сондықтан оқушының өз бетімен іздене білуі үшін, өзіндік пікірін еркін жеткізе білуге талаптануы үшін оқу-әдістемелік кешеннің ішінде әдістемелік нұсқаулық ретінде географиялық есептер жинағы болуы шарт. Мұғалімдер өз тәжірибесіне сүйеніп жинақтаған түрлі бағыттағы топтамаларын ғана пайдаланып келеді. Егер жаратылыстану ғылымының салалары бойынша арнайы, әр пәннің ерекшеліктеріне сәйкес топтастырылған есептердің жинағы жасалып, оқу құралы ретінде даярланатын  болса, оқушының болашақ бағдарын айқындауына мүмкіндік туатын болады. Сонымен қатар оқушының танымдық қызығушылығын арттыруда өмір тәжірибесін қолдануына үйрететін ұлттық педагогика негіздері маңызды рөл атқарады. Математикалық дәлдік пен астрономиялық өлшемдердің ерте заманнан бері халықтық тәжірибеде қолданылып келе жатқанын білеміз. Болашақ оқу бағдарламасы мен оқулықтарды даярлау кезінде оқушының жеке өзіндік көзқарасының дамуына, айналасындағы құбылыстарға өз бетінше зерттеу жүргізуге ықпал ететін бұл материалдар назардан тыс қалмағаны жөн.
Ал баланың ерте жастан айналасына сергек қарауына үйрететін, адам мен табиғаттың үйлесімділігін сезінуіне игі ықпал ететін халықтық өмір сүру тәсілдерінің ойы жүйрік, жедел дамып келе жатқан жасөспірім үшін жөні бөлек.
География пәнінен оқушылардың теориялық білімдерін есеп шығарту, картамен жұмыс істеу сияқты практикалық іс-әрекеттермен дамытып, бекітіп отырған жөн. Осы орайда оқыту  бағдарламасы бойынша географиялық есептерді ұсынамыз.

  1. Жер шары шеңберінің 1 градус доғасы қанша километр екенін анықтаңыз.

Жауабы: 40000:3600=111 км.

  1. Африканың батыс жағалауынан шығыс жағалауына дейінгі экватор бойынша градустық қашықтығы қанша?

Жауабы: 111х340=3774 км.

  1. 70 градус батыс бойлық бойынша Оңтүстік Американың солтүстігінен оңтүстігіне дейінгі қашықтығы қанша?

Жауабы: 111км х650=7215 км-ге созылып жатыр.

  1. Мысалы 100 метрде 200 қадам болды делік. Демек, әрбір қадамның ұзындығы қанша болады?

Жауабы: 100:200=0,5. Осылайша әр оқушы өз қадамының орташа ұзындығын біледі.

  1. Егер қашықтық 700 метр болып, ал қағаздың көлемі бір ғана парақ болса, ол қашықтықты қағазға қалай түсіру керек?

Жауабы: мұндай жағдайда қашықтық кішірейтілген түрде   бейнеленеді.      Қағаздағы 1 см 100м орнына алынады. Бұл жағдайда     сызбадағы           қашықтық 7 см-ге тең болады.

  1. Егер ұзындығы 9 метр, ені 6 метр, биіктігі 4 метр десек, сынып бөлмесіндегі ауаның салмағы қанша болатынын есептеп шығарыңыз.

Жауабы: 9 м х 6 м х 4м= 216 3м

1кг 300г х 216= 159,29 кг. (ауаның салмағы 1 кг 300 гр шамасы екені        есептен шығарылған)

  1. Бөлменің ұзындығы 7 метр, ені 5 метр, биіктігі 3,5, метр. Бөлменің көлемі мен ондағы ауаның салмағын есептеңіз.

Жауабы: 7 х 5 х 3,5=122,5м3

                            122,5 х 1,3 =159,29

  1. Көлемі 200м3 сынып бөлмесінің ауасында +20 температурада қанша литр су буы болады?

Жауабы: 200х 17=3400г =3,4 л.
(+200 температурада әрбір куб метр ауада 17 г. су буы болады)

  1. Радио былай хабарлайды: +100 температурада ауаның салыстырмалы ылғалдығы 50%. Мұндай 1м3 ауада неше грамм су болады? Оның қанығуы үшін қанша су керек?

Жауабы: +100 температурада ауаның қанығуы үшін 4,5 г. су қажет
t1=+100 –да 9 грамм су буы -100%
t2=+100 –да х су буы -50%
х=5 х 9/100= 4,5 г. су буы

  1. Бір тонна мұхит суынан  қанша тұз алуға болады? Тұздылығы 0,2%0. 1      тонна өзен суына қанша тұз алуға болады?

Жауабы: 1 тонна мұхит суындағы тұздылық- 35%0.

                       1000 х 35 =35 000г.
Өзеннің 1 тонна суға 100 х 0,2 =200г.

  1. Егер тұздылығы 18%0. болса, Қара теңіздің 1 тонна суынан әртүрлі заттардың неше грамын алуға болады?

Жауабы: 1т =1000л.
              1000 х 18=18 000

  1. Бір тәулік ішінде температура төмендегідей болып өзгерді: 40, -20, 80, 60.         Тәуліктің орташа температурасын табу керек.

Жауабы: 160 : 40 =40
Қорыта келсек, мектептен алған географиялық білімдерін оқушылар күнделікті өмірде пайдаланып, тереңдетіп отырады. Табиғатқа саяхатқа шыққанда өзбеттерімен жұмыс істеу дағдыларын кеңейтіп, дамыта түседі әрі ақыл-ойы жетіліп теориялық білімдерін іс-жүзінде асыруға үйренеді.
Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Әлімов А.Қ. Интербелсенді оқыту әдістемесін мектепте қолдану. Оқу құралы. 2014-118б.
  2. Сүлейменова Г.А. Оқытудың нәтижесін тексеруде тест   тапсырмаларын пайдалану. //«Ауыл мектебін басқару және білім сапасын арттырудың тиімді  жолдары» атты республикалық  семинардың материалдары,   13-15 мамыр. Алматы.: 2013. 214-215бб.
  3. Сүлейменова Г.А. Географиядан білім сапасын айқындау құралдарына    қойылатын талаптар. //«Білім беру жүйесінде адам ресурстарын дамытуды басқарудың қазіргі тенденциялары» халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары, 12-13сәуір,Алматы.: 2005.