Сайт Өрлеу

Құзыреттілік бағыт негізіндегі 21 ғасырдың заманауи сабақты жетілдіру жолдары

Құзыреттілік бағыт негізіндегі 21 ғасырдың заманауи сабақты жетілдіру жолдары

Бекмаганбетова Г.К.,
старший преподаватель
ФАО «НЦПК «Өрлеу» ИПК ПР
по Костанайской области»

21 ғасырдың заманауи сабағы (дәріс, тәжірибе сабақ)

Тақырыбы: Құзыреттілік бағыт негізіндегі 21 ғасырдың  заманауи сабақты жетілдіру жолдары

Жоспар

  1. Педагогикалық менеджмент деңгейі
  2. Заманауи сабақта нені оқыту керек
  3. Заманауи және дәстүрлі сабақ
  4. Заманауи сабақты жетілдіру жолы
  5. Өзіңнен баста

Ұйымдастыру кезеңі

«Ойлан – жұптас – бөліс» (5 мин.)

  • «21 ғасыр сабағы» дегенді қалай түсінесіз?
  • Неге «21 ғасыр сабақ» деп аталады?

Өз ойларыңызды жазыңыз және жұбыңызбен талқылаңыз және бүкіл топпен бөлісіңіз.

Дәрістің барысы.

  1. Педагогикалық менеджмент тұрғысынан алғанда қазіргі сабақты жүзеге асыруға кедергі бола алатындар: мектеп пәніне және оқытудың жаппай әдісіне негізделіп құрылған бұйыру-әкімшілік педагогикасы; сабақта педагогтың гностикалық функциясының басым болуы; сабақтың оқушыларда білім қалыптастыруға бағытталған мақсаттары; мазмұн негізінде мақсаттарды жобалау; сабақтың «орташа оқушыға» бағдарлануы; оқу тапсырмалараның оқу техникасын баяндамай жобалануы; репродуктивті білімдерді қалыптастыруға бағытталған белсенді әдістерді пайдалану болып отыр.
  2. Педагогикалық қызмет – өз уақытының экономикалық, саяси, адамгершілік және эстетикалық мақсаттарға сәйкес өскелең ұрпақты өз бетінше қызмет етуге дайындауға саналы түрде бағытталған ересек адамдардың қоғамдық – пайдалы қызметінің ерекше түрі.

Заманауи сабақ бес проекцияда:
— заманауи сабақта пәндік білімді нақтылаудан бас тартып, «Табиғат-қоғам-адам» координатасында әмбебап дүниетанымның іргетасын қалауға ұмтылу керек;
— заманауи сабақта жалаң білімді меңгеру жүйесінен бас тартып, білімдер рухын меңгеру жүйесін басшылыққа алу керек;
— заманауи сабақта білімді «шайнап» бермей, оқушыға білімді өз қажеттіліктерінің шегінде өзі алуға мүмкіндік беру керек;
— заманауи сабақта білім беру емес, тұлғаның өмірлік маңызды қасиеттерін қалыптастыру керек, оқушыны университетке түсуге емес, өмірге дайындау керек;
— заманауи сабақта білімді жинақтауға емес, әлеуметтік даналыққа әкелу керек.

  1. Заманауи және дәстүрлі сабақ арасындағы салыстырып көрейік:

Топтарға тапсырма: Өздеріңіз екі сабақ түрін Венн диаграммасына салып көріңіздер

Заманауи сабақ            Ұқсастықтары          Дәстүрлі сабақ

Заманауи сабақ:
— бәрін үйренуге болады; белсенді қызмет орталығы-оқушы; оқушы белсенді қадағалаушы; оқушы тер төгіп жұмыс істейді;
— оқыту үрдісі орталықтандырылған емес;
— мұғалім – ұйымдастырушы, жоспарлаушы, режиссер және бірге қатысушы. Оқу деп аталатын пьесаның басты әрекет етуші тұлғасы – оқушы;
— мұғалім сабақтың менеджері. Мұғалімнің функциясы – үрдісті  оқушының білімді алуға мүмкіндігі болатындай етіп ұйымдастыру;
— мұғалім педагогика мен психология білімдерін меңгерген;
— сабақ жақсы өтті – бұл әрбір оқушы өзінің интеллектуалдық және шығармашылық қабілеттері шегінде барынша белсенді әрекет етіп, өзі үшін пайдалы әрі маңызды бірдеңе алды;
— мұғалім мен оқушы серіктестер.
— сабақта сырттай қарағанда тынышсыз, тіпті шулы ахуал болуы мүмкін, бұл жерде көп нәрсе стихиялы түрде, болжамсыз жүріп жатыр, мұғалім тәртіпті сақтау – тыныштық болып, бір-бірден сөйлету туралы ойламайды деген әсер қалуы мүмкін.

Дәстүрлі сабақ:

  • бәрін үйретуге болады;
  • белсенді қызмет орталығы–мұғалім;
  • оқушы пассивті қадағалаушы;
  • мұғалім тер төгіп жұмыс істейді;
  • сабақта мұғалім білімді жеткізуші;
  • сабақ моноспектакль, мұғалім осы спектакльдің режиссері, әрі орындаушысы. Мұғалімнің функциясы білім беру;
  • сабақтың құрылымы қалыптасқан;
  • мұғалім оқу материалын құрылымдау іскерлігін меңгерген;
  • сабақ жақсы өтті – бұл мұғалім өзіне риза болғанда;
  • сабақта оқушы диалог жүргізеді, бірақ мұғалім сұрақ қоюға, ықпал етуге және анықтауға құқылы;
  • Сыныпта мүлгіген тыныштық болуға, оқушылар бір-бірден сөйлеуге тиіс – тәртіп болуы тиіс.

Педагогикалық менеджмент тұрғысынан дәстүрлі сабақ пен заманауи сабақ арасындаға айырмашылық бар. Заманауи сабақта ұйымдастыру кезеңіне  — 3 мин., жаңа ақпаратты өз бетінше меңгеруге – 5-7 мин., оқу тапсырмаларын орындауға – 35 мин., сабақ орытындысын жасауға  — 3 мин. уақыт бөлінеді. Заманауи сабақта уақыттың басым  бөлігі оқушының сабақтағы қызметіне бөлінеді. Бұл қызметті ұйымдастыру үшін сабақты оқу тапсырмаларымен жарақтандыру қажет.

  1. Заманауи сабақ оның мақсатын қамтамасыз етуге негіз болатын өмірлік маңызды біліктерді қалыптастыруға бағытталады.

Сабақты берілген мақсат бойынша жобалай білу сабақты берілген мазмұн бойынша жобалаудан елеулі түрде айрықшаланады.
Сабақтың мақсаты қойылады – айқын, нақты, қолжетімді және өлшенбелі. Мақсат бір сабақ ішінде оқушыларда нақты қасиетті, біліктерді қалыптастыруға бағытталған.
Мұндай сабақты жобалаған кезде мұғалім берілген тақырып шеңберінде мазмұнды өз бетінше іріктеп алуы және барлық оқушыларға сабақтың мақсатына жетуге мүмкіндік беретін оқу тапсырмаларын жобалауы керек.
Сабақтың мақсаты анықтамасының өзегін түзетін құрамы Еуропалық біліктілік стандартында көрсетілген базалық, негізгі біліктер болып табылады.
Кез келген оқу пәні бойынша сабақты дайындаудың аса маңызды кезеңдерінің бірі осы оқу кезеңінің мақсаттарын қою болып табылады. Шынында да, оқушының қызметін жоспарлағанда мұғалім оның ақырғы нәтижесін – білім беру қызметінің өнімі ретінде базалық білікті білуге тиіс.
Мақсат сабақтың соңында оқушы «Не істей алатын болады?» деген сұраққа жауап беруге тиіс. Әдетте, бір сабақтың мақсаты әдістер, тәсілдер, әрекеттер, құралдар деңгейінде білікті қалыптастыруға бағдарланады.
Білік «білімдер, іскерліктер және құндылық қатынастар тәжірибесі» үш компонентті мазмұн үлгісінде ақырғы нәтиже болып табылады және қызметтік, тұлғалық, көп субъектілі және дара шығармашылық тәсілдерге негізделеді.
Барлық біліктер «болу» етістігімен берілетін мінез-құлық дағдысын көрсетеді. Бұл жерде болу мен бар екендікті айыра білу керек.
Оқушы мен мұғалімнің қызметі мазмұнға айналады. Мұғалімнің негізгі функциясы өзгереді: ол ақпаратты жеткізушіден менеджерге айналады. Жаңа білім беру жүйесінде мұғалім үшін ең бастысы – оқыту үрдісін басқару. Оқушының міндеттері де өзгереді: ақпаратты қабылдаушыдан ол мұғалімнің серіктесіне, қызметтесіне – оқытудың субъект-объектісіне айналады, яғни белсенді тұлға болады. Оқушы да қызметтік сипаттағы кері байланыс беруге тиіс: ол жасайды, өзін-өзі бағалайды және өзінің бағасын оқытушының бағасымен салыстырып тексереді.
Білім – тамаша зат, бірақ білу қажеттің ештеңесіне үйретуге болмайтынын ұмытпаған жөн.
Өз өмірін білім беру ісімен байланыстырылған әркім ХХІ ғасыр Педагогикасына есік аша алады және ашуға тиісті.
Бірінші қадам — өзіңнен баста

Тәжірибе сабақ барысы.

Жұптық жұмыс

Төменде берілген сызба бойынша сабақ жоспарларын құрастыру қажет

Блум бойынша сабақтың тапсырмалары

МАТРИЦАСЫ

Пән                              Сынып —                            Тақырып –

     Бірінші деңгей – БІЛІМДЕР

Оқу тапсырмаларының таксономиясы – бірінші деңгей Етістік Немен әрекеттеседі
1.00 Білім 1.10 Нақты мәліметтерді білу 1.11 Терминологияны білу Анықтау, меңгеру, айыра алу, еске түсіру, танып білу Сөздік, түсініктер, терминология, мән, анықтамалар, байланыстар, элементтер

Екінші деңгей — ТҮСІНУ

Таксономия  – екінші деңгей Етістік Немен әрекеттеседі
2.00 Түсіну 2.10 Сөйлем Айналдыру, көшіру, өз сөзімен білдіру, иллюстрациялау, дайындау, оқу,  ұсыну, өзгерту, басқа түрде жазу, қайта құру Маңыздылық, үлгі, анықтамалар, абстракциялау, ұсыну, сөздер, фразалар.

Үшінші деңгей — ҚОЛДАНУ

Оқу тапсырмаларының таксономиясы– үшінші деңгей Етістік Немен әрекеттеседі
3. Қолдану қолдану, жалпылау, байланыс орнату, таңдау, дамыту, ұйымдастыру, пайдалану,  жетекшілікке алу, қайта өзгерту, топтастыру Қағидалар, заңдар, қорытындылар, эффекттер, әдістер, теориялар, абстракциялар, жағдайлар, жалпылау, үрдістер, феномендер, тәсілдер

Төртінші деңгей —  ТАЛДАУ

Оқу тапсырмаларының таксономиясы – төртінші деңгей Етістік Немен әрекеттеседі
Талдау 4.10 Элементтерді белгілеу Дәлелдеу, идентификациялау, топтастыру, айыра алу, шығару, категориялау Элементтер, гипотезалар, қорытындылар, фактілерді белгілеу, дәлелдер, қасиеттер

Бесінші деңгей – СИНТЕЗ

Оқу тапсырмаларының таксономиясы – бесінші деңгей Етістік Немен әрекеттеседі
Синтездеу 5.10 Өз шығармасын жасау Жазу, айту, жасау, беру, модификациялау, құжаттау Құрылым, модель, жетілдіру, жоба, жұмыс, жалпылау, күш, ерекше фактілер, шығарма

Алтыншы деңгей – БАҒАЛАУ

Оқу тапсырмаларының таксономиясы – алтыншы деңгей Етістік Немен әрекеттеседі
 Бағалау 6.10 Ішкі сынау Пайымдау, дәлелдеу, бағалау, шешу Анықтылық, қателіктер, дұрыстық, есептеулер, сщфизмдер, анықтылық дәрежесі

Сабақты қорытындылау:
«Галареядағы серуен» әдісімен жүргіземін. Сабақ соңында мұғалімдер өздері құрастырған сабақ жоспарларын таныстырады, кері байланыс нәтижесі бойынша жоспарды жақсарту жолдарын қарастырады.
Әріптестер сабақ жоспарын бағалауда «Екі жұлдыз бір тілек», «бағалау бутерброды» әдістерін қолдануға болады.
Рефлексия « Соңғы 5 минут»
Әдебиет

  1. Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» жолдауында

2.Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012 — 2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары;

  1. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған млекеттік бағдарламасы;
  2. Мемлекеттік жалпыға міндетті бастауыш білім беру стандарты;
  3. А.А.Жайтапова, Г.А.Рудик, Е.В.Белошниченко, А.С.Сатывалдиева 21-ші ғасыр педагогикасы мектеп табалдырығында Алматы, 2009