Сайт Өрлеу

Білім берудің «тіл мен әдебиет» саласында оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту

Білім берудің «тіл мен әдебиет» саласында оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту

Білім берудің «тіл мен әдебиет» саласында оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту

 

Ибраимова Бахыт Малқарқызы,
Оразбаева Жұмабике Қаймолдақызы
Үшінші (базалық) деңгей бойынша сертификатталған
қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері
«Бірінші қалалық жалпы білім беретін лицей» КММ ,
Петропавл қаласы

Мақсаты: Шеберлік — сынып мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігін арттыру, мәтінмен жұмысты жетілдіру, қазақ тілі сабақтарында функционалдық сауаттылықты дамытудағы әдіс-тәсілдерімен таныстыру;

Міндеттері:

  1. Педагогикалық тәжірибеміздегі әдіс-тәсілдермен бөлісу;
  2. Шеберлік — сынып бағдарламасына қойылған мәселе  бойынша әдістемелік әдіс — тәсілдердің шешімін бірге қарастыру;
  3. Шеберлік — сынып қатысушыларымен  рефлексия өткізу;

Құрал-жабдықтар:  интербелсенді тақта, бейнеролик,  презентация.

Әдіс-тәсілдері: әңгіме, мәтінмен жұмыс, кері байланыс

Күтілетін нәтиже:  Шеберлік сынып соңында қатысушылар функционалдық сауаттылықты дамыту жөнінде білім, білік. дағдыларын қалыптастырады, жаңа технология бойынша сабақ жобаларын  құра алады, өз педагогикалық тәжірибесінде функционалды сауаттылықты дамытудың әдіс-тәсілдерін қолдана алады.

Өткізу жоспары:

  1. Ұйымдастырылу кезеңі

  Сәлемдесу. Танысу (1мин.)   

  1. Негізгі теориялық бөлім

Функционалдық сауаттылық – сапалы білім берудің кепілі (5 мин)

III. Мөделдеу

    Имитациялық ойын. Орындалған жұмыстарды жарнамалау. (10 мин.)

  1. Бейнеролик көру «Аквапарк» (40 сек)
  2. Тақырыпты анықтау (30 сек)
  3. 3. Ассоциограмма (40 сек.)
  4. Мәтін алды жаңа лексикамен жұмыс (1 мин)
  5. Мәтінмен жұмыс (3 мин)

6 . Екі жұлдыз – бір тілек» стратегиясы бойынша өзара бағалау (3 мин)

  1. Рефлексия.(4 мин.)

 Шеберлік — сыныбының құрылысы:

 

Шеберлік-сыныбының жұмыс кезеңдері Кезеңнің мазмұны Қатысушылар-дың іс-әрекеті Нәтиже
Ұйымдастыру кезеңі Сәлемдесу. Презентация

(Слайд 1-2):

Құрметті әріптестер! Менің аты-жөнім Бахыт Малқарқызы, менің еңбек өтілім 20 жыл, оның ішінде 15 жыл Бірінші қалалық жалпы білім беретін лицейде қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі болып жұмыс жасаймын. Әріптесім Оразбаева Жұмабике Қаймолдақызы екеуміз бүгінгі шеберлік-сыныбын өткіземіз.

Презентация көреді , шеберлік -сынып жүргізушілері-мен танысады Қарым-қатынас жасайды.
Қазақ тілі сабақтарында оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын дамытудағы негізгі идеялар Слайд № 1

2012 жылы Үкіметтің қаулысымен бекітілген «Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары» қабылданды. Ұлттық жоспардың мақсаты–Қазақстан Республикасындағы мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту үшін жағдай жасау болып белгіленген болатын.

Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуда оқу бағдарламасындағы әрбір пәннің рөлі зор. Соның ішінде қазақ тілі мен әдебиетінің алатын орны ерекше. Оқушының бойына білім нәрін дарытуға көмек беретін функционалдық сауаттылық мұғалім бойында да болуы тиіс.Қазақ тілі сабақтарында оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту мақсатында белсенді оқыту ортасын құруда мұғалімнің рөлі өте маңызды.

   Оқушылар сыртқы ортада адамдармен, құрбыларымен, жанұясымен қарым-қатынас жасағанда оқу дағдысын қолданады, яғни ақпарат алмасу үшін, ақпарат беру үшін мәтінмен жұмыс жасайды. Қазақ тілі сабағында мәтінмен жұмыс үлкен рөл атқарады, сондықтан біз сабағымызда оқушыларға мәтінмен жұмыс жасау барысында орындалатын әр түрлі тапсырмалар беруіміз керек.  Біздің лицейде оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын дамыту бойынша әр түрлі жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Соның нәтижесінде біз әріптестерімізбен «Функционалдық сауаттылық – сапалы білім берудің кепілі» атты әдістемелік көмекші оқу құралын жарыққа шығаруды жөн көрдік.

Слайд № 2   (құралдың мұқабасы )

Бұл көмекші оқу құралында 5-7 сыныптардың әр қайсысына мәтіндер мен тапсырмалар берілген. Алынған мәтіндер оқушының ой өрісін, зейін қабілетін жетілдіруге және функционалдық сауаттылығын арттыруға көмегі тиетіндей деңгейде құрастырылған.

Слайд № 3 Көмекші оқу құралдың мақсаты:
— ауызекі және жазба тілде байланыстырып сөйлеу, ойын еркін жеткізу, сауатты да мәнді жаза білуін дамыту;
— күрделі ойлау формасын қалыптастыру;
— ой қорытындысын жасай білуге үйрету;
— шығармадағы бейнелердің ерекшеліктерін аша білуге бағыттау;
— оқушылардың бойында ізгілік, адалдық пен мейірімділік
— сияқты адамгершілік қасиеттерін дамыту;
— оқушылардың жеке тұлға ретінде дамуына жағдай жасау.

Слайд № 4  Тапсырмаларға тоқтала кетсек: / тапсырмалардың түрлері:

Тапсырмалар:
1.      Мәтінге ат қойыңыз.
2.      Мәтіннің негізгі ойын ашатын тірек сөздерді табыңыз.
3.      Мәтінге сәйкес келмейтін ақпаратты табыңыз.
4.      Мәтінде жауабы бар сұрақты табыңыз.
5.      « … » сөзіне мағыналас сөздерді табыңыз.
6.      Мәтін не туралы?
7.      Мәтін оқырманның қандай сезімін тудырады?
8.      Мәтін бойынша сөйлемдердің ретін табыңыз.
9.      Соңғы абзацта көп нүктенің орнына қандай сөз жазылатынын табыңыз.
10.  Мәтін қай үлгіде жазылған?
11.  Мәтінде неше кейіпкер бар?
12.  Мәтіннен негізгі ойын ашатын сөйлемді табыңыз.
13.  Мәтіннің негізгі идеясын анықтаңыз.
14.  Мәтін мазмұнына сәйкес мақалды табыңыз.
Слайд № 6

Мәселен, 5-сыныпқа арналған мәтіндер мен тапсырмалар оқушының ой – өрісін, зейін қабілетін жетілдіруге негіз болатын, сауаттылығын арттыру жұмыстарына көмегі тиетіндей деңгейде құрастырылған.
6 – сыныпқа жас ерекшеліктерін ескере отыра құрастырылған мәтіндер мен тапсырмалар оқушының ауызекі сөйлеу тілін дамытуға, әдеби шығармалардың идеясын түсіне білуіне жетелейді.
7 – сыныпқа арналған мәтіндер мен тапсырмалар оқушының күрделі ойлау формасының қалыптасуына, ой қорытындысын жасауға, әдеби тіл нормаларын игеруге үйретеді.
Мұндай тапсырмалар түрлері оқушылардың мәтінді түсініп оқуына және мәтіннің мазмұнын толық игеруіне көмектеседі, ой-өрісін дамытады, зейін қабілетін жетілдіреді.

Слайд № 7
Қорыта келгенде, оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту – бүгінгі заман талабы. Өз мамандығын толық меңгерген жоғары деңгейлі оқытушының  алдынан шыққан оқушы – өмір айдынындағы өз жолын адаспай табады, азамат болып қалыптасады. Бұл ұстаз үшін абырой, яғни үмітінің ақталғаны, әрбір мұғалім осыған ұмтылса ұрпақ алдындағы қарыздың өтелгені.

Қазақ тілі сабақтарында оқушылардың функционалдық сауаттылықта-рын дамытудағы негізгі идея-ларымен танысады. Әдістемелік көмекші оқу құралымен танысады.
Имитациялық ойын. Орындалған жұмыстарды жарнамалау Бүгін мен өзімнің тәжірибеммен бөліскім келеді. Сіздер 3 топқа суреттер бойынша бөлініп отырсыздар.Ассоциограмма

«Демалыс» сөзін естігенде сіздерде қандай ассоциациалар туындайды? Біздің қаламыздағы сүйікті демалыс орындарын атаңыздар.

Қатысушылар суреттер бойынша 3 топқа бөлінеді. «Демалыс» сөзіне байланысты өздерінің сүйікты орындарын айтады. Шеберлік-сынып қатысушыларының іс-әрекетін белсендіру, «Қазақ тілі сабақтарында оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын дамыту» тақырыбын қарастыруда топтық  жұмыс түрлеріне уәждеу.
Ой шақыру кезеңінде тақырыпты анықтау мақсатында «Аквапарк» бейнеролигін тамашалау ұсынылады. Бейнероликті көріп, тақырыпты анықтайды. Меңгерілетін тақырыпқа қызығушылықтарын ояту.
Мағынаны тану кезеңінде шеберлік-сынып қатысушыларына жаңа лексикамен танысу , мәтінмен жұмыс  орындалмай тұрып, мәтін не туралы болатыны жайлы өз ойларын білдіру ұсынылады.  Әрі қарай әр топ мәтінмен жұмыс жасайды. Топтар өздеріне берілген мәтін үзінділерін оқиды, көп нүктенің орнына мағынасына сай сөздерді қояды, мазмұнын айтады.

Әр топқа өз мәтіндері таратылады. (Қосымша 2)

Демалыс күні отбасымызбен бірге қаладағы аквапаркке  баруды … . Таңертең таңғы  астан кейін бәріміз жолға жиналдық. Інім екеуіміз жүзуге керекті заттарымызды жинадық. Сөмкеге …. ….. , резеңке баскиім,  аяқкиім, сүлгі, сабын, жуынатын гель салдық.
Қаламыздағы аквапарк Медведев көшесінде орналасқан. Оған дейін нөмірі екінші автобуспен бардық.
Аквапарктың ауласында белгілі мультипликациялық Врунгель кейіпкерінің ескерткіші орнатылған. … …  тұрған кассалардан турникеттен өтетін … сатып алдық. Киімжайда киімдерімізді ауыстырып, жеке шкафтарға салып кеттік.
Аквапарк үлкен екен. Ішінде түрік хамамы, орыс моншасы, фин саунасы, 25 метрлік бассейн, төрт джакузи,  фитнес клуб, СПА салоны, солярий, жеті сулы атракцион , медициналық бөлме,  «Камбуз» деген дәмхана бар екен. Біз бассейнде жүздік, атракциондарда ойнадық, дәмханада … ..

Демалыс күніміз қызықты, көңілді өтті.

Топтық жұмыс. Мәтін үзінділерін оқиды, көп нүктенің орнына мағынасына сай сөздерді қояды, мазмұндайды. Қатысушылар жаңа лексиканы меңгереді, керекті сөздерді қоя алады, толық нұсқасын құрастыра алады, мазмұндайды.
Шеберлік-сынып қатысушыларына функционалдық сауаттылықты дамытуға арналған мәтін бойынша тапсырмалар беріледі.

1-топқа аквапаркке баруға қажетті заттардың тізімін жинау.

2-топқа карта бойынша аквапаркке баратын жолды белгілеу.

3-топқа аквапарктегі қызмет түрлерін анықтау тапсырылады.

Екі жұлдыз – бір тілек» стратегиясы бойынша орындалған жұмыстар бойынша өзара бағалау ұсынылады

Топтық жұмыс. Постер құрастыру

Өзара бағалау

 Қажетті заттардың тізімін жинайды, баратын жолды белгілейді, қызмет түрлерін анықтайды.

Өзара бағалауды жүргізеді.

Рефлексия. Шеберлік-сыныптың соңында біздің жұмысымызды бағалауды өтінеміз.  Әр қатысушыға 3 түрлі стикер беріледі.

Қызғылт түсті стикерге  (+)  жағымды эмоция туғызған барлық фактілерді жазыңыз.

Көк түсті стикерге (-) өткізілген шеберлік сыныбына қандай түзетулер енгізгіңіз келетінін белгілеңіз.

Сары түсті стикерге (қызықты) өткізілген шеберлік-сыныбының сізге қызықты болып көрінген  тұстарын жазыңыз.

Қатысушылар мұғалімдердің шеберлік сыныбына рефлексия жасайды. Кері байланыс

 
Үлестірме материал:   А3 парағы, маркерлер, 3 түсті стикер, суреттер, мәтін (Қосымшаны қарау)
Қосымша 1. Бейнеролик « Аквапарк»
Қосымша 2. Мәтін

Демалыс күні отбасымызбен бірге қаладағы аквапаркке  баруды … . Таңертең таңғы  астан кейін бәріміз жолға жиналдық. Інім екеуіміз жүзуге керекті заттарымызды жинадық. Сөмкеге …. ….. , резеңке баскиім, резеңке аяқкиім, сүлгі, сабын, жуынатын гель салдық.

Қаламыздағы аквапарк Медведев көшесінде орналасқан. Оған дейін нөмірі екінші автобуспен бардық.

Аквапарктың ауласында белгілі мультипликациялық Врунгель кейіпкерінің ескерткіші орнатылған.  … …  тұрған  кассалардан турникеттен өтетін … сатып алдық. Киімжайда киімдерімізді ауыстырып, жеке шкафтарға салып кеттік.

Аквапарк үлкен екен. Ішінде түрік хамамы, орыс моншасы, фин саунасы, 25 метрлік бассейн, төрт джакузи,  фитнес клуб, СПА салоны, солярий, жеті сулы атракцион , медициналық бөлме,  «Камбуз» деген дәмхана бар екен. Біз бассейнде жүздік, атракциондарда ойнадық, дәмханада … .       Демалыс күніміз қызықты, көңілді өтті.

 

Қосымша 3.  Тапсырмалар

  1. Аквапаркке баруға қажетті заттардың тізімі
  2. Аквапаркке баратын жол
  3. Аквапарктегі қызмет түрлері

 

Қолданылған әдебиет

  1. «Функционалдық сауаттылық – сапалы білім берудің кепілі» (Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері мен 5-7 сыныптарға функционалдық сауаттылықты арттыру бойынша көмекші оқу құралы), Петропавл 2016
  2. Ғаламтор көздерінен

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

*

code